237 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

Қасиетті Құранда зина жасау аса ауыр күнә екендігі айтылған аят бар. Інжілде де зина жасау, яғни ер мен әйелдің некеден тыс байланысы ауыр күнә болып табылады. Дәстүрлі діндердің бәрінде осындай күна жасаған әйел мен ер адамның ауыр жазаға тартылатыны діни қағида ретінде қарастырылған. Ислам, христиан діндерінде зина жасаған ер мен әйел адамға халық тас лақтырып өлтіру дәстүрі бар. Басқа діндерде де зинақорлар аяусыз жазаға тартылады. Знақорлық неге ауыр күнә болып саналады, енді осы жайына тоқталайық.

Адамды фәни дүниеге байлайтын шынжыр бұғау

Веда ілімінде мына өзіміз өмір кешіп жатқан фәни әлемді – майтхуна агаре деп атайды. Бұл ер мен әйелді жыныс жақындығына құмарттыру арқылы бір-біріне үзілмейтін берік шынжыр бұғаумен байлау деген мағынаны білдіреді екен. Шындығында, материалдық әлемге адамды ынтық қылатын ең құдыретті күш – жыныс жақындығына деген құштарлық.

Өзін өзі дамыту ғылымының білгір сарапшыларының бірі Сайдмұрад Давлотов мақсатқа жетуде ең негізгі рөлді атқаратын – ынталылықты тудыратын қуат – жыныс жақындығына деген қуат екендігін айтады. Адамдардың өміріне әсер ететін қуаттардың түрі көп, солардың ең бастысы – ер адам мен әйелдердің бір-біріне деген құштарлығы. Давлотов осы құштарлықты байлыққа деген құштарлықпен ауыстыру арқылы бақуатты болу мәселесін шешуге болады деп санайды.

Иә, бір қуаттың түрін екінші қуатқа айналдыруға болады. Жыныс жақындығына деген құштарлықты бизнеске, ғылымға, өнерге деген құштарлыққа айналдыра алған адам сол салаларда адам айтқысыз үлкен нәтижелерге жетіп жатады. Бұл – дәлелденген шындық.

АҚШ-тың бір орталығы ер адамдар әр төрт минут сайын әйел туралы ойлайтынын сұрау салу және зерттеу арқылы анықтапты. Қазір барлық дерлік жарнамаларда жалаңаш әйелдер бейнеленген. Одан қалды көшеде кездесетін қыз-келіншектердің көбі жалаңаш-жалпы жүреді. Осындай ортада жүрген еркек лажсыздан үнемі әйел туралы, жыныс жақындығы жайында ойлауға мәжбүр болады. Бұның өзі ер мен әйелді бір-біріне байлап, отбасының болашағы, балалар жайлы емес, нәпсі құштарлығын қанағаттандыруды ғана ойлауға құлшындырады. Осылайша, оларды нәпсінің құлақ кесті құлына айналдырады.

Арсыздық құрдымына құлау

Жыныс жақындығына деген қолжетімділік адамдарды арсыздықтарға, нәпсінің құлақ кесті құлы болуға еріксіз итермелейді. Некеден тыс жақындықты айыптайтын діни тыйымдар алынып тасталған соң қазір адамдар арасындағы арсыздықтар жаппай белең алып кетті. Жезөкшелік, еркек пен еркектің, әйел мен әйелдің, одан қалды адамның хайуандармен жақындасуға бейімділігі қазір ешкімді таңғалдырмайтын болды.

Жас қыз, ер балаларды зорлау оқиғалары соңғы жылдарда белең алып барады. Педофиль деп ат қойған осындай құбылыс еліміздің барлық өңірінде кездеседі. Ата сақалы ауыздарына түскен егде адамдардың немересіндей жас бала немесе қызды зорлауы адамның арсыздықтың құрдымына құлағанын анық көрсетеді.

Зина жасаудың, яғни еркек пен әйелдің некеден тыс жақындығының адамды арсыздыққа құлатып, нәпсінің құлы ететіндігін қазір көзімізбен көріп, күн сайын дерлік куәсі болып жүрміз. Осыған қарап: дәстүрлі діндерде неліктен зина жасау үлкен күнә саналғанын бағамдауға болады. Зинақорлық кез-келген адамды нәпсінің құлы етіп, ақыл-естен, ұяттан жұрдай етеді. Зинақорда ұят та, ар да, намыс та, ақыл да болмайды. Ол хайуан, тіпті одан да төменгі деңгейге құлдырайды. Міне, зинаның адам үшін қауіптілігі дәл осында болса керек.

Өз капиталыңызды жасап алуға мүмкіндік беретін қолжетімді құрал. Сіз салған ақшаңызды қысқа мерзімде екі есеге көбейте аласыз. Толық ақпаратты төмендегі сілтеме арқылы сайтқа кіріп алауға болады: https://seixun.ru/?page_id=552

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика