
Өткенді білу болашаққа бағдар ұстау үшін керек, өйткені қателіктерден сабақ алып, жетістіктерді одан әрі жалғастыру арқылы ғана биік нәтижелерге жетуге болады. Тарихты білу сондай-ақ, өткен аға ұрпақтың мақтаныш етер игі істерін үлгі етіп, ұлттық намыс, рухты көтеруге үлкен ықпалын тигізеді. Рухы мықты ел ешқашан жоғалмайды, ешкімге намысын таптатпайды.
Таяуда әлеуметтік желілерде 1812 жылғы Напалеонның Ресейді жаулап алу соғыстарында орыстардың жеңіске жетуіне қазақ сарбаздарының үлкен көмегі болғандығы туралы ақпарат жарияланды. Ватерлоо түбіндегі Напалеонның жеңілісі француз империясының тарихында үлкен қаралы оқиға болып қалғандығы белгілі. Осы оқиғаның 200 жылдығына орай француздар ұйымдастырған шараға Қазақстан делегациясы да қатысады. Неге екені белгісіз, француздар қазақтар құрған киіз үйге көп келіп, тіпті оны шараның құрметті орталық алаңына орнатуды ұсынады. Сол шараға қатысқан бір қазақ киіз үйге келген француз генералынан олардың қазақ мәдениетіне сонша үлкен көңіл бөлулерінің себебін сұрайды. Сонда генерал француздардың орыстардан оңбай жеңілуіне қазақтардың әскерінің үлкен ықпалы болғандығын айтып беріпті.
(далее…)