Ресейдің ең қатерлі жауы

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Ресей бауырлас халық саналатын украиндарға неге басқыншылық шабуыл жасады? Бұл сауалға әркім әртүрлі жауап беріп жатыр және соғыстың не себепті басталғанын өз беттерінше талдап жазған сарапшылар қаншама. Олардың басым көпшілігі Путин бұрыңғы КСРО-ны, тіпті орыс империясын қалпына келтіргісі келеді дегенді айтуда.  Егер ресейдің қазіргі жағдайына назар аударсаңыз, бұл соғыстың шығу себебін қиналмай анықтауға болады.

Осыдан біраз жыл бұрын ресейдің статистика комитетінің бір лауазымды қызметкері көпшілік шарада бәлкім абайсызда, немесе біліп тұрып қасақана айтты ма, кім білсін, ресей халқының сол кездегі саны ресми деректегідей 146 млн емес, 69 млн екендігін айтқан еді. Сол тұста осы цифрға қатысты үлкен шу болды. Статистика мекемесінің білдей бір басшы қызметкерінің аузынан шыққан бұл цифрдың кездейсоқ еместігі анық. Яғни, Ресейде  халық санағына қатысты беріліп жүрген ресми деректе шикілік бар. Бұған көз жеткізу үшін мына жайға назар аударсақ болады.

Бір кезде БАМ құрылысымен қатар салынған Тында, Комомолск сияқты қалалар қазір өлі қалаға айналды. Ол қалалардан адамдар әлдеқашан көшіп кеткен, бүгінде ешкім тұрмайды. Шалғай аймақтарды былай қойғанда, Мәскеудің іргесіндегі облыстарда қаңырап қалған деревнялар мен селолар, кенттер өте көп. Ютуб каналында ресейдегі қаңырап қалған адам тұрмайтын елді мекендер туралы видеолардан көз сүрінеді. Статистикалық деректерге назар аударсаңыз, жыл өткен сайын барлық аймақтардағы адам санының азайып бара жатқанын бағамдайсыз. Мәскеу мен Санкт Петербург сияқты  бірлі-жарым үлкен қалалар болмаса, басқа елді мекендердегі халық саны уақыт өткен сайын кемуде.

Қазір мына жағдайды ресейдің құзырлы органдары да растайды. Ресейде демография бойынша теріс сальдо қалыптасқан, яғни өлген адамдардың саны туған балалардың санынан көп. Осылайша, халық саны ресейде жыл санап кеміп барады. Демографиялық үлкен проблеманың барлығы қаңырап қалған елді мекендерден ғана емес, қазіргі қалыптасқан жағдайдан да анық байқалады. Ресей сияқты әлемде жер көлемі жағынан бірінші орын алатын алып мемлекетте жұмыс қолына деген сұраныстың жоғары болатыны белгілі. Өз халқы аз ресейге сырттан келетін жұмыс күштері жыл санап көбеюде. Осының салдарынан шеткергі аймақтарды былай қойғанда, Мәскеу, Петербург сияқты ірі қалалардың өзінде орыс ұлтының үлес салмағы азайып, сырттан келгендердің саны көбейіп кеткен.

Ютубқа салынған бір видеодан орыс әйел Санкт Петербургтің орталығында саябақта демалушылардың көпшілігінің Орта Азия елдерінен келгендер екендігін, байырғы тұрғындардың санының азайып кеткендігін, өзі тұратын шағын ауданда тұрғындардың 90 пайыздан астамы Орта азиялықтар екендігін айтады. Сырт қарағанда Мәскеу өзбектер мен тәжіктердің қаласы сияқты әсер қалдыратындығы анық байқалады.

Ресейде демографиялық ахуалдың ауырлығын алғаш болып шіркеу қызметкерлері көтере басаған болатын. Орыс әйелдерінің бала таппайтындығын, бала санының жыл санап азайып бара жатқандығын  айтып дабыл қаққан шіркеу қызметкерлерінің сөзіне бірақ ешкім онша құлақ аса қоймады. Дегенмен де, уақыт өте келе елдегі демографиялық жағдайың ушығып бара жатқанын биліктің өзі де мойындауға мәжбүр болды. Рас, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ыдыраған КСРО аумағынан орыс ұлтының өкілдерінің байырғы атажұрттарына  көптеп қоныс аударулары демографиялық жағдайды қалыпты деңгейде ұстауға көмектесті. Бірақ та, 2010 жылдардан кейін сырттан көшіп келушілер легі тоқтап, осыған байланысты демографиялық проблема анық байқала бастады. Биліктің демографиялық жағдайды жақсарту үшін материнскии плата аталған бала туғандарға берілетін  қомақты  көмек қаржыны енгізуі де бала туу санынын көбейтуге әсер ете алмады.

Бұрыңғы КСРО елдеріндегі демографиялық ахуалға арналған мәліметтерге назар аударсақ, ресейдегі бала туу көрсеткіші ең соңғы орындарда екендігі көрінеді. Ресейдің халқының 70 пайызы егде жастағылар екен. Жастардың  үлесі 30 пайыздай ғана. Ал салыстыра қарар болсақ, мәселен Қазақстандағы халықтың 70 пайызы 30 жасқа дейінгі жастар екен.  Осыған орай, жер аумағы үлкен болса да, елімізде жұмыс қолына деген оншалықты зәрулік жоқ, өйткені жұмыс істейтін жастағы жастардың саны көп. Ресейде керісінше, жастар аз болғандықтан, жұмыс күшін сырттан шақыруға мәжбүр.

Міне, осындай демографиялық үлкен проблема ресейдің Украинаға басқыншылық шабуыл жасауына әсер еткен негізгі себеп десек, артық айтқандық болмайды. Өйткені, Путин билігі жылдан жылға саны азайып, өз елінде азшылыққа айналуға жақындаған орыс ұлтын сақтап  қалудың жалғыз сенімді жолы — тілі мен діні бір бауырлас украиндар мен белорустарды қосып алу деп санайтын сияқты. Ресей ақпарат құралдары украин деген ұлт жоқ, бәрі орыстар деп айтып жүр. Басып алған аймақтағы украндардың балаларын  Ресейге жіберу де сол демографиялық мәселені шешудің бір тәсілі деп саналса керек.

Тарихқа назар аударып қарайтын болсақ, әлемдегі ең мықты империялардың бірі болған Рим империясының түбіне жеткен демографиялық ахуал екендігін бағамдаймыз. Бейберекет жыныс жақындығына берілген римдіктердің әйелдері бала табудан қалады. Бұның өзі римнің әскерін қамтамасыз етуге кері әсерін тигізеді. Сондықтан, амалсыз римдіктер әскерге қажетті сарбаздарды іргелес көшпелі  тайпалардан алатын болған. Біздің дәуіріміздің 4 ғасырында рим әскерінің 90 пайызы олар варварлар атап кеткен тайпалардың өкілдері болған. Міне, сол тұста варварлар римге басқыншылық шабуал жасады. Елді қорғайды деген жауынгерлер өз қандастарына қарсы соғысудан бас тартты. Осылайша, әлемдегі ең құдыретті империя еш соғыссыз талқандалып, жойылды.

Қазіргі ресейдің жағдайы да сол ежелгі римге ұқсайды. Егер жағдай осылай жалғасса, енді 10-20 жылда  ресейдің Шығыс аймақтарын Қытай, ал орталық пен батыс аумақтарын Орталық Азия елдері еш соғыссыз жаулап алатын болады. Ұлтының 70 пайызы өлгелі жүрген кемпір-шалдардан құралған орыстар енді 10-20 жылдан соң халқының 3/2 бөлігінен айрылады. Ол кезде орыстар өз елінде азшылыққа айналады. Бұл дегеніңіз ресей үшін апат екендігі анық. Қазіргі билік бұл жағдайды өте жақсы біледі. Сондықтан да, олар демографиялық апаттан құтылудың соңғы амалы ретінде соғысты жүргізуге мәжбүр.

Қалкөз Жүсіп.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама

"Ақиқат" сайтының Кітап дүкенінен әдеби, танымдық қызықты кітаптар ала аласыз. Ол кітаптардан сіз көптеген пайдалы ақпараттар тауып, оны нақты өмір тәжірибеңізге қолдануыңызға болады. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз: https://akikat01.com/kitap-d%d2%afkeni/

Яндекс.Метрика