Көктемгі су тасқыны неге көбейіп барады?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Неге екені белгісіз кеңес заманында қазіргідей көктем болса елді мекендерді су басу оқиғалары бола қоймайтын. Ол кезде де қар қалың жауатын, бірақ елді мекендерді су басу жағдайлары  орын алыпты дегенді естмейтін едік. Ал соңғы жылдарда көктем болса-ақ, еліміздің әр өңірінде су астында қалып, зардап шеккендер туралы ақпарат құралдары тынбай айтып жатады. Биыл да сол әдет тағы қайталанды. Әсіресе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола облысының бірқатар елді мекендері табиғат апатынан қатты зардап шекті.

Облыс орталығы Көкшетау қаласының Қылшақты өзенінің жағалауына орналасқан вокзал аумағындағы біраз үйлер су астында қалды. Су астында қалған үйлерін тастай қашқан тұрғындар судың деңгейі түскенше біршама уақыт қиындық көрді. Әйтеуір, адам шығыны жоқ. Астана маңындағы Қоянды елді мекенінде көп үйлер су астында қалып,  тұрғындар тіпті, наразылық шеруіне дейін шықты. Ал Қостанай облысындағы Арқалық қаласының маңындағы біраз ауылдар түгелдей су астында қалды. Су деңгейі үйдің шатырына дейін көтеріліп, айнала шалқар теңізге айналып кеткен. Адам шығыны болмағанымен, көп тұрғындардың үйлері құлап, малдары суға кеткен. Бұрын-соңды бұл өңірде мұндай апат болмағанын айтқан жергілікті тұрғындар сонша судың қайдан келгенін білмей дал.

1980-90-шы жылдарда, 2000-шы жылдардың басында елді мекендерді су басыпты дегенді мүлдем естімейтін едік. 2010-шы жылдардан бастап су басу оқиғалары көбейіп кетті. Атбасар қаласының қанша тұрғындары үйлерінен айрылып, судан зардап шеккені есімізде. Бұның себебін билік басындағылар мен осы саланың мамандары қардың мол түсуінен және көктемде күннің күрт жылуына байланысты тоң ерімей, жердегі қар жерге сіңбей түгел сай-салаға құйылып, өзендер арнасынан шығып тасыйды деп түсіндірмек болады. Дегенмен, кеңес заманында да дәл осылай көктемде күннің күрт жылуы себепті қардың жаппай еру жағдайлары болатын. Бірақ та, ол кезде өзен, көлдер арнасынан шығып, айналасына жайылғанын, даладан келген судың елді мекендерді басқанын естімеппіз. Осыған қарап, қазіргі кездегі су тасқынының көбейіп кетуіне ауа райының өзгеруі де, қардың көп жаууы да кінәлі емес, бар кінә адамдардың  кеңес заманында қалыптасқан инженерлік жүйені бұзуынан, су тасқынының алдын алу шараларын жүргізбеуінен болып отырғандығын көнекөз қариялар мен көзі қарақты мамандар айтуда.

Түркістан облысының  бір егде жастағы тұрғыны кеңес заманында мамандар далада инженерлік жүйелер орнатып, айдаладан қарықтар қазып, көктемде еріген қар суы жиналатын  шағын су қоймаларын салатындығын айтты. Көктемде еріген қар суы арнайы қазылған арықтар арқылы ағып келіп, су қоймаларына құяды екен. Су қоймаларындағы суды жазда егіншілікке пайдаланады.  Осындай инженерлік жүйенің арқасында елді мекендерді су басу қаупі мүлдем болмаған.

Ал қазіргі күні сол ертеде қазылған қарықтардың бәрі бітеліп, су қоймалары жоғалған. Оны айтасыз, кеңес заманында  автокөлік жолдарының астынан әр аумақта арнайы қалдыратын су өтетін құбырлар ескерілмей, жаңадан салынған жолдарда ондай құбыр мүлдем салынбайтын болған. Биыл көктемде осындай жолдарды қатты су ағыны шайып кетіп, жолдарға үлкен зардап келтірді.

Көкшетау қаласының тарихына назар аударып қарасаңыз, қаланы су басыпты дегенді өмірі естімеппіз. Көнекөз қариялар да ертеде ондай жағдайдың болмағанын айтады. Ал соңғы жылдарда өзен жағалауын су басу оқиғалары неге жиілеп кетті? Бұл мәселенің байыбына бару үшін су саласының білгір маманы болудың еш қажеті жоқ. Оның себебі көзге  ұрып көрініп тұр. Сол су астында қалған вокзал маңындағы көпірден өзенге көз салып қараңызшы. Өскен қалың қамыс, шөгіндінің биіктегені сонша, арал сияқты жер көрініп жатыр. Бұл вокзалдың дәл қасындағы көпірдің маңының көрінісі. Қалың қамыс сол аумақтың көркін кетіріп қана қоймай, жазда  маса шығуына себеп болады. Жыл сайын қаланы абаттандыруға миллиондаған қаржы бөлініп жатыр, неге сол қаланың ішінен өтетін өзеннің табанын тазартып, бетонмен шегендеуге болмайды?  Астана көшіп келгенге дейін бұрынғы Ақмолада да өзен дәл біздегідей қамыс өсіп, батпақ болып жататын. Астана орнағасын өзен табаны тазартылып, бетонмен шегенделді. Өзеннің жағасы абаттандырылды. Соның нәтижесінде Есіл өзені айнадай болып жалтырап көз қуантып ағатын болды және айналасы жұртшылықтың демалатын сүйкті және көрікті орнына айналды.  

Көкшетауда да дәл солай етіп, өзен табанын тазартып, темір бетонмен шегендеп тастаса, су басу қаупі жойылып, қала көркін аша түсер еді. Бұған соншалықты көп қаржы қажет пе? Вокзал маңайындағы өзен жағалауындағы үйлерді су басуы бұл бірінші рет болып отырған жай емес. Бұрын да әлденеше рет су басты. Осы көзге ұрып көрініп тұрған су басудың себебін неге қала әкімдігі көрмейді?

Қазіргі төтенше жағдайлар қызметі апаттың салдарымен күресіп әуре. Салдарымен күресуды қойып, апаттың алдын алу шараларын жасауды қолға алмаса, бұндай су басу оқиғалары жыл сайын қайталана беретіні даусыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика