Ислам дінінің бітіспес жаулары

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

суфизмТаяуда Фейсбукте бір қазақ тобына блогымда жарияланған сопылық ағым туралы жазылған мақаланы орналастырған едім. Менің сол мақалама байланысты біраз адамдар теріс пікірлер жазды және көп ұзамай топ әкімшісі мақаламды алып тастады.
Бұған осыдан бірнеше жыл бұрын Сматулла қари деген біреу ұйымдастырған жария зікірші дейтін өздерін сопымыз деп жариялаған біреулердің теріс әрекеттері себеп болды. Яссауи жолын жалғастырушылармыз деп сопылық ағымға жұрт арасында жеккөрініш туғызған, ол аз десеңіз еліміздің қауіпсіздігіне қатер төндірген жария зікіршілердің басшылары ұзақ мерзімге сотталды.

Ислам дінін жиіркенішті етіп көрсету кімге керек?

Теледидардан 2001 жылдың 11 қыркүйегінде Нью-Иоркте болған лаңкестік әрекетке арналған фильмді көрдім. Бортында 96 жолаушысы бар лайнерді 5-6 адамнан тұратын ислам экстремистері басып алып, Вашингтонға бағыттайды. Ойлары мемлекеттік маңызы бар бір нысанды жою болады.

Жазықсыз сонша адамның өмірін құрбандыққа шалған әлгі жанкештілердің «Аллаху акбар» деп Алланы ауыздарына алып жасаған есуас әрекеттерін көргенде жасыратыны жоқ мұсылман болып туғаныма қорландым. Осы киноны көрген әрбір адамның бойында ислам дініне деген жеккөрініш пен жиіркеніш сезімінің туындары анық.

Алланың атын арқаланып, дін атын жамылып ислам дініне ғана емес, адамгершілік қасиетке мүлдем сай келмейтін қатыгез және есуас әрекет жасап жүргендер – исламның бітіспес ең қаскүнем жаулары екендігі дау туғысбас шындық.

Олар осындай әрекеттерімен дін исламды, пайғамбарымызды барша әлем алдында жексұрын етуде. Қынжыларлығы сол, олар қауғитып сақал қойып, сәлде тағады, бес уақыт намаз оқиды, ораза ұстайды. Өздерін осылайша исламның қорғаушысымыз деп ұғынатын ондайлардың әрекетінің салдары – қазір ислам дініне деген барша әлем тарапынан жеккөрініш туындауынан көрініп отыр.

Сопылық ағым қауіпті ме?

Ислам дінінің тазалығын сақтап, халыққа түсіндіруге, бар ғұмырларын Алланың разылығына арнаған әулие сопылар аз болмаған. Шындығында – олар ислам дінінің тірегі болды. Мәселен, орта ғасырларда Стамбулда өмір сүрген сопы Махмуд Құдайиді Осман империясының сұлтандары ұстаз санап, қатты құрметтеген.

63 жасында өз еркімен дүниені тәркі етіп, жер астына түскен Қожа Ахмед Яссауи бабамыздың жатқан жеріне жарты әлемді жаулап алған ақсақ Темір үлкен кесене салдырды. Атақты әмірші сопыға неге сонша құрмет көрсетті? Мұның астарында сопылық ағымның дін исламдағы ерекше орны жатқаны анық.

Ал Сматулла сияқты ислам дінінің дұшпандары сопылық ағымды шын мәнінде мазақ етті, халыққа жексұрын көрсетті. Ол және соңынан ергендер өз мақсаттарына жетті. Оның айғағы қазір Қазақстанда сопы деген сөзді естіген әрбір адам «лә илаха илалла» деп көздері аларып, қолдарын шапалдақтап есіріп билеген ежелгі бақсыларды еске салатындарды көз алдарына елестететін болды.

Сопылық ағым қазір бар ма?

Мен дін саласын жақсы білетін бір пірадардан сопылық туралы сұрағанымда ол бұрын болған көптеген сопылық мектептердегі шәкірттік сабақтастық үзіліп қалғандығын айтты. Қазір әлемде төрт сопылық мектеп қана бар екен. Ал Қожа Ахмед Яссауи мектебінің шәкірттік сабақтастығы әлдеқашан үзілген. Яғни, бұл қазір өлі жол болып табылады. Ал оны тірілтпек болған Сматулла сияқтылардың әрекеті нәтижесіздігі өз алдына, теріс жолға түсірмек.

Сондықтан, қазір ең дұрысы шариғат жолын сақтап, күнадан аулақ болып жүру, діни парыздарды орындау. Сопы боламын деп ұмтылу, бүгінде теріс жолға түсіп кету қаупіне бас тігу деген сөз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика