Нәтижеге жетудің қарапайым және қолжетімді тәсілі

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Кез келген адам үшін ең маңызды мәселе – ойына алған ісі бойынша нақты нәтижеге жету. Нәтже дегеннің екінші мәні – мақсат. Біз ойымызға алған арман-мақсатымызға жету арқылы мына өмірде бақытқа бөленеміз деп ойлаймыз. Дегенмен, нәтижеге жету екінің бірінің маңдайына жазылмаған. Адамдардың көбі өкінішке орай, ойларына алған мақсаттары орындалмаған соң, күдер үзіп, одан бас тартып жатады.

Нәтижеге жеткізер маңызды қадам.

Нәтижеге қалай жетуге болады деген сауалға жауап беру үшін терең білімді, данышпан болудың еш қажеті жоқ. Мен сізге ешкім, ешқашан теріске шығара алмайтын, қарапайым және еш мүлтіксіз жұмыс жасайтын тәсіл туралы айтқым келеді. Ол – тұрақты әрекет немесе қайталау деп аталады.

Өткен ғасырда атақты қазақ палуаны Қажымұқанмен қатар өмір сүрген және спорт әлемінде мәңгі атағын қалдырған Георг Лурих деген палуан атлет болған. Жаурыны жерге тимеген Лурих тек атлет қана емес, журналист, музыкант сияқты бір-біріне қабыспайтын бірнеше мамандықты да шебер игерген. Бір сөзбен айтқанда «сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт болған.

Міне, сол Лурихтің айтқан мынадай сөзі бар: «кез келген адам атлет бола алады, ол үшін жаттығу қажет». Сондай биік нәтижеге жеткен атлеттің аузынан шыққан бұл сөз қарапайым және еш мүлтіксіз жұмыс жасайтын тәсіл туралы болып отыр. Яғни, нәтижеге жету үшін үзбей әрекет жасау  қажет.

Мақсатқа жетудің кілті – тұрақты әрекет.

Мына фәни (материалдық) дүниенің айнымас заңы – үнемі әрекетте болу. Мәселен, жер өз осінен тәулігіне 24 сағаттық жылдамдықпен үздіксіз шыр айналып тұрады. Күн де, Ай да, басқа планеталар да солай. Адам өмір сүру үшін күн сайын тамақ ішіп, ұйықтауы тиіс. Бір күн тамақтандым, қайта-қайта тамақтанудың қажеті жоқ десеңіз, аштан өлесіз.

Спортшы чемпион болуы үшін үзбей күн сайын жаттығуы керек. Ғалым немесе компазитор, болмаса жазушы да өз кәсібін сақтау үшін үнемі сол бағытта әрекет жасауы шарт. Егер біз әрекет жасауды тоқтатсақ, онда ойымызға алған мақсатымыздан сол сәтте аулақтай бастаймыз.

Бұдан не түюге болады: фәни дүниеде кез-келген нәтижеге тұрақты және үзіліссіз қайталанған әрекет арқылы ғана жете аламыз. Бір-екі рет талпыныс жасап, нәтиже болмаса ойымыздан бас тартсақ, онда ешқашан нәтиже болмайды. Бұл – ақиқат.

Табиғат заңын түсіну не береді?

Түсі қара, қатты қабыршақты нәжіс қоңыз деп аталатын қоңыз бар. Ол нәжісті көрсе-ақ дереу жабыса кетіп, оны бөлшектеп домалата жөнеледі. Ала жаздай әлгі қоңыз 100 нәжіс доп дайындайды екен. Солардың 99-ы далада қалып, біреуін қыста азық ету үшін ініне кіргізіп алатын көрінеді.

Барша жан-жануарлар, оның ішінде адам да дәл сол нәжіс қоңызы сияқты өмір бойы тынымсыз әрекет жасайды, яғни жұмыс істейді. Олар сол әрекеттерінің 1 пайыздайының ғана нәтижесін көріп, қалған 99 пайыз күш-уақыт далаға кетеді. Бұл – табиғаттың заңы.

Ал енді осы табиғаттың заңын білу және соны өз өмірімізде қолдану арқылы біз ойымыза алған кез-келген мақсатымызға жететін боламыз. Оны қалай өмірде қолдануға болады? Яғни, сіз алдыңызға бір мақсат қойдыңыз делік. Ендеше соған жету үшін әлгі нәжіс қоңызы сияқты күн сайын үзіліссіз түрлі әрекеттер жасауыңыз шарт. Ол әрекеттеріңіздің 99 пайызы далаға кетіп, еңбегіңіз еш болуы мүмкін. Бірақ одан бас тартпаңыз.

Осылай тынымсыз және үздіксіз жасалған әрекет қана нақты нәтижеге жеткізеді. Сіздің 100-ші, бәлкім 500-і рет жасаған талпынысыңыз ғана нақты нәтижеге жеткізуі мүмкін. Бұл – мына фәни дүниенің, яғни табиғаттың айнымас заңы. Ол барша тіршілік иелеріне, оның ішінде адамға да қатысты. Георг Лурихтің сөзімен айтқанда «кез келген адам атлет бола алады, ол үшін жаттығу қажет». Яғни, біз күш атасы Қажымұқан сияқты палуан, атлет бола аламыз, ол үшін тек үзбей жаттығуымыз шарт.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама

"Ақиқат" сайтының Кітап дүкенінен әдеби, танымдық қызықты кітаптар ала аласыз. Ол кітаптардан сіз көптеген пайдалы ақпараттар тауып, оны нақты өмір тәжірибеңізге қолдануыңызға болады. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз: https://akikat01.com/kitap-d%d2%afkeni/

Яндекс.Метрика