0 көрілім

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Адамзат ұстанатын 5 дәстүрлі дін болса, олардың бәрінде болашақта адамзатқа ақиқат дін әкеліп, молшылық қоғам орнататын қайрымды құтқарушы туралы көріпкелдік болжамдар бар. Ислам дінін ұстанатын мұсылмандар діни шарттар бұрмаланып, діннің қадір-қасиеті қаша бастаған кезде келетін имам Махдиді күтуде. Мұсылмандардың ұғымынша, имам Махди ислам дінін қайта қалпына келтіріп, әлемдік ең беделді дінге айналдырады және мұсылман елдерінің басын қосып, үлкен халифат орнатады.

Христиан дінін ұстанушылар Иса мәсих көктен қайта түсіп,  мың жылдық Құдай патшалығын орнатады деп сенеді. Иудейлер Машиах деген пайғамбарды күтуде. Буддашылардың сенімінше, буддизм діні тоқырауға ұшыраған тұста келетін Будда Майтреи дінді қайта жаңғыртып, дамытады. Индуизм дінін ұстанушылар Кали юга дәуірінің соңында жер бетіне түсіп, құдайсыз дінсіз пенделерді түгел жойып, орнына жаңа нәсіл әкелетін және Алтын ғасыр – Сатья юганы орнықтыратын Калки аватарды келеді деп сенеді.

Көріп отырғанымыздай, дәстүрлі бес діннің бәрі де дін бұрмаланып, тоқыраған тұста келіп, қасиетті дінді қайта жаңғыртатын, халық арасында әділетті қоғам орнатып, ақиқат дінді қалпына келтіретін құтқарушыны келеді деп күтуде. 

Аталмыш дәстүрлі діндердегі осындай түсініктің болуына орай өздерін құтқарушымыз деп жариялап, жұртшылықтың назарын аударғысы келетін жалған пайғамбарлар әредік бой көрсетіп қалады. Осы кезге дейін 300-ден астам жалған Иса мәсих шығыпты. Олардың арасында, тіпті христиан емес, басқа дінді ұстанатын жапондар мен малайзиялықтар да бар екен. Ер адамдарды қойып, әйелдер де өздерін Иса мәсихпін деп жариялап жатқан жағдайлары ұшырасады.

Жалған Будда Маитрей, имам Махди, аватар Калкилер де жетерлік. Олардың арасында қазақ ұлтынан шыққан жалған пайғамбарлар да бар. Жамбыл облысында тұратын біреу өзін имам Махдимін деп жариялап, Алланың елшісімін деп жарияға жар салды.

Інжілдегі айтылған Ақырзаманның белгілерінің бірі – жалған пайғамбарлардың шығуы. Ондайлардың көптеп шығуы Ақырзаманның жақын қалғандығының бір белгісі болса керек.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика