Ілім-білім үйрену – парыз

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Ислам дінінің тарата айтар болсақ 40 парызы, яғни орындауға тиісті міндеті бар екен. Солардың бірі – ілім-білім, оның ішінде дін ілімін үйрену. Дін ілімін үйренбеген адам мұсылмандық парыздарын қанша тырысып орындағанымен, уақыт өте келе санскрит тілінде апарадха деп аталатын дінді қорлауға ұшыратады. Ал дінді қорлау діни шарттар мен парыздарды ұқыпты орындағанға қарамастан, имандылықтан айырып, күнәға батырады, ақырсында діннен бездіреді.

Пайғамбардың хадистерінде біліммен жасалған тағат ибадаттың білімсіз жасалған ибадаттан мың есе артық екені айтылған. Неге мың есе артық? Мысалы, намазды алып қарайық. Білімсіз адам да дәретін алып, жайнамазға тұрып, жүзін құбылаға қарата намазын оқиды, білімді адам да дәл солай жасайды. Соған қарамастан, неге білімсіз адам уақыт өте келе иманынан ажырап, намаз оқығанына қарамастан жүрегі бітеліп, құрдымға құлайды?

Осы арада мына жайға назарыңызды аударғым келеді: мына фәниде кез-келген пендешілік әрекетті жасағанда оның нәтижелі болмағы білімге байланысты болатынын ешкім теріске шығара алмайды. Мәселен, үй салдыңыз делік. Сіз құрылысшы емессіз, бірақ үйді қалай тұрғызатынын біреулерден естіп, сырттай бақылап көре жүре көкірегіңізге түйгендеріңіз бар. Міне, соларды есіңізге алып, үйді өз күшіңізбен, өзіңіз салуға бекіндіңіз. Сөйтіп, құрылыс материалдарын алдыңыз, іргетасын құйып, қабырғасын көтердіңіз, есік-терезесін салып, әрлеу жұмыстарын жүргіздіңіз. Бәрі дұрыс сияқты. Үй бітті. Бірақ сіздің үй салу тәжірибеңіз, осы саладағы біліміңіз болмағандықтан, құрылыс барысында біраз қателіктерге жол бердіңіз. Іргетасын дұрыс құймадыңыз, кірпіш қалағанда байланыстырмадыңыз, есік-терезесін ық, күнгей жақтан емес, жел соғатын теріскейден шығардыңыз. Міне, осындай қателіктерден уақыт өте келе түрлі қиындықтар туа бастайды. Есік-терезеден жел улейді, қабырға жарылып, үйдің іргетасы шөгеді. Осылайша бірнеше жылдан кейін ол үйде тұру мүмкін болмай қалады. Бұл сіздің білімсіздігіңіздің нәтижесінде орын алған қиындық.

Егер сіз өзіңіз білмесеңіз де, құрылыс саласын жақсы білетін кәсіби маманның қызметіне жүгінсеңіз, онда үйіңіз сапалы салынып, ешқандай қиындық болмас еді. Яғни, пендешілік әрекетте де міндетті түрде білім мен тәжірибе қажет. Ал дінде білімнің қажеттілігі одан да жоғары деп айтуға болады. Өйткені, пендешілік әрекеттің нәтижесінде материалдық шығынға ұшырасаңыз, рухани практикадағы қателікте сіз мәңгілік жаныңызды жоғалтып, құрдымға құлайсыз. Материалдық шығынның орнын толтыруға болады, ал рухани құлдыраудың орнын толтыру үшін сізге өте көп уақыт пен күш-қуат, ең алдымен ерік күші қажет болады.
Мен ислам дінін ұстанатын, намаз оқитын көп адамдарды білемін. Олардың ешқайссында шынайы білім жоқ, бәрі жұрттан қалмайық деп, әйтеуір ниетім дұрыс, кемшілігім болса Алла кешірер деген оймен намаздарын оқып жүрген адамдар. Білім болмағандықтан, олардың оқыған намаздары, ұстаған оразалары түгел далаға кетіп жатыр. Неге дейсіз ғой?

Мына нәрсеге назар аударып қараңыз: кез-келген әрекеттің міндетті түрде салдары болады. Әрекет – бұл себеп, ал нәтиже – оның салдары. Діни шарттарды орындау да әрекет, ал оның салдары немесе нәтижесі қандай болуы керек? Білімі бар адам өз әрекетінің қандай нәтижесі болатынын жақсы біледі, ал білімсіз адам әрекетінің салдарына мүлдем назар аудармайды.

Діни әрекеттің салдары қандай болуы тиіс? Діни әрекет, яғни тағат ибадатты жасау арқылы адам имани қасиеттерді бойына орнықтырады. Ондай имани қасиеттердің қатарында қайрымдылық, сабырлылық, жомарттық, сыпайылық, кішіпейілдік, төзімділік, кешірімшілдік, адалдық, әділдік, шыншылдық, инабаттылық сияқты жақсы қасиеттер бар. Егер сіз намаз оқи бастағаннан кейінгі уақытта бойыңызда осындай қасиеттер орнығып, көбейе түссе, мінез-құлқыңыз өзгерсе, айналадағы адамдармен қарым-қатынасыңыз жақсарса, онда жасап жатқан тағат ибадаттарыңыз дұрыс орындалып жатыр деп санауыңызға болады. Ал мінез-құлқыңыз баяғы қалпында қалса, ешқандай имани жақсы қасиеттер бойыңызда орнықпаса, айналадағы адамдармен қатынасыңыз бұрынғыша жаман күйінде қалса, онда сіз апарадха, яғни дінді қорлауға жол беріп жүрсіз.
Әрбір әрекеттің екі қыры болады: дұрыс орындаған жағдайда пайда әкеледі, ал қателік жасаған болсаңыз, залалын тигізеді. Діни әрекетте де оның пайдалы және залалды қыры бар. Егер діни шарттарды дұрыс орындайтын болсаңыз, жоғарыда айтылғандай бойыңызда жақсы имани қасиеттер орнығады және сол әрекет үшін сауап аласыз. Ол сауап бұл дүниеде денсаулық, ұзақ өмір, жақсы отбасы, байлық, мансап, басқа да фәни игіліктер түрінде келеді, ал о дүниеде тозақ азабынан құтқарып, жұмақты нәсіп етеді.

Ал егер діни шарттарды теріс орындасаңыз, бойыңызда жақсы қасиеттер орнықпағаны өз алдына, керісінше тәкаппарлық, ашушаңдық, төзімсіздік, дөрекілік, нәпсіқұмарлық, мақтаншақтық, сараңдық, жеңілтектік, өтірік-өсекке бейімдік, т.б. жаман қасиеттер көбейе түседі. Ол қасиеттер сіздің айналаңыздағы адамдармен қатынасыңызды қиындатып, үнемі ұрыс-керіске, жанжалға, басқа да жаман әрекеттерге баруға итермелейді. Осыдан өміріңіз қиындайды. Теріс тағат ибадатқа сауап жазылмайтыны өз алдына, дінді қорлағандықтан, күнә арқалайсыз. Ол күнә бұл дүниеде ауру-сырқау, сәтсіздіктер, қиыншылықтар, жақындарыңыздан айрылу сияқты бақатысыздықтар түрінде келіп бір қинаса, о дүниеде тозақ отына өртеп және тауқыметке ұшыратады.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика