Дін: күнгейі мен көлеңкелі жақтары

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Қазіргі күні әлем халықтары ұстанатын негізгі 5 дәстүрлі дін бар, олар: ислам, христиан, иудей, буддизм және индуизм. Осы дәстүрлі діндердің арасындағы ең жасы саналатын ислам дінінің пайда болғанына 1,5 мың жылдан астам уақыт өтіпті. Ең ежелгі дін саналатын индуизм 5 мың жылдан бастау алады. Яғни, бұл діндер адамзатқа мыңдаған жылдар бойы қызмет етіп келеді.

Дін ілімі

Жоғарыда аталған бес дәстүрлі діннің бәрінде өз діндерін ғылыми негізде дамытуға біршама көңіл бөлінген. Десе де, соңғы кезде сол дінді зерттеп-зерделейтін дін ілімі біршама тоқырап, дамымай қалған жайы бар. Соған орай, дін ілімі деген діни шарттар мен парыздарды тізбектейтін немесе құрғақ уағызға құрылған ережелер болып қалғандай.

Дәстүрлі діндердің арасындаы ең ежелгісі және өмірдің барлық саласын қамтитын ғылымға негізделгені – индуизм діні немесе оны ведалық ілім деп атайды. Ведалық ілімде дінге қатысты жан-жақты және терең түсінік берілген. Ол жалғыз индуизм дініне ғана емес, барлық дінге қатысты.

Сонымен ведалық түсінік бойынша жалпы дін атаулы мазмұны мен сыйпатына байланысты 3-ке жіктеледі. 1-карма канда; 2- гияна канда; 3- упасана канда. Енді осы үш сыйпатына жан-жақты және тереңірек тоқталып өтелік.

Карма канда сыйпатын қамтитын діндер адамдарды материалдық игілікке жетуге ынталандырады. Діни шарттарды орындау арқылы пенде осы өмірде қалаған игіліктеріне жетіп, бақытты ғұмыр кешеді, ал тәнін тастаған соң жұмақ планеталарына барып және игілікке кенелмек.

Гияна канда – діни ғылым-білімді басты орынға қоятындықтан, оны ұстанған жан бар өмірін дін ілімін оқып үйренуге арнайды. Дін ілімін көбірек оқып, түйсінген сайын пенде мына фәнидің жалғандығын, өмірдің қиындық пен тауқыметтен тұратынын көріп, сезіне түспек. Сондықтан, бұл ілімді ұстанушылардың түпкі мақсаты – рахуни нұр болып табылатын Брахмаджиоти аталатын Жаратқанның шексіз әлемді қамтитын нұрына сіңіп жоғалу.

Уапасана канда – бұл Құдайға махаббатпен беріліп құлшылық етуді басты ұстаным етіп алған діннің саласы. Оны ұстанушылар бар өмірін Жаратқанға махаббатпен құлшылық етуге арнайды және түпкі мақсаттары – рухани әлемге жетіп, Құдайдың жанында Оған мәңгі бақи махаббатпен қызмет ету.

Ислам діні қандай дін?

Енді осы діни жіктеу шеңберінде ислам дінінің қандай дін екендігіне назар аударып көрелік. Ислам дінінінде мұсылман баласының діни шарттарды ұстанып, парыздарын орындай жүріп жететін ең басты игілігі – жұмаққа еніп бақытқа кенелу. Тәнін тастаған соң мұсылман дінін ұстанушы жасаған сауапты істеріне орай жұмаққа еніп, мас қылмайтын шарап ішіп, үрдің ару қыздарын құшып, жанға сая салқын бақтарда рахатқа батпақ.

Ведалық түсінік бойынша ислам дінін карма канда тобына жатқызуға болады. Карма кандамен айналысқан пенде қалауынша осы дүниенің де игілігін тауып, тәнін тастаған соң жұмақ планеталарына барып, о дүниеде де рахатқа кенелмек. Дегенмен, бұл игіліктердің бәрі фәни, яғни материалдық дүниенің шегінде болатындықтан, ол игіліктер де уақытша және өткінші. Бұл дүниедегі игіліктердің өткінші екенін бәріміз көріп, куәсі болып жүргендіктен оны жақсы білеміз. Ал жұмақ планетасына барып, рахатқа кенелген пенденің де сауапты істерінің қоры сарқылған соң фәни әлемге қайта келіп, тәнге ие болатынын екінің бірі біле қоймайды.

Осы өлшеммен алып қарағанда, карма канда тобына жататын ислам діні оны ұстанушыларға тек уақытша және өткінші игіліктер ғана әпереді екен. Яғни, бес уақыт намаз оқып, ораза ұстап, қайыр-садақа беріп, тіпті қасиетті жерге қажылыққа бару арқылы тапқан сауаптарыңыздың бәрі сізге тек уақытша және өткінші игілік қана әпереді. Сауапты істеріңіздің қоры таусылған күні жұмақтан кетуіңізге мәжбүр боласыз. Жұмақта мәңгі өмір жоқ.

Дегенмен, ислам дінінде карма кандамен бірге упасана канданың элементтері де бар. Ол – сопылық ағым арқылы көрініс тапқан. Әулие сопыға қол тапсырып, шәкірт болған адам ұстазының көмегімен күн сайын кем дегенде 4-6 сағат зікір айтып, бойындағы тәкаппарлық, дүниеге қызығушылық сияқты жаман қасиеттерден арылу үшін жаман киім киіп, ерікті түрде қайыршы-диуана болып қайыр сұрайды. Осындай тәсілдермен ұзақ жылдардан кейін шәкірттің жүрегі тазарып, нәпсісін тыйып, Құдайға махаббатпен беріліп құлшылық етуге жүзін бұрады. Жаратқанға деген махаббат деңгейіне жетуді сопылар фана деп атайды. Фана деңгейіне жету әулиелікке жету деген сөз. Мұндай жандар тәнін тастаған соң жұмаққа емес, Жаратқанның мекені саналатын рухани әлемге еніп, сонда мәңгі қалады.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика