27 көрілім

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

«Наурыз қазақтың шын мағынасында ұлт мейрамы. Наурызды қазақтан басқа күншығыс жұрттарының көбі мейрам етеді. Бірақ бұлардың бәрін салыстырғанда Наурызды біздің қазақтың мейрамы етуі айрықша сыйымды, артықша дәлелді. Неге десеңіз марттың ескіше 9-нда, жаңаша 22-нде күн мен түн теңеледі. Қыс өтіп, жаз жетіп, шаруа кенеледі» деп жазады Міржақып Дулатов.
   Наурыз есте жоқ ерте заманнан тойланып келе жатқан шығыс халықтарының мерекесі. Мерекенің қай уақыттан бастап тойланып келе жатқаны белгісіз. Қазақтар жыл мезгіліне орай көктемде Наурыз тойы, жазда Қымызмұрындық, күзде Мизам, қыста Соғым тойларын атап өтетін болған. Кеңес үкіметі тұсында Наурыз мейрамын тойлауға тыйым салынады. 1926 жылдан рұқсат берілмеді. Арада 62 жыл уақыт өткенде елімізде 1988 жылдан бастап Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесін атап өту қолға алынды. Атбасар өңірінде алғаш рет Наурыз мейрамы 1990 жылдың 6 мамырында кең көлемде ұлттық деңгейде мерекеленді. Сол кездегі «Тіл және мәдениет» қоғамының төрағасы Бауыржан Ділдәбековтың жетекшілігімен және ұлт  жанашырлары Жылқыбай Саберлинов, Сәулет Балғазин, Алмаз Жұмабеков, Рахымжан Әбдірахманов, Бірлік Ережепов, Мұратбек Боранбаев және Амантай ауылынан Серік Омаров, ел ақсақалдары Ғазиз Әубәкіров, Асылбек Аюпов тағы басқалары бірлесе, ақылдаса отырып осы шараны іске асырды.
   

«Бұрын соңды Атбасар шаһарында болмаған наурыз мерекесін, жаңа жыл басын атап өтуге алдымен дайындық шаралары жасалды. Сол жылы наурыз айында күн суық болды. Сол себептен Ұлыстың Ұлы күнін мамырда тойлауға шешім қабылданды. Нурыз тойын қаламыздың солтүстігіндегі бұрынғы ескі ұшақ әуежайы алаңына киіз үйлерді тігіп сонда өткіздік.Әрине қиыншылықтар көп болды. Жоқты бар ету оңайға соқпады. Театрландырылған көріністер ұйымдастырылды. Желмаяға мінген Қыдыр Ата шеруді орталық алаңнан бастап, Ш. Уәлиханов көшесімен жүріп өттік. Бірінші ұйымдастырылған Наурыз тойы халықтың көңілінен шықты. Тойда бәйге, қазақ күресі, қыз қуу тағы басқа ұлттық рәсімдер көрсетілді. Жастарымыз алтыбақан теуіп, би билеп, ән шырқады. Жиналған қауымға наурыз көже ұсынылды» деп есіне алады наурыз тойын ұйымдастырушылардың бірі Майра Шәріпова апамыз.
    «Жетпіс жылдай Кеңес одағының құрсауында болғанда, көптеген ұлттық мерекелеріміздің аталып өтілуіне мүмкіндік жасалмағанын кейін білдік. Соның бірі Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесінде  бір топ қыз-жігіттер ұлттық кейіпкерлеріміздің бейнесін сомдадық. Мен Баян сұлудың, Қозы Көрпештің рөлінде Абылай Кәрімов ойнады. Жас қыздар атқа отыра алмайтынбыз. Бірнеше айлар жаттығулар жасап ат үстіне отыруды үйрендік.  Қазақтың ұлттық дәстүрін негізге ала отырып, наурыз мерекесінде құрбандыққа қой шалынып бата берілді. Үйлену тойынан беташар рәсімі көрсетілді. Наурыз көжеден ауыз тиген, ыстық бауырсақтан дәм татқан халық бір-біріне «Ақ мол болсын, Ұлыс оң болсын!» десіп жатты» дейді сол кездегі алғашқы  наурыз мерекесіне  белсене қатысушы Айгүл Былкимова.
    Қазір Аллаға шүкір, Атбасарда  Наурыз мерекесін атап өту қалыпты дәстүрге айналды. Наурыздың қандай мереке екенін барлық ұлттардың өкілдері біледі. Ұлыстың Ұлы күні «Пәле-жала жерге енсін. Көк өсіп, мал көбейіп жер өнсін» деп бата, тілегімізді айтатындай дәрежеге жеттік. 

ТЕМІРБЕК ҚАСЫМЖАНОВ,

 өлкетанушы

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика