Дәстүрлі діндердің негізі және түпкі мақсаты

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

тамұқОйдан шығарылған діни ағымдардан бөлек Жаратқаннан бастау алған дәстүрлі діндердің бәрінің түп негізі және мән-мақсаты бір. Ол – адамдарды күнәдан арылтуға жағдай жасау, олардың Аллаға деген үміті мен сенімдерін, сүйіспеншілігін арттыру және екі дүниенің де игілігіне кенеліп, бақытқа бөленулеріне мүмкіндік ашу. Өкініштісі сол, бүгінде әлем халықтары ұстанатын бес дәстүрлі діннің бесеуі де осындай талап биігінен көріне алмай отыр.

Үш сатылы ақиқат

Әлем халықтары ұстанып отырған негізгі бес дәстүрлі дін бар, олар: иудейизм, ислам, христиан, буддизм және индуизм. Өкінішке орай, бүгінде материалист филосовфтарды былай қойғанда, діни пәлсапамен айналысатын жандар да соңғы екі дінді, әсіресе индуизмді дін деп санамайды. Ал, егер шындыққа тура қарайтын болсақ, индуизмді 800 миллиондай халық ұстанып отыр. Егер ол теріс жол болса, сонша халықтың ғасырлар бойы ақиқаттан адасып, теріс жолда жүргені ме? Блогымызда дәстүрлі діндерге жеке-жеке тоқталып, оларға терең сипаттама беретін арнайы мақалалар жазу жоспарымызда болғандықтан, бұл мәселені осы арадан тоқтата тұрайық.

Кез-келген ақиқатты білу үшін зерттеу субьектісінің барлық қырын қарап, талдау қажет болады. Оның бір жағына ғана назар аударсақ, онда толымды түсінік ала алмаймыз. Сол сияқты дәстүрлі діндер, жалпы дін туралы толығырақ білгіміз келсе, онда бес дәстүрлі діннің негізі мен мән-мазмұнын, мақсатын талдап, ұқсас немесе ұқсамайтын жақтарын таразылау қажет болады.

Осы аталған бес дәстүрлі дінге назар аударып, талдау арқылы оларды былайша топтауға болар еді: 1) иудейзм, христиан және ислам діндері (бұлар өзара ұқсас және түп негізі мен мақсаты, философиялық тірегі бір); 2) буддизм және 3) индуизм.

Иудейзм, христиан және ислам діндерінің философиялық басты тірегі – ҚОРҚЫНЫШ, яғни Жаратқанның алдындағы қорқыныш деп айтуға болады. Бұл діндердің бәрінде адам жасаған күнәлары үшін міндетті түрде Алланың сотына тартылып, тозақ азабына ұшырамақ. О дүниенің азабы өз алдына, күнәкар пенде осы дүниеде де жасаған жамандықтары үшін тауқыметке ұшырамақ.

Бала кезімізде бізді ата-анамыз жылағанда «диуана келе жатыр, жылаған баланы дорбасына салып алып кетеді» деп қорқытатын. Сонда қорыққанымыздан жылғанымызды қоя қоятынбыз. Жалпы ақылы толыспаған кішкентай баланы тыныштандырудың, жағымсыз әрекеттерден аулақтандырудың бірден бір жолы – қорқыту екені ешкімге құпия емес. Ертеде молдалар немесе мұғалімдер тәртіпсіздік жасаған баланы қамшымен немесе шыбықпен дүрелеп отырған.

Сол сияқты жоғарыда аталған үш дәстүрлі діннің негізгі ітрегі де ҚОРҚЫНЫШ екенін көреміз. Алланың қаһарынан қорқу, тозақтың азабынан қорқу – ислам, христиан, иудей діндерінің түп қазығы болып табылады.

Ал буддизм дініндегі жағдай бұған қарағанда басқалау. Онда ең алдыңғы орынға – БІЛІМ шығарылады. Буддашы тақуалар өле өлгенше медитациямен айналысып, ұстаздың көмегімен түрлі  философиялық кітаптарды оқиды, білімін арттырады. Мәселен, ақылы толысқан баланы енді бұрынғыдай «диуана алып кетеді» деп қорқыта алмайсың. Оған сондықтан, істің жайын түсіндіріп, мынау жақсы, мынау жаман деп үйрету қажет болады.

Индуизм дінінің басқа дәстүрлі діндерден ерекшелігі көп тармақтылығында. Шындығында сырт қарағанда ол бір-біріне қайшы келетін көптеген діни түсініктерден тұратындай болып көрінгенімен, олардың түп негізі бір болып табылады. Индустарда иога, яғни Жаратқанмен байланысу ілімі сан түрлі болып келеді. Бірақ олардың бәрінің басты мақсаты – бһакти иог деңгейіне жету болып саналады.

Ал бһакти дегеніміз не? Ол – Жаратқанға махаббатпен беріліп құлшылық ету. Бһакидің басты және бірден бір негізгі мақсаты Жаратқанға деген МАХАБАТТЫ дамыту. Мәселен, ержетіп, есейген адам ата-анасын қорыққанынан немесе маған қамқор болып асырайды деген ниетпен емес, сүйіспеншілік арқылы сыйлайды. Қартайып, күш-қуаты қайтқан ата-аналарын асырап, қамқорлығына алатын балалары олардың әрдайым ақылын тыңдап, сәл ауырып қалса тағатынан айрылып көмектесіп, қамқор болып жүреді. Мұның астарында – ата-анаға деген махаббаттың жатқаны анық.

Осы жайлардан түйеріміз: бес дәстүрлі діннің сүйенетін негізі үш басқа сияқтанғанмен, олар бір бағытта адамды дамытатын ҮШ САТЫЛЫ АҚИҚАТ болып саналады.

Дін өзгерген жоқ, адам өзгерді

Сөзіміздің басында айтып кеткеніміздей, бүгінгі күні бес дәстүрлі діннің бесеуі де өз міндетін атқара алмайтын болып қалды. Неге десеңіз, бұның себебін дәстүрлі діндердің өзгеруінен немесе қуатынан айрылып, ақиқат емес, жалған жолға айналуынан емес, керісінше оны ұстанатын адамдардың өзгеруінен, олардың тура жолдан адасуларынан іздегеніміз жөн болады.

Жыл сайын мыңдаған кәмелетке толмаған балалар католик шіркеуі монахтарының зомбылығына ұшырайды екен. Бұл ойдан шығарылған жай емес, өмірде орын алып отырған факт.  Дүниенің бар қызығын тәркі қылып, монах болған христиан пірадары ер баланы зорлап, ақылға сиымсыз арсыздыққа неге барады? Оның астарында христиан дінінде негізделген Құдайдан қорқу сезімінің жоқтығы жатқанын бағамдау қиын емес.

Ал Құранның «егер бір мұсылман екінші мұсылманды қасақана өлтірсе, барар орны тозақ» деген аятын қаперлеріне алмай, қолдарына қару алып жазықсыз жандарды (оның көбі өздері сияқты мұсылмандар) күн сайын өлтіріп жатқан ислам экстремистерінің әрекетін не деп бағалауға болады? Бұл да өздерін мұсылманбыз деп санаған, бес уақыт намаз оқып, оразасын ұстап жүрген әлгілердің бойындағы Алланың алдындағы ҚОРҚЫНЫШТЫ ұмытудан болған надан әрекет екені ешкімге құпия емес.

Сол сияқты еврейлер де Мұса пайғамбар арқылы берілген Алланың заңдарын ұмытып, нәпсі жолына түсіп кетті. Буддашылар, индустар да өздеріне белгілеп берілген жолдан ауытқып, дүниауи тірліктің ықпалында жүр.

Ақиқаттан безудің салдары

Қасиетті Құранда Алла белгілеп берген ақиқат жолын бұрмалаған пенделерге Жаратқан тарапынан әр заманда түрлі апаттар келіп, жойып жіберіп отырғандығы туралы сүрелер көп. Ондай апаттар топан су қаптау, жанартау атқылау, құрғақшылық, жер қозғалысы, т.б. түрінде келіп отырған.

Қазір біз Алла тарапынан жіберілер сондай апаттардың болмауынан хабардармыз ба? Жоқ. Адамдардың қазіргі жасап жатқан КҮНӘЛАРЫНЫҢ көптігі сондай, одан қара жер қарыс айрылардай. Лұт пайғамбардың нәсілінің опат болуына себеп болған ер адамдардың бір-бірімен жақындасуы болғаны мәлім. Ал қазір гей деп аталатын АРСЫЗДАР әлемнің бар елдерінде бар және қатары күн санап көбейіп барады. Таразыдан кісі ақысын жеген Селих пайғамбардың нәсілдері сияқты адамдарды алдап, алаяқтықпен айналысатындар қай жерде де жетерлік.

Түйін: Құран жәй ойдан шығарыла салған ертегі емес. Егер онда адамдардың жасаған күнәлары үшін бұл дүниеде түрлі тауқымет және апат түрінде ЖАЗА берілетіні, ал о дүниеде ТОЗАҚ ОТЫНА ҚҰЛАТЫЛАТЫНЫ айтылса, бұл АҚИҚАТ деген сөз.

Адамдардың көбі Алланы да, оның қасиетті кітаптарын да, пайғамбарларын да, о дүниені және Алла тарапынан жіберілер қорқынышты АЗАПТАРДЫ да мүлдем қаперінен шығарған. Олар суда ойнаған шабақтай асыр салып ойнап жүр. Қаперсіз пенделер АПАТТЫҢ, АЗАПТЫҢ күтпеген жерден келерін мүлдем сезбейді.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика