Криптовалютаны қайдан, қалай сатып алуға болады?
Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:
Таяуда әлеуметітк желіде теңге алғаш айналымға енген 1993 жылы оның долларға шаққандағы бағамы 4 теңге 69 тиын болғандығы туралы мақала жарияланды. Қазір доллар бағамы 469 теңге болып тұр. Осыдан көрінгендей, 30 жылдың ішінде теңге 100 есе, егер процентке шақсақ 10000 процентке құнсызданған екен. Отыз жылда сонша құнсызданған теңге болашақта тұрақты болады деп айтуға болмайды. Яғни, теңгенің құнсыздануы тоқталмайтын процес. Осы орайда, теңгені құнсызданудан қалай сақтауға болады? –деген мәселе туындайды. Біреулер доллар, евро сияқты шетелдік валюта сатып алса, енді біреулер артық ақшаларын жылжымайтын мүлікке салады. Соңғы кезде ақшаны құнсызданудан сақтаудың бір тәсілі ретінде криптовалюта сатып алу кең таралуда.
Криптовалюта несімен тиімді?
Қазіргі күні биткоинның долларға шаққанадғы бағамы 36 мыңнан асып жығылады. Тек соңғы үш аптада биткоин 8 мың долларға қымбаттапты. 2021 жылы оның бағамының 65 мыңға жеткенін ескерсек, биткоин бағасы әлі де шарықтап өсетінін бағамдауға болады. Егер валюта бағамы шарықтап өсіп жатса, оны сатып алған адамның еселеп ұтып шығатыны анық.
Рас, криптовалюта тез өсіп, тез құлдырап жатады. Дегенмен де, оның осындай қасиетін білетін адамдар асығыстыққа салынбай, криптовалютаны сатып алып, ұзақ жылдар ұстайды. Криптовалютаны инвестициялық құрал ретінде пайдаланатындар қатары көбеюде. Олардың арасында Илон Маск сияқты миллиардерлер де бар. Осыған қарап, криптовалютаның болашағына сеніммен қарауға болады.
Криптовалютамен инвестиция жасаудың тағы бір тиімділігі: оған салық салынбайды және декларация толтырып, қаржыңызды жариялаудың да еш қажеті жоқ. Кейбір банктер банкрот болып немесе банк басшылары алаяқтық жасап ақша ұрлап жататын жайлары ұшырасады. Ал орталықтанбаған банк жүйесі саналатын криптовалюта нарығында ондай қатер жоқ. Өйткені, оның жеке дара қожайыны жоқ.
Криптовалютаны қайдан сатып алуға болады?
Криптовалютаны алудың ең тиімді және сенімді жолы – Binance және Bybit сияқты биржалардан сатып алу. Оның тиімділігі сонда – сіз бұл биржалардан теңгеге нарық бағамына сай қалаған көлемде криптовалютаны сатып ала аласыз. Ол үшін аталмыш биржалардағы P2P деген қызметті пайдалансаңыз болғаны. Питюпи аталатын бұл қызмет теңгемен немесе қалаған басқа валютамен криптовалютаны сатып алуға мүмкіндік береді.
Криптовалюта сатып алу үшін сіз ең алдымен Binance немесе Bybit биржасына тіркеліп, верификациядан өтуіңіз қажет. Биржаға қалай тіркеледі – ол туралы төмендегі сілтемемен қадамдап түсіндіретін видеодан қараңыз: https://youtu.be/IoPJRcnp0yk?si=ZNDin9iFD40DnGVn
Биржаға тіркеліп, верификациядан өткен соң сіз P2P деген жазуы бар қосымшаны бассаңыз, бет ашылып, қалаған криптовалютаңызды теңгеге сататын майкерлердің жарнамалары шығады. Жоғарыда бағам біршама арзандау болса, төменге түскен сайын баға көтеріледі. Сондықтан жоғарғы жақтағы жарнамалардан қалаған мөлшеріңізде usdt аталатын электрондық долларды сатып алуға болады.
Биржа екі арада делдал болатындықтан, сатып алу кезінде ақшамнан айрылып қаламын, алдап кетеді деп қорқудың жөні жоқ. Өйткені, биржа криптовалютаны сатушының ақшасын қашан төлегенше бұғаттап қояды. Сондықтан, бұл сервистен сатып алу қауіпсіз.
Сатып алған USDT сіздің Binance аккаунтыңызға түседі. Осыдан кейін сол ақшаға қалаған криптовалютаны сатып алуыңызға болады. Ең дұрысы – биткоин сатып алу. Оны жоғарыдағы спот деген қосымшаға кіру арқылы жасай аласыз.
Биткоинды сіз ай сайын бір рет сатып алып отыруыңызға болады. Осылайша өзіңіздің биткоин портфеліңізді құрасыз. Ақшаңыз бос жатпас үшін биржадағы Earn деген қосымшаға кіріп, биткоиныңызды оңтайлы (гибкии) деген депозитке салып қоюға болады. Түсім пайызы күн сайын түсіп отырады. Осылайша сіздің биткоиныңыз жәй тұрмай депозитте тұрып, өсіп отырады. Оған қоса, биткоин бағамының өсуі де бар. Осылайша, криптовалюта портфеліңіздегі ақша уақыт өткен сайын өсіп, бағамы көтеріле түседі.
Әлемге танымал инвестор Роберт Киосаки биылғы жылдың соңына дейін биткоин бағамы 40000 долларға жетеді, ал келесі жылы 100000 доллар болады деген болжамын айтты. Киосакидің болжамы қазірдің өзінде шындыққа айнала бастағандай. Соңғы апталарда биткоин бағамы шарықтап өсіп, қазір ол 36 мың доллардан асты.