Мәскеудегі «Крокус сити» концерт залындағы терактіден қаза тапқандардың саны 143-ке жетіпті. Жарақат алғандар саны 200-ден асады. Мұндай концертке зейнеткер қариялар бармайтыны белгілі. Өрімдей жас қыз-жігіттердің қыршынынан қиылуы үлкен трагедия. Терактіні жасаған кім деген мәселе төңірегінде интернетте әртүрлі алыпқашты пікірлер айтылуда. Дегенмен, аталмыш терактіні біз жасадық деп ИГИЛ экстремистік ұйымының мойнына алуы айтылып жатқан әртүрлі пікірлерге тосқауыл қойғандай.
2003 жылы Иракта пайда болып, кейін Сирияда, басқа да бірқатар елдерде соғыс әрекеттерін жүргізген өздерін ислам мемлекеті атаған ИГИЛ ұйымы қазір көп жерінен айрылып, қуаты әлсірегенімен, түрлі лаңкестік әрекеттер жасауға қауқары бар. Сондықтан, алғашында терактіні Украина ұйымдастырды деген бағытты ұстанған ресейлік ақпарат құралдары ИГИЛ ұйымының Телеграм каналында жариялаған ақпаратынан кейін біршама тыйылғандай болды. Осы терактіні жасады деген күдікпен қолға түскен 4 Тәжікстан азаматы қаншалықты кінәлі екендігін тергеу барысы анықтай жатар, ең бастысы бұл сойқанның сыртында ИГИЛ сияқты экстремистік ұйым тұрғаны қазір айдан анық болып отыр.
(далее…)





