275 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

Инвестиция, инвестор деген сөзді бүгінде  БАҚ арқылы жиі естіп, оқитын болдық. Дегенмен де, көбіміз осы сөздің астарында не бар екендігін жете біле қоймаймыз және онша мән де бермейміз. Шындығында, инвестиция деген – бұл тек ақшадан ақша жасайтын бай алпауыттар ғана емес, кез-келген адам инвестор болып, инвестициямен айналыса алады және инвестиция тек ақшаға ғана қатысты емес.

Болашақ бүгіннен бастау алады

Өзін өзі дамыту ғылымының білгір сарапшысы Брайан Трейсидің пайымынша, өмірде барша тіршілік иелеріне ықпалын тигізетін бірнеше заңдар бар, солардың бірі – себеп-салдар заңы. Бүгінгі жасаған әрекетіңіз себеп болса, ертең оның салдары міндетті түрде алдыңыздан шығады. Яғни, себеп – бұл әрекет, ал салдар – сол әрекеттің нәтижесі. Кез-келген әрекеттің міндетті түрде нәтижесі болады. Инвестиция дегеніміз дәл осы заңға, яғни себеп-салдар заңына негізделген құбылыс болып табылады.

Көбіне инвестицияны адамдар тек ақшаға қатысты деп жаңсақ түсініп жатады. Шын мәнінде, инвестиция – бұл ертеңгі болашақ үшін жасалған әрекет. Ол қаржы-материалдық жағдайыңзды жақсарту үшін жасалған әрекет пе, болмаса денсаулығыңызды нығайтып, интелектуалдық жағынан дамуға бағытталған мақсатты жұмыс па – бәрібір. Оның бәрі – инвестиция болып саналады және бүгінгі әрекетіңіздің нәтижесін ертең көретін боласыз.

Сөйтіп, инвестор дегеніміз – ертеңгі болашағы үшін саналы түрде әрекет жасап, алдағы күннен сол әрекетінің жемісін күтетін адам екен. Брайан Трейси 4 бағыттағы инвестиция туралы айтады. Үйдің 4 қабырғасының болатыны сияқты, адамның толыққанды жан-жақты дамып, жетілуі үшін 4 бағытта дамуға көңіл бөлуі тиіс. Ол бағыттар: 1-денсаулық, 2-интелектуалдық даму, 3-психологиялық даму, 4- рухани даму. Осы 4 бағытты тең ұстап, соған жете көңіл бөлген жан ғана жан-жақты дамый алады. Ондай адамның бүгін жасаған саналы және мақсатты әрекеттері  жарқын болашағына жол ашады. 4 бағыттағы дамуға жете көңіл бөліп, осы бағыттарда нақты әрекет жасап жүрген адамның жетістікке жетпеуі мүмкін емес. Яғни, ондай адам өз болашағын өз қолымен жасайды.

Инвестиция ғана болашағыңызды өзгертеді

Ертеңгі болашағыңыздың қандай болмағы, бүгінгі жасаған нақты іс-әрекеттеріңізге тікелей байланысты болмақ. Егер сіз бүгінгі күніңізді еш пайдасы жоқ бос істермен өткізсеңіз, ертеңгі күні алдыңыздан нәтижесіз бос нәрсе шығатын болады. Өкініштісі сол, адамдардың көбі өздеріне еш пайда әкелмейтін нәрселермен айналысып, уақыттарын босқа өткізіп жатады. Және ондайлар болашақтан кездейсоқ бақыт құсы басына қонып, өмірін өзгертетіндей көріп, таңғажайыптарды күтумен өмірлерін өткізеді. Егер сіз бүгін болашағыңыз үшін ештеңе істемесеңіз, ертең кездейсоқ бақ құсы басыңызға қонбайды.

Бұл ақиқатты түсіну үшін мына қарапайым жайға назар аударып көріңіз. Сіз күн сайын күндегі оянатын мерзіміңізден жарты сағат бұрын тұрып, 15-20 минут дене жаттығуын жасасаңыз, осылай бір апта, немесе бір ай бойы үзбей жасап жүрсеңіз, оның нәтижесі денсаулығыңыздың жақсарып, өзіңізді сергек сезіну, бойыңызға күш құйылып, болбырлықтан, жалқаулықтан арыла бастау сияқты өзгерістер түрінде алдыңыздан шығады. Бұл – 2х2=4 деген сияқты ақиқат.

Брайан Трейси аптасына бір кітап, айына 4, жылына 50 кітап оқитынын айтады. Ол бұны әбден әдетке айналдырып алған. Нәтижесінде бизнес, менеджмент, инвестиция саласынан көп білім алып, сол салаларыдң білікті маманына айналған және бақуаттылыққа қол жеткізіп, миллионер атанған.

Әлемге әйгілі актер және спортшы Шварцнеггер күн сайын 8-10 сағат спорт жаттығуларын жасайды екен. Сол арқылы бұлшық еттерін өсіріп, сымбатты, қуатты адамға айналған. Әлемге әйгілі әншілер, спортшылар, жазушылар, басқа да салаларда биік нәтижеге жеткен адамдардың бәрі де күн сайын көп уақыттарын жаттығуға, өз білімі мен біліктілігін жетілдіруге арнап отырған. Тек сондай тұрақты және ұзақ еңбектің арқасында ғана сондай нәтижелерге жеткен.

Түйін: өміріңізді жақсы жаққа өзгерткіңіз келсе, алдыңызға нақты мақсат қойып, жоғарыда аталған 4 бағыт бойынша алдымен аз-аздап, кейінірек  қоса отырып көбірек уақытыңыз бен күш-қуатыңызды, қабылетіңізді жұмсап, нақты әрекет жасауды әдетке айналдырыңыз. Сонда ол әрекеттеріңіздің нәтижесі болашақта алдыңыздан жағымды өзгеріс түрінде міндетті түрде шығатын болады.

Интернеттен ақша табу, инвестиция, халық емі, қашықтан жұмыс істеу, т.б. тақырыптарға байланысты барлық пайдалы ақпараттарды түгел бір сайттан - PAIDALY AQPARAT сайтынан таба аласыз. Сайтқа мына сілтеме арқылы кіріңіз: https://seixun.ru/

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика