Ислам дініндегі теріс ағымдар

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

102Пайғамбар айтты деген мынадай сөз бар: «Ең таза мұсылмандар менің замандастарым, онан кейінгі және содан кейінгі ұрпақ өкілдері». Осылайша, Пайғамбардың айтуынша, онымен замандас болған, көзін көрген сахабалар, онан кейінгі буын – таблигиндер және үшінші буын өкілдері таза мұсылман болған екен. Осы үш ұрпақтан кейін ислам дініне деген нық сенім азайып, ақырындап теріс ағымдар белең ала бастаған сияқты.

Ислам дінінің жіктелуі Пайғамбар қайтыс болған соң көп ұзамай-ақ білінген. Пайғамбардан кейін ислам әлемін басқарған төрт халиф: Хазірет Әбубәкір, Хазірет Омар, ХазіретӘли және Хазірет Осман – бәрі де кісі қолынан қаза тапқан. Осының өзі мұсылмандар арасындағы қайшылықтың ерте заманнан абстау алатынын аңғартса керек. Ислам діні алғаш рет сүүнизм және шиизм болып екіге жарылды. Сұмдығы сол, қазір сүүниттер мен шиитер бірін-бірі жалпақ тілмен айтқанда иттің етінен жеккөреді. Олар айнымас қас дұшпандар сияқты. Бір дінді ұстана отырып, бір-біріне осынша жеккөрініште болу Пайғамбардың өсиеттері мен ислам дінінің қағидаттарына толайым қайшы екендігін бұл ағымдардың өкілдері мүлдем түйсінбейтін сыңайлы.

Ислам дініндегі теріс ағымдар орта ғасырларда пайда болып, кейін келе дамып, күшейе түсті. Осындай ағымдардың бірі ретінде бүгінде ислам дүниесінде үлкен бедел мен қолдауға ие болып отырған Әбділ Уаххаб дегеннің шығарған діни ағымы. Оны уаххабизм деп атап, бүгінде Сауд Арабиясы және бірнеше араб мемлекеттері ресми дін етіп ұстанып отыр.

Неджден шыққан ібіліс

Уаххабизм ағымының негізін 1703-1787 жылдарда өмір кешкен Неджден шыққан Мұхаммед Абдель Уаххаб салған. Ол 12-ші ғасырда өмір сүрген сириялық дінтанушы Ибн Таймияның идеясының негізінде жаңа діни ағым ойлап тауып, исламды «тазартуға» бел байлайды. Бұл діни ағым алғашқы кезден бастап сөз жүзінде емес, нақты іс жүзінде исламды тазартуға білек сыбана кіріседі. Осылайша Абдель Уаххаб көтерілісшілер тобын ұйымдастырып, қолдарына қару алып, қазіргі араб түбегінде біраз жерді жаулап алады. Қырық құрау болып бөлініп кеткен араб әміршілерін талқандау оған оншалық қиындық туғызбаған тәрізді. Дегенмен, сол тұста әлемдегі ислам дінінің қорғаны саналған осман импариясы жаңа «пайғамбарға» қарсы күшті  әскер аттандырып, көтерілсшілерідң тас-талқанын шығарады. Бас көтергісіз болып жеңілген Абдель Уаххаб осыдан кейін жаңа идеясымен қош айтысуына тура келеді.

Бірақ та, арада бір жарым ғасыр уақыт өткендей Абдель Уаххабтың ағымы араб түбегінде қайтадан бас көтерді. Ақсүйектен шыққан Аль Сауд Абделазиз Уаххабтың ағымын өз мақсатын жүзеге асыру үшін пайдалануға бел байлайды. Жас көшбасшы мұсылманның қасиетті қалалары саналатын Мекке мен Мединені қоса бүкіл араб түбегін жаулап алып, өзіне бағындырды. Ал түбектен мұнайдың мол қорының табылуы және өндірілуі сұлтанның күшіне күш қосып, сол арқылы жаңа ағымның берік орнығуына игі ықпалын тигізді. Бүгінде уаххабизм Сауд Арабиясы мен Катарда ресми дін болып саналады. Шийтердің 10 пайызы, сүнниттердің бір пайыздан астамы Абдель Уаххабтың ағымын ұстанады.

Уаххабшылардың ұстанымы қандай?

Уаххабшылар ислам дінінің төрт ұстыны саналатын 1) Құран; 2) хадистер мен сунналар (пайғамбардың сөздері мен әрекеттері жайлы жазбалар); 3) кийас (хадистер мен Құранға сүйене жасалған тұжырымдар); 4) иджмаа (ислам дінінің беделді өкілдерінің бірауыздан мақұлдаған тұжырымдары)  ұстанымдардың тек алғашқысын, яғни Құранды ғана мойындап, басқаларын теріске шығарады.

Дәстүрлі ислам дінінің өкілдері әдетте діннің негізін салған пайғамбарымызды қатты құрмет тұтса, уаххабшылар пайғамбарды Алланың сөзін жеткізуші «курьер» ретінде ғана санап, оған еш құрмет көрсетпейді.  Уаххабшы салафиттер (салафит пен уаххабшылардың ұстанымы бір) мазхабсыз дін ұстанымын ту етіп ұстанған. Яғни, олар Құранда не жазылса соны жасап, қасиетті кітапты өз ақылымен түйсінеді және діни рәсімдерді де өз бетінше жасайды.

Уаххабшылар әйелдерді адам ретінде санамай, әрдайым зорлық-зомбылық көрсетуді әдетке айналдырған. Олар әйелдердің басынан аяғына дейін қара матамен бүркеп, үйден ер адамның қорғауынсыз далаға шығармайды, сәл-пәл кінәсі үшін ұрып-соғады, әйелдердің қызмет істеуіне, саясатпен айналысуына қатаң тиым салынған.

Уаххабшылар қасиетті жерлерге, мәдениет пен тарихи орындарға жеккөрінішпен қарайды. 2001 жылы ауған тәлібтері 1700 жыл бұрын салынған Будданың 29 метрлік алып мүсінін тас-талқан етіп қиратты, ал 2002 жылы Қағбаның сырт жағында орнатылған оттамандық Аджиад фортын бұзып тастады. Оны айтасыз уаххабшылар Мекке мен Мединенің тарихи ескерткіші саналатын ескі ғимараттары мен кварталдарын түгел қиратты. Олар тіпті, пайғамбарымыздың қызы Фатима мен немересі Хасанның қабірі жатқан ескі бейтті де бұзып, сырып тастап, орнына жаңа үйлер салғызды. Мұнымен де тоқтамаған уаххабшылар мың жарым жылдай тұрған Меккедегі пайғамбарымыз бен жары Хадишаның үйін де тас-талқан етіп қиратып тастады.

Уаххабшылар такфиритті (кәпір деп жариялау) негізгі ұстанымы етіп алған. Олар өз бетінше адамдарды дінсіз кәпір деп жариялап, тіпті  жазасын да өздері тағайындайды. Мұндай соттар әдетте халықтың көзінше кәпірлерді өлтірумен аяқталып жатады. Уаххабшылар барлық христиандар мен иудейлерді дінсіз кәпір деп санайды.

Уаххабшылардың осындай ұстанымының қандай нәтижеге жеткізгенін тарих нақты дәлелдермен көрсетіп келеді. Алжирдегі салафиттердің көтерілісіне қарсы мемлекет әскерінің соғысы кезінде 100 мыңнан астам мұсылман опат болды. Ал Ауғанстандағы азамат соғысы кезінде уаххабшылар мыңдаған адамдарды қырып-жойды. Қазіргі Сириядағы ұрыс қиымлдарының салдарынан көптеген жазықсыз жандар қаза тауып жатыр. Уаххабшылардың қолымен жасалған мұндай қантөгістерді мысал ретінде көптеп келтіруге болады.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика