Ислам дінінің қадірін қашырып жүргендер кім?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Жыл санап еліміздегі зәулім мешіттер қатары көбейіп, намаз оитындар саны артып келеді. Намазхандардың арасында, тіпті мектеп жасындағы балалардың көбеюі  ислам дінінің қоғамымызға кең еніп бара жатқанын дәлелдейді. Бұның бәрі қуанарлық, құптарлық жай деп санағанымызбен, таяқтың екі ұшы болатыны сияқты оның залалды жағы да қазіргі күні анық байқалуда.

Дін мен саясат

Қазақстан әлемдегі алдыңғы қатарлы өркениетті елдер сияқты зайырлы мемлекет саналады. Зайырлы болғандықтан, дін мемелкеттен бөлек болуы тиіс және дін істеріне мемлекет араласпайды, ал мемлекет шаруасынан дін аулақ болады. Дегенмен, қазіргі жағдай  діннің, оның ішінде өзіміз айтып отырған ислам дінінің саясаттанып бара жатқанын көрсетеді.

Өткен жылы жазда Арыс қаласында әскерилердің салдыр-салақтығынан қару-жарақ сақтайтын қоймада өрт шығып, оның жарылысы бірнеше адамның өмірін қиды және қаладағы сол аумақтағы көптеген үйлерді қиратты. Айдың күннің аманында арыстықтардың біразы баспанысыз қалып, қиын жағдай қалыптасты.

Міне, осы тұста, Шымкент қаласына келіп, облыс әкімдігінен көмек бола ма деген апаттан зардап шеккендерге мемелкеттік қызметшілермен бірге дін қызметкерлері де келіп, тыныштыққа, сабырлылыққа шақырды. «Сабырлы болыңдар, болған іске болаттай берік, шыдамды  болу керек» деген жақсы-ау, бірақ үйсіз-күйсіз қаңғып қалған адамдарға ондай сөзден еш пайда жоқтығы белгілі ғой.

Ал Астанада мешіт алаңына жиналып, өз құқықтары туралы айта бастаған адамдарды мешіт имамы «бұл жерде заңсыз жиын өткізуге болмайды» деп шыр-пыры шығып қууға тырысты. Өткен жылы жазда өз қиындықтарын айтып шыққан жалғыз басты аналардың алдына да имам-молдалар барып, тыныштандырмақ болды. Дін қызметкерлерінің осындай қиын сәтте халық жағына емес, билік жағына шығып, уағыз-насихат айтуы  тұрмыс тауқыметінен қажыған қарапайым жұртшылықтың ашу-ызасын туғызатыны айтпаса да түсінікті.

Дін қызметкерлерінің арасында мешітте уағыз айтқанда «патшаға қарсы келуге болмайды, бәрі Алланың еркімен болып жатқан іс, сондықтан шыдамды болу керек» деген мазмұндағы сөздері де көпшілік тарапынан теріс пікірлер туғызып жатқанын әлеуметтік желілердегі пікірлерден бағамдауға болады.

Халық – Алланың бір сипаты

Құранда Алланың 99 сипаты, яғни есімі берілген. Дегенмен, бұл Жаратқанның 99 ғана сипаты бар екен деген түсінікті білдірмейді. Оның сипаты шексіз көп. Ол туралы Пайғамбардың хадистерінде, сахабалардан қалған ұлағатты сөздерде айтылады. Сондай түсініктің бірі «Алланың бір сипаты – халық» деген ұғым.

Халық дегеніміз – бұл барша саналы адамзат. Саналы адамдардың бәрін Алла жаратты. Ендеше жаратылысымен Өзінің арасында айырмашылығы жоқ Алланың бір сипатын халық деген шындықтан алыс емес. Ал бүгінгі ислам діні қызметкерлері тарапынан сол қарапайым халықтың мүддесіне қайшы келетін әрекеттердің жасалуы – жұртшылықтың дінге деген теріс көзқарасын қалыптастыратыны айтпаса да белгілі.

Соңғы кезде ютуб арнасында ислам діні қызметкерлеріне қарсы айтылған пікірлер жазылған роликтер көбейіп кетті. Ал әлеуметтік желілерде, тіпті ислам дінін қаралап, оған қара күйе жаққан пікірлер аз емес. Бұның астарында ислам дінінің қадір-қасиетінің кете бастағаны, халық алдындағы беделінің төмендеп бара жатқаны көрінетіндей.

Ислам діні адамдардың жүрегіне имандылық ұялатып, оларды ізгілік пен жақсылыққа бастайтын дін түрінде мыңдаған жылдар өмір сүрді. Бұл діннің тазалығында, Алладан келген ақиқаттығында еш күмән жоқ. Бірақ, діннің қадірін қашырып, халық алдындағы беделін түсіріп жатқан басқа емес, ең алдымен дін қызметкерлері мен діндарлар.

Сақал қойып, өзін керемет мұсылман санайтын Мұхамеджан Тазабеков деген  бұрынғы айтыс ақынының құқық қызметкерлерімен кездесуде айтқан сөздері мұсылман түгілі, қарапайым пенденің өзін шошындыратын дөрекілікке толы екені қайран қалдырады. 15 рет қажыға барған ол қасиетті Меккеде рұқсат етілмеген жерде намаз оқығандарды полицейлер құйымшаынан аямай тебеді дегенді айтады. Қасиетті Мекке түгілі, мұндай жаман әрекетті басқа қалаларда да  шетелдіктерге полиция қызметкерлері ешқашан жасамайды. Қазақстанның бір қаласына келіп, Борат болып киініп, бұттарына болар-болмас лыпа киіп, қазақтарды мазақ қылған шетелдіктерді полияиця қызметкерлері бөксеге теппей-ақ, жылы сөзбен ақырын сөйлесіп жөнге салды.

Сириядағы, Ирактағы, Ауғанстандағы мұсылмандар мен мұсылмандардың қантөгіс қақтығыстары, ислам атын жамылған лаңкестердің жазықсыз жандардың қанын төгу оқиғалары – осылардың бәрі ислам дінінің қадірін қашырып, әлем алдындағы беделін әбден түсіріп болды. Қазақстанда, тіпті ислам дінін жеккөретін адамдар саны өсіп барады. Бұл – өте жаман құбылыс. Егер дін қызметкерлері мен діндарлар тарапынан дінді саясаттың сасық ойындарымен былғау жағдайлары қайталана берсе, онда ислам діні беделінен жұрдай болып, еліміздің көп азаматтары дінге ашық қарсы шыға бастайтын жағдай болуы мүмкін.

Алланың беделді пайғамбарларының бірі – Иса пайғамбардың  уағызына қарсы шыққан, оны айқыш ағашына астырып өлтірткен – фарисейлер, яғни дін қызметкерлері болғандығы тарихтан белгілі,  «Балық басынан шіриді» деп халық даналығында айтылғандай, дінді бұзатындар да діндарлар мен дін қызметкерлері болатындығын тарих талай дәлелдеген. Осындай тарихи қателікті ислам діндарлары мен дін қызметкерлері қайталамауы керек-ақ.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика