Көңілің сүйген іспен айналысу – бақыт

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Бүгінгі нарық заманында барша әлемді билеген қуат – ақша болып отыр. Ақшаға бәрін де сатып алуға болады. Содан ба, адамдардың, әсіресе жастардың бәрі дерлік «бақыт деген – мол ақша» деген түсінікке сенеді. Шындығында, ақшаға бәрін бірдей сатып ала алмайсыз және байлық адамға шынайы бақыт әкеле алмайды. Бұл әлдекімдер айтатын «байлыққа жете алмаған адамдардың түсінігі» емес.

Мамандықтың бәрі жақсы ма?

Орыс халқының «Там хорошо, где нас нет» деген нақыл сөзі бар. Мағынасы: «Біз жоқ жерде, бәрі жақсы» дегенге келеді. Шындығында, адамдардың көбі өзгелердің бәрі бақытты өмір кешіп жатқандай көреді. Іс жүзінде, бақыттан бастаы айналып жүргендей өзгелерге қоқырая қарап, байлығы мен мансабын көрсетуге ынтық жандардың шекелері шылқып жатқан ештеңесі жоқ.

1990-шы жылдары «Байлар да жылайды» деген сериал көрсетілген еді. Байлыққа белшеден батқан жандардың қайғыдан қан жұтып, тауқыметтен көз ашпай жүргендерін көргенде, бар бақыт байлықта деп түсінетіндердің жаңсақ ойлайтынын сезінуге болады. Бұл жәй кион ғой дерсіз, шын мәнінде ол сериал бастан аяқ ойдан шығарылмағаны анық. Оқиға желісі нақты өмірден өрілген.

Қазіргі күні әсіресе, жастардың арасында неғұрлым көбірек жалақы төлейтін болса, соғұрлым ол жұмыс жақсы деген ұстаным қалыптасқан. Ол жұмыс өзіне ұнай ма, жоқ па, бәрібір. Тек жалақысы мол болса болғаны. Бір қарағанда, солай сезілгенмен, сондай жалақысы жоғары қызмет атқаратындардың бақытты болып жатқаны аз. Бұрын қарапайым қызмет еткен, кейінірек жағымпаздығының арқасында жақсы қызметке қолы жетіп, қомақты жалақы алатын бір танысым бар. Бұрын кішіпейіл еді, қазір өте қатты тықыр болып, мінезі өзгеріп кеткен және жоғары жалақы оны байыта алған жоқ. Ал осындайлардың біразын білемін.

Керісінше, қатардағы тілші болып қызмет ететін таныстарымның бәрі көңілді, ақжарқын. Олар өз жұмыстарын жақсы көреді. Жалақы үшін емес, сол жанына жағатын қызмет үшін еңбек етеді. Айтатындарының бәрі шығармашылық жұмыс жайында. Сондай әңгіменің өзінен үлкен қанағат тауып жатады. Осыған қарап: бақыт деген  жоғары жалақы алатын жұмыста емес, аз жалақы болса да, көңілің қалайтын істі атқаруда екен-ау деген ойға қаласың.

Жұмыс адамды шаршатпайды

Қабымен картоп сатамын және үйіңізге жеткізіп беремін деген хабарландыруды оқып, хабарласқан едім. Картоп сататын адам әйел болып шықты. Ол келіскендей бір қап картопты бесінші қабатта тұратын үйіме жеткізіп берді. Жасы алпысты алқымдаған зейнеткер орыс әйелі екен. Кем дегенде қырық келідей тартатын үлкен қапты бесінші қабатқа қалай көтеріп шыққанына қайран қалдым.

Кейін де мен ол кісіден картоп алып тұрдым. Менің жанымдағы көп қабатты үйде тұратын әйелдің қала сыртында саяжайы бар екен. Зейнеткер әйел көктем шыға саяжайына картоп, басқа да көкөніс егіп, қара күзге дейін бақшасынан шықпайды. Таза ауда еңбек еткеннен ғана емес, жалпы диқаншылықтан көңілі қанағат табатын әйелдің айтатын әңгімесі де түгел саяжай туралы. Шындығында, саяжай, бау-бақша – оның өмірі іспетті болып кеткендей екен. Бақша туралы әңгіме айтқанда көздері жайнап, ерекше бір күйге түседі.

Ал қызмет көлігі бар, жоғары жалақы алатын, үлкен лауазымды қызмет атқаратын біраз адамдарды білемін. Олардың қабақтары ашылмайды, көңілдері ештеңеге толмай, қарамағындағыларға үнемі жеки сөйлеп, көңіл күйлері болмай жүреді. Ондайлардың жадырап күлгендерін өте сирек көресің. Және қызығы сол, олар өз жұмыстары туралы да жарытып ештеңе айтпайды. Яғни, қызметтерін онша ұната қоймайды. Әйтеуір, мол жалақысы үшін амалсыз қызмет етіп жүрген секілді.

Түйін: Мына сұраққа шындыққа тура қарап жауап беріп көріңіз: жұмысым өзіме ұнай ма, жоқ па? Жұмысымнан қанағат аламын ба, әлде тезірек уақыт өтсе, қашан демалыс болады деп күн санап жүремін бе? Бұл жұмысты не үшін істеп жүрмін: а) жалақы үшін; б) көңіліме ұнағандықтан.

Егер сіз көңіліңіз қаламайтын іспен айналысып жүрсеңіз, онда бақыттымын деп айтуға моральдық қақыңыз болмайды. Өйткені, ол жұмыс сізге тауқыметтен басқа еш қанағат әкелмейді. Сондықтан, жаныңыз қалаған іспен айналысуға ұмтылыңыз. Өйткені, тек көңіл қалаған іс қана шынайы бақыт пен қанағат сезімін береді.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика