Елі сүйген — Дінмұхамед Қонаев

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Әрбір қазақ үшін Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың есімі қастерлі һәм қымбат екені сөзсіз. Өзге елге бодан болған сол бір кеңес өкіметінің тұсында ел ағаларының басты арманы  ұлтын сақтап қалу болды. Олар тәуелсіздік үшін күрес жолындаерен еңбектерін аяған жоқ. Дәл осындай тұлғаларддың бірі Дінмұхамед Қонаев еді. Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері халқы үшін қалай аянбай еңбек етсе, елі де оны дәл солай ұлықтап, төбесіне көтерді,елеулі еңбектерін ескерді.Дінмұхамед Ахметұлының өмір жолының тақтайдай тегіс болмағаны белгілі. Өзі де бірқатар өсиет естеліктерінде ғұмырында қуаныш пен қайғының қатар жүргені туралы айтып кеткен-ді.

Қазақ халқының біртуар ұлы, мақтанышы 1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы)қаласында дүниеге келген. Әкесі Меңліахмет Жұмабайұлы 1886 жылы туған. Алматы облысында ауылшаруашылық және сауда мекемелерінде жұмыс істеген. Қазақ және орыс тілдерінде хат таныған сауатты адам болған екен. Ал анасы Зәуре Баирқызы 1888 жылы Алматы облысындағы Шелек ауданында өмірге келген. Бар уақытын балалары мен үй шаруасына арнаған деседі.

Дінмұхамед Ахметұлы 1930 жылы Алматы қаласындағы мектепті үздік бітіріп, 1931-36 жылдары аралығында Мәскеудегі түсті металл институтында білім алды. Қайраткер ұл жарты ғасыр уақытта бұрғылау станогінің машинасынан Қазақстан орталық комитетінің бірінші хатшысы қызметіне дейін көтерілген.

Дінмұхамед Ахметұлы туралы естеліктердің барлығында дерлік ол кісінің қарапайым, сабырлы да кеңпейіл жан болғаны жазылады. Үйде де, түзде де ашу шақырып, дауыс көтеру деген секілді әдеті болмаған. Үкімет қызметінде жүрген кезде жұмысқа ешбір оққағарсыз, жаяу баруды жөн көрген. Бұл кезде коммунистік партия басшылары керісінше қос-қостан күзет ұстайтын. 17 жыл жанында жүріп Қонаевтың жеке күзетшілерінің басшысы болған Анатолий Горяйнов оның, расымен де, оққағарлармен жүргенді ұнатпағанын еске алады.

А.Горяйновтың айтуынша: «Шындығын айтқандаДінмұхамед Ахметұлы қауіпсіздік шаралары дегенді жақтырмайтын. Сол себепті біз қызметімізді жасырын жүріп атқаратынбыз. Күзетті көргенде «Мені жыртқыш құс құсатып жетектеп жүргендеріңді қаламаймын»– деп ренжитіндейді ол.Анатолий Горяйнов тек оққағар емес, қоғам қайраткерінің фотографы қызметін атқарған. Халыққа жеткен суреттердің көбін түсірген. Бүгінде олардың көп бөлігі музейде сақталып тұр.

Дінмұхамед Қонаев өмірінің соңғы жылдарына дейін аңшылықтан қол үзбеген. Мұны бүгінде музейінде тұрған саятшылыққа қатысты экспонаттардан байқауға болады. Ол қару-жарақ жинағанды ұнатқан. Десе де, жақындары оның бей-берекет аңдарды ата бермегенін, тек аңшылық маусымы кезінде қолына қару алғанын айтты. Бұдан өзге халық әндері мен күйлерін тыңдап, романдар мен танымдық әдебиетті көп оқыған. Спорт түрлерінен бокс пен күресті ерекше ұнатқан. Қартайған шағында да күнде таңертең жарты сағаттай уақыт жаттығу жасайтын болған.

Жарты ғасырға жуық ел тағдырына араласқан абыройлы ұл көреген саясаткер ретінде есте қалды. Ұлт мүддесін қорғап қалуға келгенде ешкімге есе жібермеуге тырысып, «Жанының – арының садағасы» екенін де дәлелдей білді. Өзбекстанға өтіп кеткен Қазақстан аудандарын қайтару, тың жерлерді игеру, Ерейментау топырағынан неміс автономиясын ашуға жол бермеу және Шардараға атом электр станциясын салдырмау мәселесіне келгенде барынша табандылық таныта білді. Осы қажырлы еңбектің арқасында Қазақстан одақ бойынша екінші астықты алқапқа және көпсалалы өнеркәсіп аймағына айналды. Оның  «Кеңестік Қазақстан», «Таңдамалы сөздері мен мақалалары»(1978), «Өтті дәурен осылай» (1992), «Сталиннен Горбачевқа дейін» (1994), «Ақиқаттан аттауға болмайды» (1994) еңбектері мен кітаптары жарық көрді.      

Дінмұхамед Ахметұлының кішілігі мен кісілігі туралы айтылар естеліктер көп. Оның өмірінің соңғы жылдарын фотограф Жақсылық Тұрлыбеков таспаға түсіріп келді. Ол ауыл халқының Дінмұхамед Ахметұлына жиі балаларының аузына түкірткенін айтады. Кемеңгер азаматтың өсиеті мен өмір жолы, келер ұрпаққа берер өнегесі шам-шырақпен пара-пар екені сөзсіз. Қазақ деген ұлт барда Дінмұхамед Қонаевтың есімі ешуақытта ұмытылмақ емес. «Панам да – ел, данам да – ел. Соған арқа сүйедім. Содан үйрендім»– деп өзі де ағынан жарылған.Өкінішке қарай, халқының сүйікті ұлы өмірінің соңына қарай қиын күндерді бастан кешірді. Оған күйе жағылып, орынсыз пікірлер айтылды. Десе де ол қалың орманда тек биік қарағайдың басын жел қалай шалса, дәл солай төзе білді. Ақырында 1993 жылы 22 тамызда 82 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.

Д.Қонаев Республика партия ұйымын басқарған ширек ғасырға жуық ішінде өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен танылып, халық дәстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой-өресі биік жан екенін көрсетті. Оның еңбек жетістіктері, экономика негіздерін құруға қосқан үлестері тәуелсіз Қазақстанның кейінгі дамуына негіз болды.

Д.Қонаев қазақ үшін тынбай еңбек етіп, әрдайым ізігілікті ісімен, мәрт мінезімен таныла білген ардақты азамат ретінде еліміздің жарқын болашағының негізі – біздерге жастарға, әрдайым адалдық мен адамдықтың үлгісі болып қала беретініне сенімдіміз!



Болат САЙЛАН,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессоры, тарих ғылымдарының докторы,

Мадина САҒАТ,

Әл Фараби атындағы ҚазҰУ 1 курс студенті

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика