Франшиза – дайын бизнес

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Жалақысы қаншалықты жоғары болса да, қандай қызмет атқармасаңыз да бір ғана жалақымен бақуаттылыққа қол жеткізу мүмкін еместігін қазір бесіктегі бала да жақсы біледі. Байлыққа жетудің жалғыз жолы – бизнес. Дегенмен де, бизнеспен айналысу екінің бірінің қолынан келе бермейтін шаруа. Әсіресе, жемқорлық жайлаған біздің елде өз кәсібіңді ашып, жүргізу оңай іс емес. Оған қоса, ең алдымен бизнес ашып, жүргізу үшін сол саладағы біліктілік пен білім қажет.

Франшиза деген не?

Соңғы жылдарда франшиза әлемнің барлық елдерінде  кең қарқын алуда. Оның бұлай қарқынды дамуына қазіргі қалыптасқан жағдайлар игі әсерін тигізіп отырғаны анық. Франшиза дегеніміз – бұл бизнес саласында білімі мен біліктілігі, мол тәжірибесі бар және жұртшылыққа танымал болған кәсіпкерлердің өз бизнес тәжірибесін басқалармен бөлісуі. Әрине, тегін емес, ол үшін белгілі көлемде ақша төлеуіңіз қажет болады.

Мәселен, спорт товарларын сататын аты танымал сауда орталығы өз компаниясының атауын пайдалана отырып, соның филиалы іспетті шағын дүкендер ашып, өз кәсібін жүргізуге мүмкіндік жасайды. Бұндай мүмкіндікті сіз белгілі сомаға сатып аласыз. Сатып алған пакетіңізге  әлгі компанияның атауы ғана емес, жұмыс тәжірибесі, қалай жетістікке жетуге болатыны туралы білім-біліктілігі – бәрі кіреді.

Содан кейін сіз өз кәсібіңізді ашасыз да әлгі компания ондаған жылдар бойы жинаған тәжірибесі мен біліктілігін пайдалана отырып және сол компанияның бренді саналатын атауын да пайдалданып, жұмысыңызды бастап кетесіз. Әдетте франшизаны сатып алған кәсіпкер өзі салған ақшасын 1-2 айдан бастап бірнеше жылда қайтарып алады және содан кейін таза пайдаға шығады.

Франшизаны қалай пайдалануға болады?

Интернеттен сатылатын франшизалар туралы жарнамаларды көптеп  табуға болады. Қазір франшиза барлық дерлік салаларда бар. Мәселен, мына жарнамаға назар салып қараңыз: «магазин брендевой обуви с окупаемостью 2 месяца».  Бренд аяқ киімдерге деген сұраныс қай жерде де жоғары екені белгілі. Тіпті, сіздің бұл салада еш тәжірибеңіз болмаса да, тәуекел етіп, өз кәсібіңізді ашып, осы іспен айналысуыңызға мүмкіндігіңіз бар.

Енді осы франшизаға толыырақ тоқтала кетейік. Жарнамаға назар аударайық: «Өз тәжірибеңіз болмаса да, ісіңізді ашып, біздің брендтік киімдер сататын дүкенмен бірлесе ай сайын тұрақты табыс табыңыз. Бұл уақыт сынынан өткен бизнес-модель. Біздің дүкеніміз 6 жылдан бері табысты жұмыс істеп келеді, жабдықтау мәселесі де жақсы жолға қойылған, қажетті бизнес-маркетинг құралдары бар. Франшизаның барлық сатысында құжаттаудан бастап, жұмыс кезеңдерінде оқыту және қолдау көрсетіледі. Салған ақшаңызды тез қайтарып, табыс табатын боласыз».

Ал крассовка, басқа да аяқ киімдер сататын инстаграм-магазин франшизасының бағасы 35 мың рубль екен. Жарнама берушілердің айтуынша, екінші айдан бастап сіз айына 70 мың рубль табатын боласыз. 70 мың рубль дегеніміз – бұл теңгеге шаққанда 335 мың теңге шамасында. 180 мың теңге салдыңыз, сөйтіп, инстаграм арқылы интернет дүкен ашып, бренд аяқ киімдерін сататын дүкенді іске қостыңыз. Қалай іске қосады, тауарды қайдан, қалай алады – бәрін франшиза қожайыны айтып, түсіндіреді.  Сізге қалғаны – сол бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан үлгіні іске қосып, ақша табу.

Франшиза туралы толық және нақтырақ алдағы уақытта жазатын боламыз. Блогымыздағы жаңалықтарды жіберіп алмаңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика