Мұздай су құйынудың қандай пайдасы бар?
Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:
Пайғамбарымыздың хадистерінде «денсаулықты сақтау мұсылман баласы үшін уәжіп, өйткені барлық тағат ибадаттар сол арқылы жасалады» делінген. Мұның өзі ислам дінінде денсаулықты сақтауға үлкен мән берілетіндігін анық көрсетеді.
Денсаулығың болмаса, сенің байлығыңнан, атақ-мансабыңнан еш пайда жоқ. «Қарамаса әйел, бақпаса мал кетеді» дегендей-ақ, денсаулыққа көңіл бөлмесе, әсіресе жас келген сайын денсаулығыңыз нашарлай бермек. 35 жасқа дейін адамның тәні күшті болады, яғни ауру-сырқауға бой алдырмайды. Одан кейін ақырындап әлсірей бермек. Қырықтан асқан адам денсаулығын күтуге жете көңіл бөлмесе, бойына мысқалдап енген ауру, кейін келе апталап, айлап аурухана төсегіне таңып, аурухана сіздің екінші үйіңізге айналатын болады. Үнемі дәрі ішіп, жылына кем дегенде екі-үш рет ауруханаға түсіп шығатын адамдарды білемін. Мұның бәрі денсаулықты дұрыс күтпеудің салдары екендігі айдан анық.
Денсаулықты сақтаудың қарапайым тәсілі
Денсаулықты сақтаудың ең қарапайым және жұрттың бәріне қолжетімді тәсілдерінің бірі – мұздай су құйыну. Мұздай су құйыну туралы бүгінде әртүрлі кереғар пікірлер айтушылар бар. Шындығында, мұздай су құйынудың пайдасынан басқа еш залалы жоқ. Өз басым, міне біраз жылдан бері мұздай су құйынуды берік әдетке айналдырып келемін, нәтижесінде бұрын қыр соңымнан қалмайтын біраз аурулардан атқұла айықтым.