Инвестор ешқашан ұтылмайды

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

өзін жетілдіруИнвестор дегенді көбіміз экономиканың түрлі саласына ақша салып, пайда табатын қалталы кәсіпкер деп түсініп жатамыз. Шындығында инвестор – бұл болашақ үшін еңбек ететін, ертеңгі күннің жайын ойлап, жарқын болашағын өз қолымен жасайтын адам. Тек ақшаны ғана инвестициялауға болмайды, уақытты, күш-қуатты, білімді, оның ішінде рухани ілімді де инвестициялауға болады.

Сегіз қырлы, бір сырлы Трейси

Американдық миллионер бизнесмен, өзін-өзі жетілдіру саласында көптеген еңбектер жазған және осы салада жыл сайын миллиондаған адамға лекциялар оқитын тәлімгер Брайан Трейсиді сегіз қырлы, бір сырлы деген атқа нағыз лайықты жан десек, артық айтқандық болмас.

Кедей отбасында туып, бай адамдардың бәрі біреулерді қанау арқылы, яғни арам жолмен байыған, кедей адам ешқашан бай бола алмайды дегенді санасына сіңіріп өскен ол үшін кейін осы түсінікті өзгерту қиын болыпты. Десе де, өмірдің өзінен үйренуге бейім жігіт байлыққа жетуге кез-келген адамның мүмкіндігі болатынын ұғады.

Трейси ең алдымен, өз ақыл-ойымен мол байлыққа жетіп, қайыршыдан миллионер болған адам. Оның екінші қыры – спортпен айналысатындығында. Күн сайын бір сағаттан астам дене жаттығуын жасайтын ол жасы жетпістен асса да мығым және күніне 12-14 сағат жұмыс істейді екен.

Аптасына бір кітап оқуды берік әдетке айналдырған Трейси бизнестің барлық саласы бойынша өз бетінше оқып терең білім алған адам. Оның ақылын капиталы миллиардтаған доллар болатын ірі компания басшылары да үнемі сұрап отыратындығы осыдан болса керек.

Ақырсында, Трейси, өмірден қуаныш тауып, бақыт құсын басына қондырған адам. Яғни, ол жаны сүйген іспен айналысып, әрдайым қуанышты көңіл күдей жүреді, өзгелерге қолынан келгенінше көмектесіп, қайрымдылық шараларына да белсене қатысады.

Байлық – мұрат емес

Нарық билеген қазіргі заманда адамдардың көбі бай-бақуатты болуды армандайтыны жасырын емес. Ондайлар әдетте байлыққа қолы жетсе, бақытты боламыз деп санайды. Шындығында, байлық бақытқа жеткізудің бір құралы ғана дейді Трейси. Оңай жолмен келген ақша еш қуаныш әкелмейтіні өз алдына, қалай тез келсе, солай тез жоғалады. Сондықтан, шынайы бақыт өз еңбегіңмен тапқан байлықты дұрыс пайдалануда.

Қандай нәтижеге жету үшін де еңбектену қажет. Ештеңе еңбексіз өздігінен бола салмайды. Инвестордың қарапайым пендеден айырмасы сол – ол осы ақиқатты біледі және өзінің болашағы үшін еңбектенеді.

Мәселен, сіз салауатты өмір салтын ұстанып, күнде мұздай суға шомылсаңыз, ерте тұрып, дене жаттығуын жасасаңыз, ұйықтау мен тамақтану тәртібін сақтасаңыз, оның нәтижесі – денсаулығыңыз  жақсарып, ауру-сырқаудан аулақ боласыз, өзіңізді әрдайым сергек сезінесіз, кәрілікке де онша бой алдырмайсыз.

Егер сіз интеллектуалдық жағынан дамуға көңіл бөліп, шет ел тілдерін үйренсеңіз, компьютерлік бағдарламаларды меңгерсеңіз, қазіргі заманғы озық технологиялар жайында оқып, білсеңіз, нәтижесінде жоғары білікті маман боласыз және сол арқылы жалақысы жоғары жақсы қызмет табасыз.

Егер сіз рухани дамуға көңіл бөліп, дін ілімін меңгерсеңіз, имандылыққа жүзіңізді бұрып, күнадан аулақ болып, тақуалық жолды ұстансаңыз соның нәтижесінде санаңызға имандылық ұялап, Аллаға деген сеніміңіз артады, сауапты жақсы істер істеп, о дүниедегі жұмақтағы орныңызды тауып қоясыз.

Қандай жағдайда да инвестор болуға құлшыныңыз

Ертеңгі болашағын ойлап, сол үшін бүгін еңбек ететін инвестор міндетті түрде ойына алған мақсатына жетіп отырады. Трейсидің өзін өзі жетілдіру курсында жалпы ауқымы жиырмаға тарта заңдар туралы айтылады. Ол заңдардың бәрі ойдан шығарылған болжам емес, нақты өмір тәжірибесі арқылы сыналған жұмыс істейтін заңдар.

Бірінші заң – себеп-салдар заңы деп аталады. Қандай нәрсенің де себебі мен салдары болатыны күмән туғызбайтын ақиқат. Мәселен, сіз тау ішінде айқайласаңыз, оған ілесе жаңғырық шығады. Себеп – сіздің айқайыңыз, салдар – жаңғырық. Сол сияқты егер сіз біреуге жылы сөз айтсаңыз, ол да жылы жауап қайтарады. Керісінше, қатты айтсаңыз, өзіңіз де басқадан ұрыс естисіз. Бұл да себеп-салдар заңдылығы бойынша іске асатын құбылыс.

Осы жайдан мынаны түйіндеуге болады: егер сіз болашағыңызды ойлап, алдыңызға нақты мақсат қойып, сол мақсатқа жеткізетін шаруаларды жасасаңыз, міндетті түрде белгілі бір уақыт өткен соң нәтижесі көрінеді. Өкініштісі сол, адамдардың көбі бұған еш көңіл бөлмейді және алдарына нақты мақсат қоймай, бір күндігін ойлап тірлк кешеді. Оның нәтижесі әдетте кедейшілік, тұрмыс тауқыметі, айналасындағылармен теріс қатынас, ауру-сырқау, түрлі қиындықтар, ақыр соңында өлгеннен кейін жасаған күналары үшін тозаққа түсіп, тауқымет тарту болып жалғаса береді.

Болашақ үшін еңбек етіп, игілікке кенелемін десеңіз, инвестор болыңыз, яғни өзіңіздің болашағыңыз үшін бүгіннен бастап еңбек етіңіз. Жарқын болашақ өздігінен келе салмайтынын, ол үшін тер төгіп еңбектену қажет болатынын дәлелдейтін жайларды өмірде қай-қайсымыз да үнемі көріп, куәсі болып жүреміз. Сондықтан, қандай жағдайда да инвестор болуға құлшыныңыз.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика