Ең үлкен қорқыныш

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Өлер сәтте  егер адам бір аурумен ауырып жатқан болса, тәннің ауруы шарықтау шегіне жетіп, содан кейін нәзік тән денеден шығып кетеді. Яғни, тән адамға одан әрі мекен бола алмайтыны белгілі болған сәтте, нәзік тән арқылы сана денені тастап шығады. Өлімнің ең маңызды сәті де осы деп айтуға болады. Өйткені, бұған дейін өзін тәнмін деп санап, тән өлген кезде санам да өшіп, жоғалады деп сенетін адам кенет өзінің жүзі қуқыл тартқан өлі тәнін көргенде ақылдан айрылардай жаман күйге түседі.

Енді мынаған назар аударып көріңіз: адам өмір бойы материалистік атеистік түсінікті санасына сіңіріп, өзін тәнмін деп санап келді. Және өлгеннен кейін санам мәңгіге жоғалады дегенге кәміл сенді. Ажалы жетіп, өлгелі жатқан кезде де ол қазір санам тәніммен бірге өшіп жоғалады деп ойлап, өмірге деген қимастық пен бар тірлігінде жиған дүние-мүлкін, байлығын, қызметі мен абырой-беделін, отбасын мәңгіге қалдырып бара жатқанын ойлап, жаны ауырады. Бірақ, кенеттен тәнінен шыққан соң өзін жеңіл сезініп, өзінің өлген тәнін сырттан көреді.

Әдетте мұндай жағдайда өлген адамның осындай қиын сәтте жанында болған жақындары қайғыдан жүректері қарыс айрылып, әсіресе әйелдер жылап-сықтай бастайды. Дәрігердің немесе арнайы шақырылған дін адамының оның өлгендігін мәлімдеуі ет жақын туыстары үшін ауыр соққы болады. Қайғыдан қан жылғаған жақындарын, абыржыған туыс-бауырларын, көршілерін және өзінің өмір бойы «менмін» деп санап келген қуқыл тартқан суық тәнін көргенде пенде ақыл-естен айрылғандай аса ауыр сезімге бөленеді. Бұл шын мәнінде атеистік көзқарасты берік ұстанатын адам үшін ең ауыр соққы болмақ.

Құдайсыз, дінсіз тірлік кешкен, нәпсіге беріліп, ойына келгенді жасаған, өлгеннен кейінгі өмірге, Жаратқанның сотына сенбейтін пенде ішкі түйсікпен енді өзін ауыр азаптардың күтіп тұрғанын сезініп, үрей мен қорқынышқа бой алдырады. Өмір бойы сыртқы киім сияқты өлген соң тастап кететін тәнін «мен» деп санап, соған өзін сендіріп келген жан өзінің қателескенін ұғынуы өзегін өртеген өкінішпен ұласып, қорқынышын одан әрі арттыра түспек.

Жалпы, дінсіз атеистер ғана емес, Құдайға сенемін деп ауызбен айтқанымен, іштей күмәнге бой алдырып, нәпсіге беріліп, күнәлі істерді көп жасаған адамдар да өлген тәнін сыртынан көрген сәтте өзінің тән емес, жан екендігін, ол дүние дегеннің болатындығын және діндарлар айтқандай, өмірде жасаған жақсы-жаман әрекеттері үшін жауапқа тартылатынын ойлағанда, бойын үрей мен қорқыныш билейді.

Бһагавад Гитада Тәңірі Кришна дінсіз күнәкар пенделерге үрейін алар өлім болып келетіндігін айтады. «Атма» деп аталатын жүректе орналасқан жанның қасында куәгер ретінде туғаннан өлген сәтке дейін бірге болатын Ұлы Жан, яғни Параматма көкейге салу арқылы пендеге өмірін босқа өткізіп, нәпсіге берілгендігі, күнәлі істер жасағандығы үшін жауап берер кездің келгендігін білдіреді. Ішкі түйсікпен ол дүниеде өзін азаптар күтіп тұрғанын сезген пенде жанын қоярға жер таппай жанталасады және үрей мен қорқыныштан қайда барарын білмей аласұрады.

Дәстүрлі діндердің ұстанымдарына назар аударсақ, өлген адамда ерік болмайды, енді ол тірі кезіндегідей қалағанын жасап, қалаған жағына бара алмайды. Ол түгелдей Жаратқанның заңына, еркіне бағынады. Оны белгісіз күштер әміріне еріксіз мәжбүрлі түрде бағындырып, қабіріне жатқызады, бұзыла бастаған қолқаны атар сасық иісті мүрденің жанында қараңғы қуыста жату ұнамсыз ғана емес, азапты болса да, пенде бұның бәрін сыртқы күштің ықпалымен еріксіз жасайды.

Ислам дінінің теологтарының пайымынша, мұсылманша жерлеген кезде пенде қабіріне байланады да, енді жерленген тәнінен қарыс қадам алыс ұзай алмай, сонымен бірге болады. Ол тәнін құрт-құмырсқалардың жеп жатқанын, шіріп, бұзылып жатқанын сезіп, көреді, бірақ аулақ кете алмайды.

Азап бұнымен бітпейді. Ислам дінінің ұстанымынша өлген адамға күн сайын періштелер келіп, тергеуге алады. Пенде тірлігінде діни парыздарын дұрыс орындаған болса, сауалдарға дұрыс жауап береді, ал парыздарын орындамаса, онда жауап бере алмай тілі күрмеледі. Ондай пенделерді періштелер ұрып-соғып қатты азап көрсетеді. Оған қоса, жердің сығып, басуы түрінде болатын көр азабы деген де бар.

Мұхаммед пайғамбар бір қайтыс болған мұсылманның қабірінің басында мынадай жайды айтыпты деген аңыз бар: «Қабірдегі алғашқы түн өте ауыр болады, содан аман-есен дұрыс өткен адамға одан кейін жеңіл болады».

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика