623 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

34Кез-келген мемлекеттің ең басты міндеттерінің бірі – өз азаматтарының қауіпсіздігін сақтау. Тапқан табысының бір бөлігін салық ретінде мемлекетке беріп отыратын азаматтар сол үшін мемлекеттен өздерінің тыныштығын, қауіпсіздігін сақтап, қорқынышсыз, үрейсіз өмір сүрулеріне жағдай жасауды талап етеді. Дегенмен, қазіргі күні әлемнің көптеген елдері өз азаматтарының алдындағы осындай басты міндеттерін орындауға қауқарсыз болып отыр. Бұған ең алдымен, заңның осалдығы әсерін тигізуде.

Қылмыстың жазасы қандай болуы керек?

Әлемнің барлық елдерінде қазір қылмысты жазалауға арналған заңдар бар. Дегенмен,  әртүрлі қылмысқа қолданылатын жаза да әр елде әрқалай болып келеді. Тіпті, АҚШ мемлекетінің бір штатында кісі өлтірген адамды өлім жазасына кесетін болса, басқа штатында ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырады екен.

Дін үстемдік еткен заманда мұсылман елдерінде шариғат заңы қолданылатын. Оның талаптары жұрттың бәріне түсінікті және ешқандай дау туғызбайтын. Мәселен, шариғат заңы бойынша ұрлық істеген адамның бір қолы шынтағынан шабылуы тиіс. Ал кісі өлтірген адам өлім жазасына кесіледі. Қазір Иран, Сауд Арабиясы сияқты бірлі-жарым ислам елдері болмаса, шариғат заңы деген қалды.

Бүгінгі заңда қылмысқа қатысты жаза белгілеуде біркелкілік жоқ, тіпті қарапайым қисынға (логика) сыймайтын жайлар да заңда орын алып жатады. Мәселен, адам өлтіру оқиғасы мейлі ол қандай жағдайда болмасын, ауыр қылмыс болып саналады. Ал енді қазіргі күні Батыс елдерінің көбі өлім жазасынан бас тартқандықтан, бір, екі, тіпті ондаған адамды аясыз өлтірген қанышерлерді ары кеткенде өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кеседі. Және қызығы сол, ол елдерде осындай жазаға кесілгендерге арналған арнайы түрмелер бар. Онда сотталғандарға қажетті барлық жағдайлар жасалған. Яғни, ондаған адамды өлтірген қылмыскер курортта жатқандай бюджет қаржысына рахат тұрмыс кешеді.

Осыдан бірнеше жыл бұрын Үсенов деген бір азамат Алматыда арақ ішіп машина жүргізіп, аялдамада автобус күтіп тұрған адамдарға келіп соғады. Содан бір адам өліп, бірнеше адам қатты жарақаттанып ауруханаға түсті. Осындай әрекеті үшін біздегі заң бойынша әлгі Үсенов небары 45 тәулікке қамаққа алынды. Қазіргі күні арақ ішіп машина жүргізіп немесе елді мекен ішінде жау қуғындай жүйткітіп жүріп жазықсыз жандарды қағып өлтіретіндерге кесілетін жазаның ең ауыры 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру. Кісі өлтірген адамға кесілетін жазаның түрі осындай.

Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді.

Әлем елдеріндегі қылмыскерлерді жазалауға қатысты жүргізіліп жатқан «гуманистік» әрекеттер қылмыстың, оның ішінде ауыр қылмыстың жыл санап шектен шыға өсуіне ұшыратуда. Қазақ «қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді» демей ме. Сол сияқты қылмысқа белгіленетін жаза жұмсарған сайын, қылмыс белең алып, өрши түскен жайы бар.

Өзіне тиіскен адамды белгілі себеппен өлтіруді түсінуге болады. Дегенмен, қазір арақ ішіп немесе есірткі қабылдап, болмаса әлдекімге деген ренішпен қолына қару алып, көзіне түскенді атып қырып салу оқиғалары өршіп барады. Таяуда АҚШ-та бір әулекі 59 адамды өлтіріп, 500-дей адамды жаралады. Би кешіне алаңға жиналған жастарды ол дәл қасындағы қонақүйдің терезесінен автоматпен оқ жаудырып, жайпап салған.

Ал, жыл өткен сайын кәмелекте толмаған ұл-қыздарды зорлайтын педофил дегендердің қатары көбейіп барады. Ондайлар біздің елімізде де аз емес. Жас балалардың өмірін өксітетін мұндай азғындарға белгіленетін жаза ары кеткенде 15-20 жыл бас бостандығынан айыру және химиялық жолмен әтектеу. Химиялық жолмен деген аты айтып тұрғандай, оларға дәрі беріп, сол арқылы жыныстық жақындыққа деген қуатын азайтады. Бірақ дәрі қабылдамаса бәрі қайта қалпына келеді. Яғни, оларды өле өлгенше ауыздықтау үшін бюджеттің миллиардтаған ақшасын жұмсап әлгіндей есуастарды үнемі дәрілеп отыру қажет болады.

Мемлекет қауқарсыз болса, халық өзін өзі қорғайды

Таяуда шетелдік бір фильм көрдім. Оқиғасы мынадай. Ерлі-зайыпты қарапайым азаматтардың жалғыз ұлдарын кепілге алып ұрлаған қылмыскерлер сұраған ақшаларын  бергендеріне қарамастан, баланы зорлап, содан кейін өлтірген. Қызығы сол, қылмыскерлер айғақ аздықтан жазадан құтылып кетеді. Осыған қатты күйінген әлгі отбасы ауыр қылмыс жасағандардың бостандыққа шығар алдында еркін қоныс мекені саналатын бір кентке көшіп барады. Осында жүріп олар ұлдарын өлтірген адамдарды аулауға кіріседі. Біреуін ұстап алып, терісін сыпырып, сувенир қалқан жасайды.

Кейін осы оқиғаға кінәлі басқа адамдар әлгі отбасын іздеп келіп жазаламақ болғанда, барлық кент тұрғындары көмектесіп, оларды түгел өлтіреді. Ресейлік «Меч» деген сериалдың оқиғасы да осыған ұқсас. Яғни, түрлі амалдармен сот арқылы жазадан құтылып кеткендерді адамдар өздері жазалайды.

Ертеде АҚШ-та линч соты деген болған. Оның мәні – жазықты адамды адамдар жиналып өздері соттап, өз қолдарымен жазалайтын болған. Осындай линч соты қазір де жер-жерден бой көрсете бастаған сияқты. Таяуда шет елдердің бірінде 13 жастағы қызды зорлаған 49-дағы азаматты әлгі қыздың туыстары барша халықтың көз алдында ұрып өлтіргені жайында видео ютубта көрсетілді.

Егер қылмыскерді лайықты жазаға тартпай, қазіргідей жұмсақтық жасала беретін болса, бұл табиғи түрде қарапайым жұртшылықтың ашу-ызасын туғызып, түптің түбінде мемлекеттен, оның заңдарынан көңілі қалған адамдар қылмыскерлерді өз қолдарымен жазалауға көшуі мүмкін. Қазіргі қалыптасқан жағдайлар осындай жайға ақырындап әкеле жатқандай. Мемлекет өз азаматтарының тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтай алмайтын жағдайға жетіп қалды. АҚШ сияқты алпауыт елдің өзі атылатын қару сатуға рұқсат беріп, азаматтарының өз бастарын өздері қорғауына жағдай жасап қойды.

Артық салмақтан арылу, сұлу, сымбатты болып, өзіңізді әрдайым сергек сезіну, аурулардан аулақ болып, денсаулықты нығайту, халық емшілігі - осылардың бәрін сіз мына сайттан таба аласыз (сілтемені басып сайтқа кіріңіз): https://eatsdiet.ru/

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика