Екі дүниенің де игілігін ойла

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

«Үш күндігін ойламаған әйелден, үш жылдығын ойламаған еркектен без» деген сөз бар. Адамдардың көбі бүгінде өкінішке орай, үш жылдығы немесе үш күндігі түгілі, үш минуттан кейінгі жайын да ойлап, бас қатырмайды. Ондайлар әдетте ойларына келгенді жасап, өздеріне де, өзгелерге де үлкен залалдарын тигізіп жатады. Соған орай, ондайлар екі дүниеде де игілік таппайды.

Рухани білім не үшін қажет?

Өлгеннен кейінгі өмір жайлы қасиетті Құранда аздап жазылғаны болмаса, онда не күтіп тұрғандығы баршамызға жұмбақ. Бүгінгі ғылым, тіпті о дүние деген жоқ, өлген соң адамның тәнімен бірге өмірі де түгел өшіп жоғалады деген түсінікті санаға сіңіруде. Содан болар, адамдардың көпшілігі көз алдындағы осы дүниенің ғана игілігін ойлап, бақи дүние дегенді мүлдем қаперіне алмайды.
Зерделі адам бүгінгісін ғана еемс, ертеңгісін, үш, он жылдан кейінгісін, оны айтасыз өлгеннен кейінгі жайын да ойлап, соның қамын жейді. Егер сіз ертеңіңіздің жайын бүгін ойлап, болашағыңыз үшін пайдалы шаруа жасасаңыз, алдағы уақытта соның нәтижесімен міндетті түрде кездесесіз. Яғни, бүгінгі жасаған шаруаңыздың жемісін татасыз.

Зерделі адам ертеңін ойлайды.

Бұған мысал ретінде мына жайды айтуға болады. Сіздің он қойыңыз бар делік. Ол үшін жазда қора салып, шөп шауып, ала жаздай қойды жайылымға апарып бақтыңыз. Осы жасаған еңбегіңіздің нәтижесі қандай болмақ? Қыста қойыңыз жылы қорада, жиналған шөп қорын жеп, қыстан қоңды шығады. Көктемде төлдеп, бір қойыңыз екіге айналып көбейеді.
Ал керісінше, сіз он қойыңызды жұмысыңыздың көптігін желеу етіп жазда жайылымға шығарып бақпадыңыз. Қора да салмадыңыз, шөп қорын да дайындамадыңыз. Нәтижесі қандай болады? Жазда бетімен жүрген қой қысқа қоңды болып жетпейді. Көтерем қой қыста желдің өтінде, аш тұрғандықтан ашығып, көктемге жетпей шетінейді. Сөйтіп сіз көктемде құрық ұстап, бар малыңыздан айрылып қаласыз. Бұл – ақиқат.

Алтын емес, алғыс ал.

Қазақта «алтын емес алғыс ал, алғыс алтын емес пе» деген нақыл бар. «Алғыспенен ер, жаңбырменен жер көгереді» дейді халық даналығы. Рухани білімді санасына сіңірген адам адамдарға жақсылық жасау арқылы алатын алғыстың екі дүниеде де игілік әкелетінін жақсы біледі. Ал бүгінгісін ғана ойлайтын пенделер қазіргі игілігі үшін басқаларға қиянат жасап, соның салдарынан күнәға батады және сол күнәсі үшін екі дүниеде де жамандыққа ұшырайды.
«Кім де кім біреуге жақсылық жасаса, өз пайдасына, жамандық жасаса, өз зиянына. Жақсылық жасаған адамға соншалықты жақсылық бар, жамандық жасаған адам да соншалықты жамандық тиесілі. Әрнәрсеге Алланың күші басым» -дейді қасиетті Құран. Яғни, егер сіз біреуге жақсылық жасасаңыз, сол жақсылығыңыз міндетті түрде соншалықты көлемде өзіңізге қайтады. Ал жамандық жасасаңыз да соншалықты зиянға ұшырайсыз. Бұл – ақиқат.
Алланың осы заңын жақсы білетін зерделі адам әрдайым болашағын ойлап, сауапты істер жасауды әдетке айналдырады. Ал мұрнының астынан әріні көрмейтін көрсоқыр надан бүгінгісін ғана ойлап, өзіне де, өзгелерге де залалын тигізетін жаман істер жасауға бейім тұрады. Әдетте, ондайлар екі дүниеде де маңдайын күн шалмай, азап пен тауқыметтен арылмайды.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама

"Ақиқат" сайтының Кітап дүкенінен әдеби, танымдық қызықты кітаптар ала аласыз. Ол кітаптардан сіз көптеген пайдалы ақпараттар тауып, оны нақты өмір тәжірибеңізге қолдануыңызға болады. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз: https://akikat01.com/kitap-d%d2%afkeni/

Яндекс.Метрика