Кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктер – Қазақстан виртуалды нарықта

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Кәсіпкерлік мүмкіндік деп қазіргі кезде жаңа өнімге, қызметке немесе бизнеске айтарлықтай қажеттілік тудыратын жағдайлардың қолайлы жиынтығын айтамыз. Бұл өте маңызды мәселе: көптеген кәсіпкерлер нашар өнімді ұсынғандықтан емес, оларды басынан бастап тұтынудың, сатудың жолдары мен тұтынушыға ұсынудың тиімді нақты мүмкіндігі болмағандықтан да сәтсіздікке ұшырап жатады.

Нарық, ең алдымен, белгілі бір орын, нарықтар шынайы және виртуалды болып келеді. Бірақ олардың мақсаты бір, олар тауарларды ақшаға айырбастауға қызмет етеді.

Кәсіпкерлер үшін виртуалды нарық — бұл барлық операцияларды жүргізу үшін компьютерлік технологияны қолданатын тауарлар мен қызметтерді бөлісу ортасы. Нарықтардың конфигурациясын түбегейлі өзгертті жаңа мүмкіндіктер.

Ғаламдық Интернет мамандардың мүмкіндіктерін шексіз ғажап жағдайда кеңейтуде. Компьютердегі адам әлемдегі құнды ақпараттарға, әлемдік мәдениеттің барлық қазыналарына қол жеткізіп қана қоймады. Интернет негізінде бизнесті ұйымдастыруға, қысқа мерзімде нарық қатысушыларына әлемдік нарыққа шығуға мүмкіндік береді. Компьютердегі кәсіпкер виртуалды әлемнің тұрғынына айналды, онда бәрі мүмкін, және бұл виртуалды әлем үнемі, жоғарғы қарқынмен дамып келеді.

Бұл виртуалды нарық отандық кәсіпкерлердің қарқынды дамуына үлес қосатындай  үлкен жаңа мүмкіндіктер тудыруда: 

Интернетке қолжетімділік.

 Қазақстан халқының интернетке қолжетімділік деңгейі өте жоғары. Нақтылап айтқанда, әлем елдерінің рейтингтік көрсеткішіне сәйкес 190 елдің арасында Қазақстан 28-ші орында яғни интернетке қолжетімділігі халықтың 84,40%  құрайды. Бұл қазақстан кәсіпкерлері үшін өте үлкен мүмкіндік.

Қазақстан дамыған технологиялы мемлекет

 Дамыған технологиялары бар әлем елдерінің рейтингтік көрсеткішіне сәйкес 190 елдің арасында Қазақстан 36-ші орында. Бұл жарияланатын рейтинг төрт көрсеткіш негізінде қарастрылған:

пайдаланушылардың санына;

смартфондарды пайдаланатын халықтың үлесіне;

LTE пайдаланатын халықтың пайызына,

жаңа технологияларды әзірлеуге және инновацияларды құруға ашықтық.     

Жоғарғы қолма-қол ақшасыз төлемдер көрсеткіші

Қазақстандықтар ҚР тарихында алғаш рет қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі алынған қолма-қол ақша көлемінен асып түсті. 2019 жылы қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі 2,3 есеге артып, алағш рет шамамен 14,4 трлн теңгені құрап, біраз мамандарды таңдандырды.

Электрондық коммерцияның қарқынды дамуы

ҚР сауда және интеграция министрінің мәліметі бойынша қазіргі таңда  бүкіл әлемде бөлшек электрондық коммерция нарығы дәстүрлі сауданы ығыстыра отырып, озық қарқынмен өсіп келе жатыр.  Қазақстанда  2019 жылы электрондық саудада 36,8 мың жаңа жұмыс орны құрылған, электрондық ақша жүйесінің эмитенттері 572,8 млрд теңге электрондық ақша шығарды. Электрондық ақша жүйелері арқылы 580,2 млрд теңге сомаға 174,9 млн транзакция жүргізілген. Сондай-ақ Қазақстандық электрондық ақша жүйелері арқылы жүргізілген барлық операциялардың 65% – ы Интернетте, 16% – ы мобильді қосымшалар арқылы, 19% — ы электрондық терминалдарды пайдалана отырып жүргізілген.

Жоғарғы мобильді интернет  пайдалану деңгейі

TNS Central Asia агенттігінің зерттеулеріне сәйкес, Қазақстан халқының 83% — ы мобильді интернетті пайдаланады.

Әлеуметтік желі

Елімізде 2020 жылдың қаңтарында Қазақстанда әлеуметтік желілерді пайдаланушылардың саны 9,50 миллион қолданушыны құрады.

Электрондық сауданың тағы бір тренді — бұл негізінен смартфондар арқылы сатып алу. Смартфондардың көмегімен тапсырыстарды ресімдейтін сатып алушылардың үлесі бүкіл әлемде 54% — ды құрайды. Қазақстанда бұл көрсеткіш 65% — ға жақындады.

Қорыта айтқанда, Қазақстанда күн сайын онлайн-сауданың үлесі қарқынды артып келеді. Демек бұл отандық кәсіпкерлері үшін өте үлкен мүмкіндік. Интернет танымал болғаннан бері оны кәсіпкерлік мақсаттарға кеңінен тиімді түрде қолдана бастады. Бүгінгі таңда интернет әлемнің барлық түпкір-түпкіріне барып, кәсіпкерлер үшін барлық тұтынушыларды бір жерге жинап, біріктіріп отыр. Интернеттің көмегімен әлемнің кез-келген бұрышында виртуалды нарықтағы жаңалықтар мен өзгерістерді оңай, жылдам білуге болады.  Кезінде бизнеске қатысты ақпараттар қол жетімсіз болып, ізденуге, үйренуге, танысуға ұзақ уақытты алатын. Қазір барлық ақпарат, жаңалықтар, бәсекелестеріңіздің әр бір әрекеті бәрі-бәрі қолыңыздағы смартфонда десек болады. Және бизнестегі мүмкіндіктеріңіз 24 сағат өзіңізбен бірге.

Ақпарат көздері:

  • mk-kz.kz сайты, Қазақстан 2018 жылдың 31 қазанында шыққан Doing Business рейтингісінде 190 елдің ішінде;
  • ru.sputnik.kz сайты, Қазақстан әлемнің технологиялық дамыған елдері рейтингінде Қытай мен Ресейді басып озды;
  • news.myseldon.com сайты, Электрондық ақша жүйелері арқылы жасалатын операциялар көлемі;
  • web-canape.ru сайты Жаһандық есептегі ең маңызды сандар, Digital компаниясының есебі 2020ж.
  • inform.kz  сайты Қазақстанда смартфон көмегімен сатып алушылардың үлесі 65 пайызға жақындады.

                                                                                              Б.Бәдел,                                                                   Астана-Тұран университеті экономика» факультетінің магистранты. 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика