НАҒЫЗ ЕРКЕК ДЕГЕН КІМ?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Ең алдымен осы сауалнамаға жауап беріп көрейікші: Нағыз еркек десе көз алдыңызға кім елестейді?

Ойланып қалдыңыз, иә? Тек бірнеше минуттардан  кейін ғана  өткен ғасырлардағы батырларды, қоғам қайраткерлерін айтасыз. Өз әкеңізді де айтуыңыз мүмкін.

Бұл психологиялық сауалнама нені көрсетеді? Толығырақ тоқталайық:

Адамға тосыннан сұрақ қою арқылы, ойында не тұрғанын білуге болады. Егер біраз ойланып қана жауап берсе, оның жауабы ақиқат емес. Ми өзінің күнде көріп, естіп жүрген жағдайы туралы автоматты түрде жауап беруге машық. Яғни, қазіргі қазақ қоғамында “нағыз ер” деген атқа лайықты жігіттер аз. Жүргізілген сауалнаманың нәтижесінде халықтың  85%-ы бірден жауап бере алмаса, қалған  15%-ы өз әкесін айтып өтті.

Нағыз еркек деген кім?

Құранда «нағыз ер» деп  Аллаға сенім білдіріп, намаз оқитын, уәдеге берік болып, қиянат жасамайтын,ақиқат пен сүйінпеншілікті қалайтын адамды атайды. Ал осының ішінен қазіргі жігіттердің бойынан кездесетін қандай қасиеттерді байқадыңыз? Ата-анасын бақытты етіп,сүйіспеншілігін көрсете алмағандар қаншама? Алланың парыз етіп берген бес уақыт намазын оқып жүріп-ақ, талай жанның көз жасына қалған жігіттер қаншама? Сүйгеніне уәде беріп, қиянат жасағандар қаншама?

Құранда Алла алдымен ер адамды жаратып,қабырғасынан әйел адамды жаратқаны жайындағы аяттар бар. Яғни, ер әрдайым бастаушы, қорғаушы болып, өзіне тән қасиеттер арқылы әйелден үнемі жоғары тұрған.

Ал қадыр-қасиетінен айырылған  қазіргі жігіттердің, Алла тұрмақ қыз алдында  да ешқандай сыйы жоқ.

Қыз бен жігіт теңдігі

Осы әңгіме қозғалса болды, бәріміздің айтарымыз бір. Қазір ер адамның жұмысын әйел адам да жасай береді.Сондықтан ер адамның қоғамда беделі түсіп, әйел адам алдыға шыққан дейді. Ал бұлай болуға себепті  басқаша түсіндіріп көрсем қалай болады?

Көп сөйлеу

Әзіл-сықақшы Тұрсынбек Қабатов әзілдерінің бірінде: “Қазіргінің еркектері іске қарағанда, сөзге жүйрік” екендігін айтып қалды. Көп сөйлеп көпіре бергенше неге сол істі әрекетпен көрсетпеске? Міне, әйелдің ерін сыйламаудың ең біріншісебебі осы. Бей-берекет сөйлей беру адамның қай жерде болмасын беделін түсіреді. Шынында көп сөйлеу тек әйелге ғана жарасқанын ұмытпау керек.

Берген уәдесінде тұрмау

Қыз бен жігіт болсын, үйленген ерлі-зайыпты болсын осы тақырыпта көп жанжалдасып жатады. Жігіттің қызға үйленемін деп уәде етіп, қашып кетуі,болмаса, үйленгенге дейін уәдені үйіп-төгіп, үйленгеннен кейін орындалмай қалатыны  жігітке үлкен сын.

Міне, келтірген екі ғана фактордың өзі жігіттің жігіттігіне сың болып, беделінің түсетініне мысал бола алды. Яғни, қазіргі қазақ қыздарының өзгеруіне ер азаматтар бірден-бір  себепші болып отыр. Егер қоғамда намысшыл, уәдеге берікжігіттер көп болғанда ары тапталған қыздар болмаспаеді? Ал,үйіндегі ұл-қызына дұрыс тәрбие көрсетіп, әйелін сыйлай білетін ерлер көп болғанда қоғамда мұндай жалаң бұтты,өзім білемін деген қыздар жоқ болар ма еді?? Түптін-түбіне келгенде бәрі ер азаматқа байланысты екенін ұмытпауымыз керек. Ер азамат отбасының биік тұғыры,әйелі — ошағы, бала-шағасы — өшпес жалының!!!

Шұғыла Ақылбекқызы,

Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің 2 курс студенті.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама

"Ақиқат" сайтының Кітап дүкенінен әдеби, танымдық қызықты кітаптар ала аласыз. Ол кітаптардан сіз көптеген пайдалы ақпараттар тауып, оны нақты өмір тәжірибеңізге қолдануыңызға болады. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз: https://akikat01.com/kitap-d%d2%afkeni/

Яндекс.Метрика