Инвестиция – тәуекелдің ісі

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Егер сіз инвестор болғыңыз келсе, инвестициялаудың негізгі принциптерін жақсы білуіңіз шарт. Инвестиция деген – бұл белгілі бір ақша сомасын көңіліңіз қалаған жобаға салу арқылы пайда табу. Яғни, сіз 100 мың теңге саласыз да жарты жыл өткенде 150 мың теңге етіп қайтарып аласыз. Роберт Киосаки білікті инвестор қанша пайда табатынын алдын ала дәл есептеп біліп алады дейді және ол тек пайда түсіретін жобаларға ғана қаржы салады.
Ақшаңызды сақтаудың екі түрлі тәсілі бар: біріншісі пайдалы жобаларға қаржыңызды салу арқылы белгілі мөлшерде табыс табу, екіншісі жалпақ тілмен айтқанда жастықтың астында ұстау. Екінші жағдайда сіз ақшаңыздан айрылмағаныңызбен, инфляция ақшаңызды уақыт өткен сайын құнсыздандыра бермек.

Тәуекел мөлшерін азайту.

Инвестициялау – барлық уақытта тәуекелдің ісі болып табылады. Ол тәуекелдің үлкен-кішілігі қандай жобаға, қанша сомада ақша салумен байланысты. Егер ой жіберіп қарайтын болсақ, біздің өміріміз түгелдей тәуекелге негізделгенін бағамдауға болады. Өмір алдымызға ұдайы түрлі қиындықтар мен кедергілерді тартып отырады. Инвестициялау арқылы біз тәуекелді басқаруды, оның қатерін барынша азайтуды үйреніп, тәжірибе жинақтаймыз.

Инвесттициядағы тәуекел мөлшерін азайтудың кең таралған құралы – әртараптандыру. Бұны инвесторлар «барлық жұмыртқаны бір корзинада сақтамау» деген сөзбен түсіндіреді. Жұмыртқаны түрлі корзинада сақтау арқылы оны аман сақтап қалу мүмкіндігі арта түспек. Сол сияқты сіз ақшаңызды түрлі жобаларға салып, инвестициялық портфелдеріңіздің санын көбейте түссеңіз, тәуекел қаупі де азаймақ. Егер бір жоба сәтсіздікке ұшырап, ақшаңызды жоғалтар болсаңыз, басқа жобалар арқылы тапқан пайдаңызбен әлгі шығынды жабуға мүмкіндік тумақ.

Ақшаны инвестициялау бар да, оны алып шығу бар. Мұның өзін казинодағы құмар ойынымен салыстыруға болады. Сіз алдын ала қанша ақша ұтқан соң ойыннан шығатыныңызды жоспарлап алып, сол жоспарға сай әрекет жасасаңыз, қауіп азаймақ. Өкінішке орай көп адамдар құмар ойынының қызығына түсіп, ұтқан үстіне ұта берсем деп ойлайды да, ақыр соңында ұтқанынан да, өз ақшасынан да жұрдай болып айрылып тынады. Инвестицияда да солай алдын ала қай уақытта ақшаңызды алып шығатыныңызды жоспарлап алғаныңыз жөн. Бұл бәлкім белгілі бір сома пайда тапқаннан кейін бе, әлде белгілі бір уақыт өткен соң ба, оны өзіңіз ойлап шешуіңіз қажет.

Кәсіпкер болу үшін қарым-қабілет керек.

Инвестицияның кең тараған түрі – ақшаны жаңадан бизнес ашуға пайдалану. Қазір аздаған артық ақшасы бар адамдардың көбі өз ісін ашып алуға талпынады. Бұндай жолмен бір теңгеңізді екі теңгеге айналдыруға болатыны даусыз, бірақ ол кәсіп сізге қандай пайда әкелмек, онымен айналысуға қабылет-қарымыңыз жете ме, кәсіпті жүргізу үшін не қажет деген сияқты маңызды мәселелерге алдын ала назар аударып, соның бәрін жүзеге асыратыныңызға сенген жағдайда ғана қолға алғаныңыз жөн.

Ал енді бизнеспен айналысу қолыңыздан келмейтін болса, сол ақшаға пәтер сатып алып, оны жалға берсеңіз, ол сізге ай сайын белгілі сомада ақша түсіріп тұрмақ.
Қысқасы, ақшаңызды инвестициялау үшін алдын ала бәрін ақыл таразысына салып, тәуекелі аз және көп пайда түсіретін жобаларды ғана қолға алғаныңыз дұрыс болмақ.
.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика