Дәрі-дәрмек ішу арқылы денсаулықты жақсартуға бола ма?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

су құйынуӨзім тұратын Көкшетаудың «Бурабай» деп аталатын мөлтекауданында бес дәріхана, бір емхана мен екі дәрігерлік амбулатория бар. Емханалар мен ауруханалар, дәріханалар саны жыл сайын көбейіп барады. Бірақ соның бәріне қарамастан аурулар саны азаяр емес, керісінше қай уақытта барсаң да емханада иін тірескен кезек күткендерді көресің.

Дәрі-дәрмек ауруды жазбайды, тек уақытша тоқтатады

Бірде дәрілік шөптен жасалған фито шәй алайын деп дәріханаға кіре қалдым. Бірнеше адам кезекте тұр екен. Олардың әрқайссы бірнешеден дәрі-дәрмек сатып алды. Ал менің алдымда тұрған жас келіншек өзі, күйеуі және баласы үшін бір пакет дәрі-дәрмек сатып алды. Қыруар ақшасын дәріге шығарған әлгі келіншек сияқтылар қай жерде де жетерлік.

Егер дәрімен аурудан айығуға болса, онда бүгінде әлемде бір де бір ауру қалмас еді. Қазір не көп, дәрі жасайтын кәсіпорындар, дәріханалар, емханалар мен ауруханалар көп. Ауырған адамдар ауруханада айлап жатып, көптеген дәрі қабылдайды. Бірақ ауруханадан шыққан соң, көп ұзамай басқа дерттер бас көтеріп, тағы емханаға барады. Осылай жалғаса береді.

Дәрі-дәрмек ауруды жазбайды, тек уақытша ауырғанды тоқтатады дейді аюрведа мамандары. Сондай-ақ, химиялық жолмен жасалатын дәрі-дәрмектердің кері әсері де аз болмайды. Емделемін деп жүріп басқа ауру тауып жататындар да бар.

Аурудан қалай айығуға болады?

Менің бір танысым бар. Жасы елуден енді асты. Өзім араласқан соңғы онжылдықтың ішінде оның сау жүрген кездерін сирек көрдім. Бір басында қырық түрлі дерті бар. Кездескен жерде «ана жерім, мына жерім ауырады» деп ауруы жайында әфсәнаны бастап кетеді. Қай емшіге барғанын, қандай дәрі қабылдағанын, қандай ауруханаға жатқанын жыр қылып айтып тауыса алмайды.

Соңғы жеті-сегіз жылда ол жұмысты мүлдем тастап, ауруын күйттеп кетті. Әйелі, екі баласы бар. Зайыбы балаларын және қол-аяғы балғадай күеуін асырап, бағады. Бірде оның әфсәнасын тыңдап болған соң «аурудан жазылудың ең сенімді жолын айтайын ба?» дедім. Ол маған таңырқай қарады.

Күнде таңертең ерте тұрып, мұздай суға шомыл, отыз-қырық минут дене жаттығуын жасап, екі-үш шақырым жүгір. Таңғы тамақты ішкен соң бірер сағат таза ауада жүріп серуенде, бір мезгілде жатып, бір мезгілде ұйқыдан оян, тамақ ішу тәртібін сақта. Міне, солай жасасаң бойыңдағы бар дертіңнен арыласың дедім.

Жалқаулық мойнына әбден мініп алса керек әлгі танысым мынаны естігенде «қайдан, болмайды ғой, қан қысымым жоғары, омыртқам қисайған, дене жаттығуын жасауға, жүгіруге, мұздай суға шомылауға болмайды» дейді. Әлгі танысыммен жақында көшеде кезедсіп қалдым. Ол тағы сол баяғысынша аурулары жайындағы әфсананы айтуға кірісті. Енді бұрынғы ауруларына жаңа басқа дерттер жамалыпты.

Ажалды жеңген әйел

Көкшетаудан шығатын «Шығыс спорт өнерлері» деген спорттық басылымда қызмет етіп жүргенімде қалада тұратын Ирина Чичкарева деген әйел туралы сұхбат жаздым. Алпыстан асқан әлгі әйел күнде таңертең далаға шығып жалаңаяқ тұрып, екі шелек су құйынады екен. Ол осы әдетін ондаған жылдардан бері жасап келеді.

Бұрын аурушаң, әлжуаз болған әлгі әйел дертке шалдығып, содан ауруханаға барады. Дәрігерлер оған «жарты жыл ғана ғұмырың қалды» деген үкім шығарады. Өлгісі келмеген келіншек әлдекімдердің айтуымен сол тұста тарала бастаған Порфирий Ивановтың шынығу тәсіліне бой ұрады. Қазір ол ауруханаға баратын жолды ұмытқан. Ауырмайды, дәрі-дәрмек сатып алып ішпейді.

Мұндай жандар сирек те болса әр өңірде кездесіп қалады. Олардың өмір тәжірибесі аурырмаудың жалғыз амалы салауаттылық екенін айғақтайды. Өкініштісі сол, бұл шындықты көп адамдар біледі, бірақ жалқаулық деген аурудың салдарынан ауырмаудың бұл қолжетімді және сенімді тәсілін қолдануға екінің бірі ниет ете бермейді. Ондайлар әлгі менің танысым сияқты бар ақшасын дәрі-дәрмек алуға жұмсап, өмірінің жартсын емханаларда кезек күтумен немесе дәрі сасыған аурухана палаталарында жатумен өткізеді. Өкінішті-ақ…
 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика