635 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

102Ойдан шығарылған секталарды былай қойғанда, бүгінгі күні әлем халықтары ұстанып отырған негізгі бес дәстүрлі дін: ислам, христиан, иудейзм, буддизм және индуизм – бәрі де бұрмаланып, әр адам діни шарттарды өз бетінше түсінетін заман болды. Мына фәни әлемдегі уақыт соққысына шыдамай ескіріп тозатын барлық заттар сияқты дін де уақыт салдарынан тозып, ақырсында жоғалады екен.

Әйелді сабауға бола ма?

Күні кеше әлеуметтік желілерді шулатқан діни жоғары білімі бар, онан қалды докторантурада оқып жүрген ислам дінінің білгірі саналатын дін қызметкерінің «әйелді сабауға болады, тек еш жерін сындырмай, мертіктірмей ұру керек» деген сөзі жұртшылықтың көбінің ашу-ызасын туғызды. Ау, сонда Пайғамбарымыздың айтқан «жұмақ әйелдің аяғының астында» деп әйел-ананы құрметтеуге шақырған хадисі қайда?

Өткен жұмада мен Көкшетау қаласындағы Жақия қажы мешітіне барып, садақа беріп әруақтарға бата бағыштаттым. Бата беретін шағын бөлме адамдарға лық толып, біраз жұрт орын жетпей түрегеп тұрды. Бата берер алдында молда аздап уағыз айтты. «Егер ер адам ата-анасына тіл тигізіп, әйеліне қол көтеретін болса, онда еркектік қадір-қасиетінен айрылады» -деді молда. Ал енді мешіттің қарапайым молдасының осы сөзіне жоғарыда айтылған дін басқармасында қызмет ететін, докторантуда оқып жүрген мүйізі қарағайдай теологтың уағызы қайшы келіп тұр. Сонда кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс?

Бүгінде кіші қажылыққа кеткен әлгі теолог Пайғамбарымыз әйелді сабау керек деген дейді. Ол тіпті, әйелді сабау қажет деген хадисті де айтып кетті. Төріңде қамшы ілулі тұрсын, әйелді сонымен жон арқадан осып жібер дейді ислам дінінің білгірі. Мешітке жиналған жүздеген адам теологтың сөзін ұйып тыңдап отыр. Осыдан кейін олар үйіне барған соң әйелдеріне қол көтермесіне кім кепіл?

Дүмше молда дін бұзар

Осыдан мың жарым жыл бұрын Пайғамбарымыз арқылы түскен Құран негізінде халықты ислам дініне ұйытқан сол кезде діни шарттар да нақтыланған болатын. Пайғамбарымыз дінге қатысты барлық сауалдара нақты жауаптар беріп, ол хадис түрінде жазылып ел жадында сақталып қалды. Мұсылмандар сол жолмен жүрді.

Дегенмен, жүрегінде дерті бар, нақтырақ айтқанда нәпсіге еріп кететін пенделер Пайғамбардың хадистерін де, қасиетті Құранды да өз қалауларынша бұрмалап, өз нәпсілеріне лайықтап өзгертіп алуға әр заманда ынталы болды. Бұл тек ислам дінінде ғана емес, барша діндерде солай.

Мәселен, мен уағызын тыңдаған Жақия мешітінің молдасы нәпсіге ермеген, таза тақуа адам. Сондықтан ол Пайғамбар хадистерін бұрмаламай, әйелді сыйлау қажет деген мазмұнда уағыз айтты. Ал, докторантурада оқитын теолог нәпсінің жетегіне ерген, сондықтан ол күмәнді біреулердің жазғандарын, айтқандарын негізге алып, Пайғамбарымыз солай депті-міс деп шындықты көре-көзге бұрмалай салды. Ал оны тыңдаған адамдар шапан киіп, сәлде таққан білімді теологтың сөзіне құлай сеніп, ертең әйелдерін қамшымен жон арқадан жошытып жатуы бек мүмкін.

Діндегі мұндай бұрмалаушылықтар дін тарихының өн бойында үнемі болып келген және бола бермек. Өйткені, адамдардың арасында нәпсісіне тиым сала алмай, сезімге алданып жүргендер қашанда болған және бола бермек. Ондай пенделер мейлі, сәлде таққан дін ғұламасы бола ма, қарапайым молда бола ма, бәрібір өздері ғана емес, айналасындағыларды да адастырып жүреді.

Егер сіз дінге бой ұрып, мешітке барып намаз оқып, ораза ұстап жүрсеңіз және мешітте имамдардың уағызын тыңдасаңыз, бәрін бірдей «ақиқат» деп қабылдаудан аулақ болыңыз. Алла әр пендеге ақыл, парасат, бас және ми берген. Не үшін? Біреулердің айтқанын бас шұлғып тыңдау үшін бе? Жоқ. Өз ақылымен ақиқатты табу үшін. Ендеше, дінге бет бұрмас бұрын ең алдымен ДІН ІЛІМІН ҮЙРЕНУГЕ назар аударыңыз. Әйтпеген жағдайда, жоғарыда айтқан теолог сияқты дүмшелердің сөзіне еріп, діннен шығып кетуіңіз оп-оңай.

 

 

Артық салмақтан арылу, сұлу, сымбатты болып, өзіңізді әрдайым сергек сезіну, аурулардан аулақ болып, денсаулықты нығайту, халық емшілігі - осылардың бәрін сіз мына сайттан таба аласыз (сілтемені басып сайтқа кіріңіз): https://eatsdiet.ru/

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика