Ет пен сүйек салынған қап

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

өлімТылсым ілім айдарымен берілетін ақпараттарды онан әрі жалғастырамыз. Бұл тараудан сіз әлемдегі ең тылсым білім жайында бұрын естіп, білмеген толымды ақпараттар табасыз. Адам үшін ең маңызды мәселенің бірі – «мен кіммін?» деген сауалдың жауабы болмақ.  Егер сіз осы сауалдың жауабын дұрыс тапсаңыз, өміріңіз мәінді, мағыналы болады және екі дүниенің де игілігін табасыз. Ал теріс түсінікті санаңызға сіңірсеңіз, екі дүниенің игілігінен де құр қалып, өкінішке ұрынарыңыз даусыз. Сонымен…

Адам тән бе?

Адамның тәні  шын мәнінде ет пен сүйек толтырылған қап қана. Оны қадірлі етіп тұрған жалғыз нәрсе – жан. Жан шыққан соң-ақ, тән ет пен сүйек салынған қапшық сияқты болып қалады. Әрине, таза еттің белгілі дәрежеде құны болады, ал сәлден кейін-ақ бұзылып, саси бастайтын және жеуге болмайтын адам етінің көк тиындық құны болмайды.

Сіз бұрын  өлген адамның мүрдесін көріп пе едіңіз? Есіңізге түсіріп көріңіз. Өлі адамды тірі жаннан айыратын бір нәрсе бар. Тірі адам қозғалады, ішіп-жейді, сөйлейді десек, өлімен арадағы бар айырма сонымен бітпейді. Ең басты айырма —  тірі адамның бар болмысынан, сырт бейнесінен тіршіліктің белгісі анық сезіліп тұрады. Ал өлі адам кеудеден кері итерердей тартымсыз және қорқыныш ұялатар сұрықсыз, нұрсыз болып келеді.

Өкінішке орай, адамдардың 99,9 пайызы өздерін ет пен сүйектен тұратын ТӘНБІЗ деп санайды және осындай түсінікпен бар өмірін өткізеді. Ондайлар әдетте өмірге тән өлшемімен ғана қарайды. Тән өлшемімен қарау деген не? Ол: «мен адаммын, еркекпін, қазақпын, руым пәлен, отбасым бар, мынау менің үйім, мынау автокөлігім, мынау менің туысым, мынау бөтен адам» деген сияқты көзқараста болу.

Жоғарыда аталған жайлардың бәрі тәнге қатысты. Сондықтан, өзін тән деп санайтын пенделер осылайша әу бастан теріс жолға түседі де, бар өмірін адасумен өткізеді. Олар мәңгілік жанының жайын емес, ертең өліп, құрт-құмырсқаның жеміне айналатын тәннің жайын ойлап, соның жағдайын жасауға бар уақыты мен күш-қуатын сарып қылады. Осылайша өмір бойы адасып, теріс жолға түседі және екі дүниенің де игілігінен мақұрым қалады.

Адам – жан

Адам деп аталатын екі қол, аяғы, басы бар тіршілік иесі – шын мәнінде жан немесе рух. Жан туралы ислам, христиан, иудей және буддизм діндерінде өте мардымсыз, тіпті ештеңе айтылмайды. Жан туралы тек Бһагавад Гитадан ғана толымды ақпарат таба аласыз. Сонымен, жан дегеніміз не?

«Жан еш уақытта  тумайды, өлмейді, өткенде жарытылмаған, қазір де, болашақта да жаратылмайды, ешкімнен тумайды, мәңгі-бақи тіршілік етуші, әуел бастан бар және тән өлген кезде өлмейді». «Жанды ешбір қарумен шауып бөлшектеу, отқа жағу, суға тұншықтыру немесе желмен құрғату мүмкін емес». «Бұл жеке дара жан қирамайды, жанбайды, ерімейді, құрғамайды, мәңгі тіршілік етеді, бүкіл әлемді кезеді, өзгермейді, қозғалмайды және өзіндік қасиетін ұдайы сақтайды». «Жан көзге көрінбейді, жанға ақыл жетпейді және жан өзгермейді». «Өмірге келген жан міндетті түрде өлімге ұшырайды және өлгеннен кейін қайтадан дүниеге келеді. Бұдан қашып құтылу мүмкін емес». (Бһагавад Гита 20, 23, 24, 25, 27 өлеңдер).

Бһагавад Гитаның осы өлеңдерінен көріп отыранымыздай, жанның табиғаты тәнге мүлдем ұқсамайды және ол мәңгілік. Егер адам өзін тәнмін деп санап, өлгеннен кейін өмір өшіп жоғалады деп түсінсе де, соған қарамастан ол өле алмайды. Яғни, тән өлген кезде сана өшіп жоғалмайды, ол сақталады. Адам өзінің өліп, қимылсыз жатқан тәнінен шығады,  туыс, таныстарының өзін жоқтап жылағанын, қайғырғанын естіп, көреді. Бірақ оны ешкім көрмейді, даусын да естімейді. Өйткені, ол жер, су, ауа, от және эфир сияқты дөрекі материалдық элементтен тұратын тәнінен шығып, ақыл, зерде және жалған мен немесе пуруш деп аталатын нәзік элекменттен тұратын тәнге ие болды.

Өзін тән санайтын пенденің өлген кездегі ең ЗОР ҚОРҚЫНЫШЫ тәнін тастап, шыққан соң ақыл-санасының жоғалмауын сезінген кезде болады. Өмір бойы тән өлгенде санам өшіп жоғалады деген жалған үмітті желеу етіп келген пенде өзінің ТӘН ЕМЕС ЕКЕНДІГІН БІЛГЕНДЕ тіршілікте жасаған жаман әрекеттері үшін жауапкершіліктің болатынын, соған орай ӨЗІН ТОЗАҚ АЗАБЫ күтіп тұрғанын анық сезінеді. Бұл жай оның бойындағы өмірі бастан кешпеген ҮРЕЙ мен ҚОРҚЫНЫШТЫ оятып, жанын қоярға жер таппай қиналады. Шын мәнінде ТОЗАҚ дегеніміз НАДАНДЫҚТЫҢ салдарынан туған теріс түсінік.

Жанның мекені қайда?

Бһагавад Гитада жан немесе рух жүркете болатынын, оның көлемі шаштың ұшының 10 мыңнан бір бөлігіндей, яғни көзге көрінбейтіні, тіпті ешқандай микраскоппен де көре алмайтындай өте кішкентай болатыны айтылады. Сондай титімдей жан немесе қуат үлкен тәнді қимыл-қозғалысқа келтіріп, оның тірлік кешуіне жағдай жасайды.

Жанның барлығының белгісі САНАДАН анық байқалады. Сана бүкіл тәнімізді көктей өтіп, әрбір клеткамызды сезінуімізге жағдай жасайды. Егер сіздің аяғыңыздың бір саусағына бірдеңе тисе, оны көрмесеңіз де  бірден сезе қоясыз. Өйткені, тәніңізді көктей өткен сана бар.

Ведалық ілімнің тағы бір көлемді кітабы Шримад Бхагаватамда жүректе орналасқан жан он түрлі ауа ағысы арқылы барша денеге таралып, ондағы түрлі процестерді басқаратыны айтылған. Ол ауа ағымдары: прана, апана, самана, т.б. деп аталады. Адам өлгенде жан нәзік тән арқылы денеден шығады да, адам тәні тіршілігін тоқтатады. Өйткені, барша тіршілікке дем беріп, оны басқарып тұрған рух кеткесін, тәннің қызметі бұзылып, тез арада иістеніп, ыдырай бастайды. Яғни, тәнге өмір беріп тұрған құдырет – ЖАН.

Жан мен тән, оның табиғаты жайында толымды ақпаратты алдағы уақытта жазатын боламыз. Өйткені, бұл өте ауқымды тақырып болғандықтан, оны бір мақалаға сиғызу мүмкін емес. Блогымыздағы жаңалықтарды жіберіп алмаңыз.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика