Буддизм дінінің шығу тарихы

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Ең ежелгі дін саналатын индуизм діні 5 мың жыл бұрын негізі қаланды деген түсінік бар. Бес мың жыл бұрын ұлы ғұлама Вьясадева ежелден адамзат қолданып келген санскрит тілінде жазылған веда ілімдерін жаңа басталған Кали юга дәуірінің адамдарына лайықтап қайта жазды. Төртінші дәуір болып саналатын темір ғасыры, яғни Кали юга заманында адамдардың өмір жасы қысқарып, жады нашарлайды және дінсіздік пен күнәкарлық белең алады. Міне, осыны ескерген данышпан бұрын бүтін болып келген веда ілімін 4 бөлікке бөледі: Риг веда, Сама веда, Яджур веда, Атхарва веда. Вьясадева онымен де шектелмей, қараңғы түнек заманның адамдарына ыңғайлы және түсінікті болуы үшін ведаларға түсініктеме түрінде Шримад Бһагаватам кітабын жазады.

Осыдан 5 мың жыл бұрын басталған Кали юга заманы өз күшіне еніп, соған байланысты адамдардың арасында күнәкарлық күшейе түседі. Бұрын қолданылып келген веда ілімдері бұрмаланып, брахмандар басқаны қойып, ет жеуге көше бастайды. Олар құрбандық дегенді сылтауратып, жануарларды құрбанға шалуды көбейтеді. Осыны тыю үшін 2,5 мың жыл бұрын Үндістан аумағындағы саки тайпасының патшасының баласы Сидхарта Гаутама жаңа дінді ойлап табады.

Сидхарта Гаутама – жәй адам емес еді. Ол Құдайдың таралымы, яғни аватары болатын. Будданың келетіні туралы данышпан Вьясадева 5 мың жыл бұрын жазған Шримад Бһагаватам кітабында нақты айтқан. Кітапта адамдар құрбандықты сылтау етіп, жануарлардың қанын суша ағыза бастаған заманда, Тәңірі Будда келіп, жаңа діни қағидат орнатып, жануарларды өлтіруге тыйым салатындығы туралы айтылған.

Өткен ғасырдағы ресейдің атақты ғалымы Григорьевтің «Древние племени саков» деген монографиясында буддизм дінінің негізін салған Будда Сакьямуни атанған Сидхарта Гаутама сақтан шыққан патшазада деп жазады. Қазіргі Қазақстан аумағын мекен еткен ежелгі сақ тайпаларының бір бөлігі қолайлы жайылымдық жер іздеп оңтүстікке жылжи отырып, Үндістан аумағына жетеді. Міне, сол Үндістанды мекен еткен сақ тайпасының патшасының ұлы Сидхарта Гаутама 29 жасында дүниені тәркі етіп, ақиқатты іздеу жолына түседі.

Ол бодхи аталған қасиетті ағаштың түбінде 29 күн үздіксіз медитациямен айналысып, ақыл-ойын бір нысанға шоғырлау арқылы самадхи аталатын рухани биік деңгейге жетеді. Буддаға ақиқат ашылып, ол өзін және барша әлемнің негізі саналатын ақиқат қуатты таниды. Осыдан кейін Будда жаңа дінді айналасындағыларға таратады, алдымен Үндістанның бір аумағына таралған дін кейін келе басқа өңірлерге де таралады.

Буддизм діні әсіресе Ашок патшаның кезінде кең танымал болып, бүкіл Үндістан аумағына таралып, бірден бір үстем дінге айналады. Кейінірек діндар миссионерлер буддизмді көрші елдерге, оның ішінде Бирма, Непал, Қытай, Тибетке таратады. Осылайша, жаңа дін біздің дәуіріміздің басында Индия аумағынан шығып, Шығыс елдеріне кеңінен тарала бастады.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика