Нәтижеге жетудің құпиясы – сенім

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Ежелгі грек ойшылы Платонның «сеніммен тауды қозғауға болады» деген сөзі бар. Сіз таудың етегіндегі тасты қозғай аларсыз, бірақ таудың өзін қозғайтын адам жоқ. Яғни, бұл сөздің мәні – сенім арқылы ақылға сиымсыз шаруаны да жасауға болады дегенді білдірсе керек.

Илья Ильиннің жеңісі.

Алматыда өткен ауыр атлетика біріншілігінде атақты штангашы Илья Ильин серпе көтеруден 242 келіні бағындырып, әлемдік рекордты жаңартып қана қоймай, қарсыластарының бәрін сан соқтырып, чемпион атанды. Ильиннің бұл жеңісі туралы жазып отырған себебіміз – оның ақылға сиымсыз таңғажайып істі атқаруының сыры жайында ой бөлісу еді.

Сіздің штангашылардың жарысын көріп, тамашалаған кезіңіз бар ма? Зілтемірді көтеру айтуға ғана оңай шаруа. Сондықтан болар, алаңға шыққанда қатты толқып, қобалжу штангашылардың 99 пайызына тән қасиет. Олар штанганы ұстап, біраз уақыт күшін жинап, содан кейін барып көтеруге талпынады.

Ал Ильиннің әрекеті мүлдем бөлек. Ол алаңға шығысымен еш уақыт өткізбестен, бірден зілтемірді сілке көтереді. Ойланып, толқып жатпайды. Яғни, өзіне өзі нық сенімді. Лондон олимпиадасында, содан кейін Алматыда өткен бірішілікте ақылға сиымсыз әрекет жасаған оның жеңісінің басты және негізгі себебі де еш қобалжымай, нық сенімге иек артатынында болса керек. Яғни, жоғарыда айтқан Платонның сөзінің өмірдегі көрінісі осы Ильиннің әрекетінен анық байқалады.

Күмәнданған адамға екі дүниеде де игілік жоқ.

Бһагавад Гита кітабында дәл осылай деп айтылады. Күмәнданатын адамға бұл дүниеде де, ол дүниеде де игілік болмайды екен. Ал осының ақиқаттығына мына бір мысал арқылы көзіңізді жеткізіп көрейік. Тағы да штангашыларды мысал ретінде қарастырайық.

Лондон олипиадасында Ресейдің талай дүбірлі жарыстарда жүлде салып жүрген атақты зілтеміршісі Надежда Евсюхина масқара жеңіліске ұшырады. Өз салмағы бойынша алтыннан үміткерлердің бірі ретінде аталып жүрген ол жұлқа көтеру жаттығуында зілтемірді үш рет көтере алмай, жарыстан шығып қалды.

Атақты спортшының бұл сәтсіздігінің сыры неде? Қобалжуда немесе күмәндануда екендігі анық. Олимпиада сияқты атақты жарыс алаңына шығу оның көңіліне үлкен қобалжу салып, күмән туғызған сияқты. Комментатордың айтуынша жәй уақытта жаттығу аалында шемішкеше шағатын салмақты үш мәрте көтере алмай пұшайман болуының сыры – өз күшіне күмәндануда жатқан секілді. Егер оның бойында Ильиндегі сияқты нық сенім болғанда алтынды қанжығасына байлары даусыз еді.

Күмән-дұшпанды жеңу – мақсат биігіне жол ашады.

Ойына алған шаруасын орындайтынына нық сену – адамдардың арасында өте сирек кездесетін қасиет. Ондай қасиетті бойына дарытқан адамның алдынан барлық мақсатқа жеткізер есік ашылады. Оның дәлелі ретінде жоғарыда айтқан штангашы Ильиннің жетістіктері мысал бола алады.

Өкінішке орай, адамдардың басым көпшілігі ойына алған мақсатына жетуге күмәнмен қарайды. Олардың мақсат жолында сәтсіздіктерге ұшырап жатуының негізгі себебі де осында десек, шындықтан алыс кетпейміз.

Мақсатыңызға жеткіңіз келсе, күмән-дұшпанның санаңызды билеуіне ерік бермеңіз. Сенім өмірлік серігіңіз болғанда сіз ойыңызға алған мақсаттарыңыздың әрдайым биіктерінен көрінетін боласыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика