Ресей мен Украинаның арасында бейбіт келісім бола ма?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Украинадағы қанды қырғын соғыстың жүріп жатқанына үш жылдай уақыт өтіпті. АҚШ-тың баспасөзінің дерегі бойынша қазіргі күнге дейін 600 мыңнан астам ресейлік, 400 мыңдай украиндық жауынгер қаза тапқан. Украинада қаншама қалалар мен елді мекендер жермен-жексен болып қирады, миллиондаған адам бассауғалап шетелге кетті. Өз кезегінде Украина да соңғы жылдарда Ресей аумағына шабуылдар жасап, содан көптеген ресейліктер зардап шегіп жатыр. Ал Украйна басып алған Курск облысының аумағының тұрғындары елдің ішікі аймақтарына кетіп,  баспанасыз босындарға айналды. Міне, соғыс әкелген тауқымет осындай.

Қанды қасап соғыстың әзірге бітетін түрі байқалмайды. Украина Батыс елдерінің көмегінің арқасында  халықты ашықтырмай, соғысты жалғастыруға мүмкіндік алса, Ресейдің ішкі резервтері күн санап азайып барады. Украинада соғыстың алғашқы кезеңінде майданға аттануға ерікті түрде барғысы келетіндер саны көп болса, қазір жергілікті билік әскер қатарында болуға жарамды жастарды қоғамдық орындардан ұстап, еріксіз жіберетін жағдайға жетті. Ресейде, тіпті шет ел азаматтарын алдап, болмаса қорқытып соғысқа жіберу оқиғалары көбейген. Бұның өзі екі мемлекет те соғыстан әбден титықтап, оны одан әрі созуға шамаларының жетпей бара жатқанын көрсетеді.

Дональд Трамптың АҚШ президенті болып сайлануы Украинадағы соғысты тоқтатуға үлкен ықпалын тигізуі мүмкін екендігін әлемдік ақпарат құралдары айтып, жазып жатыр. Трамптың өзі әлеуметтік желілердегі жазбаларында, жекелеген сұхбаттарында бұл мәселе жайында жасырмай айтып та жүр. Таяуда Трамп Францияға сапарында Украина президенті Владимир Зеленскиимен кездесіп, сөйлесті. Осы кездесуден кейін ол әлеуметтік желідегі жазбасында Украинаның соғысты тоқтатып, бейбіт келісімге келуге ынталы екендігін, енді Путинмен сөйлесіп, оны көндіруге күш салатынын жазды. Трамптың бұл әрекетінің қаншалықты нәтиже әкелерін уақыт көрсетеді.

Украиналық белгілі блогер журналист Дмитрии Гордон Батыс саясаткерлерінің ұсынысына сай, болашақта болуы мүмкін бейбіт келісім жайында былайша баяндайды. Оның айтуынша, Ресей басып алған аумақтар олардың қолында қалады, сол жерден жанасуға болмайтын аумақ белгіленіп, сол аумақты Батыс елдерінің әскері күзететін болады, яғни Ресейдің жаңа басқыншылық жасауына жол берілмейді. АҚШ пен Батыс елдері Украйна әскерін қазіргі заманғы жаңа қарулармен жарақтап, қуатты армия құрады. Бұның өзі Ресей тарапынан басқыншылық жасауға тосқауыл болмақ. Батыс елдері соғыста қираған қалалар мен елді мекендерді қалпына келтіруге және ел экономикасын көтеруге қаржылай көмек көрсетеді. Сондай-ақ, Украина 20 жылға дейін НАТО ұйымына кіруге талпынбауы тиіс. Міне, осындай шарттармен екіжақты  бейбіт келісім жасалуы мүмкін.

Бұл ұсыныстарға Украина жағы келісіп отырғанға ұқсайды. Оған Зеленскиидің Париждегі Трамппен кездесуі нақты дәлел болады. Соғыстан титықтаған Украина үшін бейбітшілік қазір ауадай қажет. Дегенмен де, бұл ұсынысқа Ресей жағы келісе ме, жоқ па, белгісіз. Егер  Путин Трамптың ұсынысынан бас тартар болса, онда мінезі жұмсақ Байден сияқты емес,  батыл қадамдарға бара алатын Трамп Ресейге қарсы экномикалық санкцияны күшейтіп қана қоймай, Украинаны қуатты қарумен жарақтандыруға көмектесіп және ол қаруларды Ресей аумағын атқылауға пайдалануға рұқсат беруі мүмкін. Бұның өзі соғыс жағдайын күрт өзгертіп, Ресейдің әскери ахуалын қиындата түсері анық.

Трамп таяуда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті. АҚШ-тың жаңа сайланған президентінің бірінші болып Қазақстан басшысымен сөйлесуі туралы ақпарат құралдары әртүрлі жайларды айтып жатыр. Бұның астарында Трамптың Қазақстанды Ресей мен Украина арасындағы бейбіт келіссөздері жүргізетін алаң ретінде пайдаланғысы келетін ниет жатыр дейді кейбір сарапшылар. Қалай болғанда да, үш жылға созылған қанды қырғынның тоқталуын қазір әлемнің барша бейбітшіліксүйгіш халықтары қалайды.

Қалкөз Жүсіп.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама

"Ақиқат" сайтының Кітап дүкенінен әдеби, танымдық қызықты кітаптар ала аласыз. Ол кітаптардан сіз көптеген пайдалы ақпараттар тауып, оны нақты өмір тәжірибеңізге қолдануыңызға болады. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз: https://akikat01.com/kitap-d%d2%afkeni/

Яндекс.Метрика