89 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

Адам уақыттан, уақыт пирамидадан қорқады деген сөз бар. Шөл даланың аптап ыстығында күндіз-түні суырған құмды желдің өтінде мыңдаған жылдардан бері қасқайып тұрған жасанды таулар – пирамидалар талайларды тамсандырған әлемнің кереметтерінің ғана емес, тылсым құпияларының да бірі. Пирамидалар, оның салыну мерзімі мен оны салушылар туралы бүгінде ғалымдар арасында бір біріне қарама-қайшы сан түрлі пікірлер айтылып жүр. Бірақ, біздің мақсатымыз пирамидаларды кім, қашан тұрғызды деген сауалдарға жауап іздеу емес, сол пирамидалардың астарындағы ақырет жайындағы ежелгі түсініктерге зер салу.

Египеттің ежелгі тұрғылықты халқы – копттардың о дүние туралы түсінігі сол кезден бері сақталған «Өлілер кітабында» жан-жақты баяндалады. Гректер сияқты көп құдайға сенушілік үстемдік құрған Египетте пірғауындар құдайлардың жердегі көлеңкелері ретінде қабылданады. Оларға құдайларға құрмет көрсеткендей сый-құрмет көрсетіліп, тіпті табынатын болған.

Египеттіктердің ұғымынша адам тек ет пен сүйектен жаратылған тән ғана емес. Оның ішінде тәннің көшірмесі – барлық ақпараттар сақталған нәзік тән бар. Бүгінде ғылыми тілде «астральдық тән» аталып жүрген нәзік денені египеттіктер «ка» деп атаған. Олар адам өлгеннен кейін оның ішіндегі нәзік дененің бөлініп шығып, онан әрі тіршілік ететіндігін анық білген. Жәй біліп қана қоймай, сол нәзік дене қайда барады, болашағы қалай болады деген мәселелерді өздерінше шешуге ұмтылған.

Өлген пірғауындардың тәндерін ұзақ уақыт сақтау үшін бальзамдаудың мәні де осында. Тәннен бөлінген нәзік дене өз бетінше ғұмыр кешкенмен, дәстүрлі діндердегі өлілердің тірілетін күні – қиямет қайым сияқты заман болған кезде (египеттіктер оған сенген) бальзамдалып сақталған тәніне қайта қосылмақ. Содан кейін құдайға айналған пірғауындар мәңгі ғұмыр кешетін болады.

Өркениетте зор табыстарға қол жеткізген ежелгі египеттіктер ақыреттегі өмірге үлкен көңіл бөлген сияқты. Тасқа қашалған жазба деректер мен археологиялық деректердің бәрі де осыны анық дәлелдейді. Әсіресе, пірғауындарды жерлеу рәсімі білікті абыздардың басшылғымен аса ұқыптылықпен атқарылған. Пирамидалардың өлген пірғауындарға қаншалық қатысының барлығын кім білсін, дегенмен де, уақытпен айқасқа түскен асқақ пирамидалардың бейнесінен мәңгілікке ұмтылған пірғауындардың мақсат-мұраттары көрінгендей болады.

Артық салмақтан арылу, сұлу, сымбатты болып, өзіңізді әрдайым сергек сезіну, аурулардан аулақ болып, денсаулықты нығайту, халық емшілігі - осылардың бәрін сіз мына сайттан таба аласыз (сілтемені басып сайтқа кіріңіз): https://eatsdiet.ru/

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика