Намаз оқығанның бәрі мұсылман ба?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

исламКеңес заманында намаз оқу, ораза ұстау надандықтың белгісі саналса, бүгінде оқыған, жақсы қызмет атқаратын жастар арасында намаз оқитындар қатары көбейді. Өзім тұратын Көкшетаудағы орталық мешітке жұма күні барсаң намазға келген адамдар мешітке сыймай, тіпті далада тұрып оқитын кездері көп.

Намазды не үшін оқиды?

Ұлы Буддаға ақыл сұрай келген бірнеше адамға білгісі келген нәрселерінің әртүрлі екендігіне қарамастан ол шәкірттерінің көзінше бірдей жауап береді. Будда әлгілердің бәріне «түйсіну керек» деп ақыл беріпті. Мұны естіген шәкірттері ұстаздан «әлгі адамдар әртүрлі жайларға байланысты не істеуім қажет деп сұрады, ал сіз олардың бәріне «түйсіну қажет» деп жауап бердіңіз. Мұның себебі неде?» -деп сұрайды.

Сонда ұлы Будда «олардың тап болған жайлары әртүрлі боланымен, одан құтылу үшін әрекеттің ішкі мәнін түйсінулер керек, сонда кедергі жойылады» деп жауап берген екен. Бүгінде де адамдардың көбі өздері жасайтын әрекеттің салдарының қандай болатынын білместен, яғни түйсінбестен әрекет жасайды. Бұндай түйсіксіз әрекеттің салдары күткендегідей болмай жатады.

Әлгі мешітке барып немесе үйлерінде намаз оқитындардың басым көпшілігі өздерінің не үшін намаз оқитындықтарын және осы әрекетінің нәтижесі қандай болатынын мүлдем білмейді. Олардың оқыған намазы жұмысы автоматтандырылып қойған көше ережесін реттейтін бағдаршамның жұмысы сияқты. Бағдаршамның белгіленген уақытта қызыл, сары не жасыл жарығы жанып отырады. Бұның бәрі автоматты түрде еш түйсіксіз жасалады.

Қазіргі намазхандардың басым көпшілігі сол бағдаршам сияқты уақыты келгенде намазын еш түйсінбестен жаттанды әдетпен оқи салады. Олар тіпті, намаз кезінде оқитын араб тіліндегі дұғалардың мәні қандай екенінен де бейхабар. Ал мұндай түйсіксіз әрекеттің нәтижесі күткендегідей болмайтыны белгілі.

Бақуатты және кедей шаруашылықтың баяны

Журналист ретінде іссапарға шығып жүрген кезімде көптеген шаруашылықтардың жұмыстарымен танысудың сәті түскен еді. Зеренді ауданында әкелі-балалы Закусилов дегендер шаруашылық басқарды. Бұл шаруашылықтар аудан асып, облысқа танымал іргелі шаруашылық болды. Бақуатты шаруашылықтың мұндай жетістігінің мәні – жыл сайын агротехникалық шараларды уақытында жасап, егін егудің, мал өсірудің озық технологиясын қолдануында еді.

Ал сол ауданда күндерін әзер көретін бірқатар шаруашылық болды. Олардың басшылары көктемде егінін егіп тастап, күзде жинап алатын. Ешқандай агротехникалық шаралар жасамайды. Нәтижесі – жауын болған жылдары аздап өнім алса, құрғақшылық жылдары түк алмай, тақырға отырып қалатын.

Бұдан не түйіндеуге болады? Жақсы өнім алып, дұрыс нәтижеге жету үшін қажетті шаруаларды дұрыс және сапалы жасау қажет. Кез келген істің нәтижесі болады. Егер сіз сол істі дұрыс жасасаңыз, нәтижесі жақсы болады, ал қате жасасаңыз, нәтижесі жаман болады. Бұл – «екі жердегі екі – төрт» дегендей бұлтартпас ақиқат.

Намазды молда теріс оқыр, дағарадай болып сәлдесі

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың осы өлеңі қазіргі күні де мәнін жойған жоқ. Бастарына сәлде тағып, үстеріне шапан киіп, қауғитып сақал қойған, өздерін асқан діндар деп санайтындардың көбі, тіпті бәрі дерлік намаздарын теріс оқиды. Неге десеңіз, олар намазды жоғарыда айтқанымыздай еш түйсіксіз автоматты түрде оқи салады.

Жаттап алған араб тіліндегі дұғалардың мән-мағнасына мүлдем көңіл бөлмейді. Әрине, мұндай намаздың нәтижесі жаман болады. Намаздың нәтижесінің жамандығын білу үшін дана болу немесе осы саланың білгір сарапшысы болу қажет емес.

Ол үшін мынаған назар аударсаңыз жеткілікті: жоғарыда айтқанымыздай кез келген әрекеттің міндетті түрде нәтижесі болады. Дұрыс жасалған әрекеттің нәтижесі жақсы, ал теріс жасалған әрекеттің нәтижесі жаман. Осы ақиқатты намазхандардың әрекетіне салып көрейік.

Намаз оқу, ораза ұстау – бұл да әрекет, жәй әрекет емес, рухани әрекет, Рухани әрекеттің нәтижесі – адам рухани жағынан ілгерілеп, дамуы тиіс. Ал рухани даму дегеніміз не? Ол адамның бойында имандылық қасиеттердің орнығуы. Имандылық қасиет деген не? Имандылықтың белгісі – сыпайылық, кішіпейілдік, кешірімшілдік, сабырлылық, жомарттық, тазалық, нәпсіден тыйылу, қанағатшылық сияқты жағымды жақсы қасиеттердің адам бойынан көрінуі.

Егер сіз бес уақыт намазды қаза жібермей, жыл сайын ораза ұстасаңыз, жұма намазынан қалмай, қажылыққа барған болсаңыз, басыңызға сәлде тағып, сақал қойсаңыз – бұның бәрі сіз керемет мұсылман болып кетті дегенді білдірмейді.

Мұсылмандықтың белгісі – ИМАНДЫЛЫҚТА. Бойында иманы жоқ адам, мейлі ол күніне бес мың, бес триллион рет намаз оқып, жылына 365 күн ораза ұстаса да, жылына он рет қажыға барса да – ол МҰСЫЛМАН ЕМЕС. Бұл – АҚИҚАТ.

Ал енді осы АҚИҚАТ тұрғысынан өзіңіздің мұсылман, не мұсмылман емес екендігіңізді оп-оңай анықтауыңызға болады. Бүгінде қолдарын қанға былғап, соны өздерінше үлкен мақтаныш көріп жүрген қауға сақалды, шапанды әсіре діндарлар – жихадшыларды «олар мұсылман емес, ислам дініне еш қатысы жоқ» дегенді айтушылар көп. Бұл пікір әрине дұрыс. Намаз оқып, ораза ұстағанымен, үстеріне шапан киіп, сақал қойғанымен, Аллаға да, адамға да теріс жаман әрекет жасайтын ондайларды мұсылман деп, ислам дінімен қатысты деп айтуға болмайды.

Бірақ ондайлар намаз оқып, ораза ұстағандарына қарамастан неге теріс жолға түсіп кетті деген мәселеге келгенде ешкім ештеңе айтпайды және бұл ең МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ екендігіне қарамастан, оған мүлдем көңіл бөлмейді. Ислам дінінің АТЫН БЫЛҒАП жүрген мұндай «мұсылмандардың» шығуының БАСТЫ СЕБЕБІ – намазды түйсікпен оқымауында.

Алла адамдардың намаз оқығанына еш мұқтаж емес. Оны адамдар Алла үшін емес, өздері үшін оқиды. Сондықтан намазды уаххабшылар сияқты талтайып, қолдарын кеудесіне айқастырып тұрып міндетсінген кісі сияқтанбай, мүләйім түрмен оқу қажет және әрбір намаздан соң оқыған намазымызды Жаратқанның қабыл алуын, жол берген кемшіліктеріміз болса кешуін жалбарына тілеуіміз шарт.

Міне, сонда намазымыздың Алла тарапынан қабыл алыну мүмкіндігі болмақ. Ал намазымыз қабыл болса, жүрегімізге имандылық ұяламақ, ал имандылық ұяласа, бойымызда қарапайымдылық, инабаттылық, қанағатшылық, кешірімшілдік сияқты ізгі қасиеттер молая түспек. Мұндай иманды қасиеттерден жұрдай намазханбыз деп жүргендердің оқыған намаздарының бәрі ҚҰМҒА СІҢГЕН СУДАЙ құрып жоғалуда. Яғни, олардың жасап жатқан әректтерінің бәрі бос әурешілік. Бұл – АҚИҚАТ.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика