Не ексең, соны орасың

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Карма заңы деген не?  Енді осы жайына кеңірек тоқтала кетелік.  Жалпы, заң дегеннің өзі кездейсоқтықтан аулақ, үнемі қайталанып отыратын және белгілі бір жүйеге, тәртіпке бағынған құбылыс қой. Діннен аулақ атеистік түсінік үстем болған кеңес заманында бұндай заңдарды Табиғат заңдары деп атайтын. Жердің өз осінен белгілі шапшаңдықта айналуы, одан қалды Күнді айналып жүруі, соған орай жыл мезгілдерінің ауысып отыруы – бұның бәрі белгілі тәртіпке және қатаң жүйеге бағынған заңдылықтар екендігін атеистік материалист ғалымдар да мойындайды. Олар осылайша, көзге көрініп тұрған және ақылмен сезуге болатын табиғат заңдарын ғана мойындап, оны зерттеп, зерделеуге талпынғандарымен, адам өміріне тікелей қатысты басқа заңдарды, соның ішінде Карма заңы дегенді мүлдем қаперге алмайтын.

Карма заңын материалист ғалымдар да, қарапайым адамдар да онша мойындап, оның бар екендігін түйсіне қоймайтын себебі – бұл заң көзге көрініп тұратын дөрекі матариалдық қуаттардың емес, нәзік қуаттың ықпалымен жұмыс жасайды. Оны түсіну үшін қолыңызға лупа алып немесе басқа да құралдың көмегіне сүйеніп, зерттеу мүмкін емес. Оның әсері сырт көзге онша байқала қоймайды және көзге ұрып көрініп тұратын Табиғат заңдарындай емес, біршама күрделі. Содан болар, бұл заң ұзақ ғасырлар бойы буддизм және индуизм сияқты дәстүрлі діндердің өкілдерінің ғана айналысатын обьектілері болып келді.

Карма заңын түсіну үшін мына жайға байыппен назар аударсақ дұрыс болады. Бұл – себеп-салдар заңы. Иә, әрбір себептің міндетті түрде салдары болады. Ол барша жұртқа белгілі қарапайым шындық. Егер сіз бір әрекет жасасаңыз, ол себеп болып табылады да, сол әрекеттің белгілі уақыттан кейін міндетті түрде салдары келеді.

Карма заңы да дәл осыған ұқсас жүйемен жұмыс жасайды. Яғни, оны белгілі бір әрекеттің белгілі бір салдары деп айтуға болады. Дегенмен, ол дәл мағынасын толымды қамтымайды. Неге десеңіз, Карма заңы себеп-салдар заңы сияқты барша табиғатты, өлі-тірі заттарды қамтымай, тек саналы адамға ғана қатысты әрекет етеді.

Карма заңының дәл болмысын ашу үшін қазақтың мына нақылын алсақ жеткілікті: «Не ексең, соны орасың». Бұл нақылдың мәні: адамның жасаған әрбір әрекетіне орай нәтиже болады дегенге саяды. Жақсылық жасасаң, нәтижесі жақсылық болып келеді, ал жамандық жасадың екен, дәл сондай жамандыққа ұшырайсың.

Қасиетті Құранда: «Кім бір жақсылық келтірсе, оған одан жақсы сыйлық бар. Ал кім бір жамандық келтірсе, ол жамандықты істегендерге істегендерінің ғана сазайы беріледі» (Қаса сүресі, 84 аят) –делінген. Құранның бұл аяты Карма заңын толықтай ашып тұр. Яғни, адамның жақсы, не жаман әрекеттеріне орай Жаратқан тарапынан берілетін игілік пен жазалау, яки сол  әрекеттің нәтижесі – Карма заңы дегеніміз осы.

Физика, химия сияқты жаратылыстану ғылымдары зерттейтін сезім мүшелері немесе түрлі құрылғылар арқылы анықтауға болатын табиғат құбылыстарын қамтыған табиғат заңдарынан ерекше, карма заңы тек саналы адамға арналған және біршама күрделі. Табиғат заңдарын бақылап, зерттеуге және сараптама жасап, бағыт-бағдарын болжамдауға болатын болса,  карма заңына олай жасай алмайсыз. Өйткені, оның күрделілігі өз алдына, ең алдымен жоғарыдағы Құран аятында айтылғандай, заңға Жаратқанның тікелей ықпалы болып отырады. Соған орай, ол заңның бағыт-бағдарын айқындап, алдын ала болжамдау мүмкін емес.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика