«Каспибанк» алаяқтарға жол ашып қойған ба?!

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Thief stealing a mobile phone from handbag of a woman isolated on white

Көкшетау қаласында тұратын алаяққа алданып 1 миллион теңгесінен айрылған орыс келіншегінің видеосы әлеуметтік желілерді кезіп жүр. Бұл арада адамдардың құқықтық сауаты төмен, сақтықты білмейді деген сияқты айыптаулар айтудың онша жөні жоқ. Әлгі келіншектің басынан кешкен жағдай күні ертең бәріміздің басымызға түсуі мүмкін. Өйткені, банк клиентінің телефоны мен басқа да мәліметтерін алдын ала біліп алған алаяқтың ондай мәліметтерді қайдан, қалай  алғандығы көңілге үлкен күдік ұялатады.

Оқиға былай болған. «Каспибанктің» қызметкерімін деп таныстырған бір адам сіздің атыңызға жаңа ғана 1 миллион теңге кредит құжатталды деп мәлімдейді. Мынаны естігенде есінен танғандай күйге түскен келіншек  ондай ақшаны алмағандығын, өзіне кредиттің қажет еместігін айта бастайды. Сол кезде банк қызметкері «қам жемеңіз, ондай болса қазір «Каспи кз» қосымшасын телефоныңыздан алып тастап, қайта жүктеңіз, ары қарай не істеу керектігін айтамын» дейді.  Келіншек дереу қосымшаны телефонынан алып тастап, қайтадан жүктейді. Осыдан кейін жаңа логин мен кілтсөз қойып, әлгі банк қызметкерінің айтуымен мөлдір код, яғни кілтсөзссіз  жеке кабинетке кіретін кодты жасайды.

Бұл уақыттың бәрінде әлгі банк қызметкері телефонда болады және жылы сөйлеп, не істеу керектігін түсіндіреді. Оның айтуымен ол жақын маңдағы Каспибанкке барып, өзінің атына құжатталған 1 миллион теңгені алады және қайтадан есепшотқа салады. Қайта есепшотқа салған кезінде әлгі банк қызметкері бір ЖСН беріп, сол арқылы құжаттандырады. Осы арада көңіліне аздап күдік кірген келіншек ЖСН нөмірі мен, оның иесінің аты-жөнін жазып алады. Онымен сөйлескен банк қызметкері «мәселе шешілді, атыңыздағы кредит қайтарылды, енді еш алаң болмаңыз» дейді. Бірақ көңілі алаңдаған келіншек үйіне келген соң банкке телефон соғады. Банк қызметкері оған «бұл алаяқтық, осындай тәсілмен біреудің атына кредит құжаттайтындар бар» дегенді айтады. Осыны естігенде зәресі ұшқан келіншек дереу Каспи кз қосымшасына кіріп қарайды. Сөйтсе, атына 1 милллион теңге кредит құжатталып, 4 жыл бойы ай сайын 45 мың теңге төлейтін етіп қойыпты.

Ол  дереу полицияға шағымданып, арыз жазған. Банкке барғанында сол күні Каспиголд картасынан біреудің 86 мың теңге ақшасын алып кеткенін айтып арызданып келген бір әйелді көреді. Яғни, бұл банкте алаяқтық бірінші рет болып тұрмаған сияқты. Полицияның алаяқты іздеп табу мүмкіндігі өте төмен, яғни  алаяқтар өздерінің арам істерін одан әрі жалғастырып, талайларды қан қақсата береді деген сөз.

Әрине, бейтаныс адам телефон соқты екен деп, оның айтқанына сеніп, істе дегенін істеген келіншектің бұл арада кінәлі екендігін ешкім терсіке шығара  алмайды. Дегенмен де, оның телефонын, жеке куәлігіндегі аты-жөні мен ЖСН нөмірін алып, алдын ала 1 миллион теңге кредит құжаттап қойған алаяқтар сол мәліметтерді қайдан алды деген сұрақ туындайды. Бәлкім, олар хакерлік тәсілмен банктің  мәліметтер базасын бұзып кіріп, мәліметтерді алған шығар немесе сол банкте қызмет ететін біреу арқылы барлық мәліметтерді алып отырған болуы мүмкін. Қандай жолмен мәліметтерді алса да, банктің бұл арадағы кінәсін ол жеңілдете алмайтыны анық. Өз клиенттерінің мәліметтерін қорғай алмаса ол банкке қалай сенуге болады?

Жалпы алғанда, соңғы жылдарда «Каспибанк» төңірегіндегі дау-дамайлар көбейіп кетті. Бұл банк түрлі қызметтер көрсету арқылы ақшаны күреп тауып жатыр.  Соған орай, қызмет сапасы да жоғары болуы тиіс қой және ең бастысы, клиенттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге банк миллиондар, тіпті миллиардтар жұмсаса да артық етпейді. Өйткені, «абырой ақшадан да қымбат» деген қағида бар. Абыройдан айрылдың екен, онда клиенттен де, солар арқылы келіп жатқан қырауар қаржыдан да қағыларың анық. Алаяқтың арбауына түсіп, 1 миллион теңге берешек болып қалған келіншек «ақшаны төлемеймін, бұл істі сотқа беремін» дейді. Клиентін алаяқтардан қорғай алмаған банк өз кінәсін мойындап, оның алмаған кредитін кешіре ме, жоқ сол үшін соттаса ма, оны уақыт көрсетеді.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика