0 көрілім

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Қазақта «дүмше молда дін бұзар» деген мақал бар. Қазір исламда білімсіз дүмшелер өте көп. Олардың ислам дініне тигізіп жатқан залалын санасаң, сан жетпейді. Оларды ислам дінінің бітіспес қаскөй дұшпандары десе, артық айтқандық болмайды. Бір қарағанда сол дүмшелер өздерін исламның қорғандары сияқты, діннің игілігіне қызмет етушілер тәрізді сезінеді және сырт көзге де солай көрінеді. Дегенмен де, зер сала қарасаң, олардың әрекеттерінің дінге қаншалықты залалын тигізіп жатқанын бағамдайсың.

Соңғы кездерде әлеуметтік желілерде өздерін ислам дінінің білгір ғұламалары сияқты көрсетіп, дін туралы неше түрлі пікірлер айтатын блогерлер көбейді. Сөздерін тыңдай қалсаң, исламның дәстүрлі түсінігін бұрмалап, тіпті Құранды өздерінше тәпсірлейтінін, хадистерге, пайғамбарға қатысты ойдан шығарылған пікірлерін естисің. Өкініштісі сол, сондайлардың сөзін ақиқат деп қабылдап, соңдарынан еретін ізбасарлары да бар.

Уағызды мешітте жиналған жамағатқа ғана айтып қоймай, сондай шатпақ уағыздарын әлеуметтік желілерге салып елге тарататындар шықты. Сондайларды ұстаз деп әлдеқандай етіп дәріптеп жүретіндер  жетерлік. Міне, сондай уағыз айтушылар ислам дінін бұрмалап, оның абырой-беделіне нұқсан келтіреді және дінді қорлайды. Жоғарыда айтқанымыздай, ислам дінін бұрмалап өздерінше түсіндіретін жалған ғұламалардың шығуына осындай тайыз ойлы дүмше уағызшылар әсерін тигізіп жатқаны анық.

Сондай бір уағызшының тикток желісінен мынадай әңгімесін тыңдадым. Әлгі уағызшы айтады: бір күні бір сахаба пайғамбардың үйіне келіпті. Үйінде ешкім жоқ екен. Қатты шөлдеп келген ол  жерде тұрған бірнеше құмыраны көреді. Біреуінің ішінде су бар екен. Ол сіміріп ішіп алады. Тұщы су бірден сусынын қандырады. Сөйтсе, құмырадағы су дегені пайғамбардың зәрі екен дейді. Сахаба оны білмей  ішіп қойған. Ал пайғамбардың зәрі су сияқты тұщы және сусын қандыратындай қасиетті болып шығады.

Ал енді осы әңгіме пайғамбардың, одан қалды ислам дінінің  абырой-беделін көтеретін әңгіме ме? Мың жарым жыл бұрын өмір кешкен Мұхаммед пайғамдардың өмірін көзбен көргендей етіп айтатын әлгі уағызшы кім? Бұндай әңгімені ол қайдан естіген? Басқа мәселе құрып қалғандай пайғамбардың зәрінде оның не әкесінің құны бар?

Тағы бір уағызшы пайғамбардың соіңғы әйелі Айша туралы айтып, оған пайғамбар тоғыз жасында үйленген деді. Ал сол видеоның астында жазылған пікірлерді оқысаң, төбе шашың тік тұрады. Тоғыз жастағы кәмелетке толмаған қызбен жақындасқан педофил, оны қазіргі заман болса піштіріп, түрмеге қамар еді деген сияқты естір құлаққа ерсі сөздер өріп жүр. Соны оқығанда өзін мұсылманмын деп санайтын уағызшы ұстазсымақтардың надан әрекеттеріне еріксіз күйінесің. Ау, пайғамбардың әйелінде, оның зәрінде не әкелерінің құны бар екен бұлардың? Адамдарға ең керегі – білім. Құранда пайғамбарға түскен ең алғашқы аят «Оқы» деген сөзден басталады. Мұсылманның 40 парызының бірі – ілім-білім үйрену. Сондықтан өзін мұсалманмын деп санайтын әрбір пенде үшін ең бастысы ілім-білім үйрену болмақ. Адамдарға пайғамбардан керегі де сол ілім-білім. Оның өмірбаяны, қанша әйелінің болғаны, қанша жаста екендігінің көк тиындық құны жоқ. Осыған орай, имам-молдалар қасиетті Құранды түсіндірсе, пайғамбардың хадистері мен оның айтқан сөздері, әрекеттері жайында айтылатын сүнниелер жайында айтып, халыққа қажетті ілім-білім берсе, дін ислам қазіргідей бұрмаланбас еді дейсің.

Соңғы жылдарда ислам дініне, пайғамбарға шабуылдың күшейіп, дінді қорлаушылардың көбеюіне дәл осындай дүмше уағызшылардың тигізіп жатқан әсері аз емес. Сондай уағызшылардың айтқан шатпақтарын естігендерде ислам дініне, пайғамбарға деген жеккөрініш пайда болады. Қасиетті Құранды халық алдында өртейтіндер шықты. Француздың бір журналы пайғамбарды мазақтап сурет жариялады. Ислам діні туралы айтылып, жазылып жататын теріс пікірлерде сан жоқ. Міне, дүмше имам-молдалардың әрекетінің салдары осындай.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика