«Северный казахтың» тасасында кім тұр?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Әлеуметтік желілерде  «Северный казах» деген лақап атпен өзін Көкшетау қаласының тұрғыны, есімім Аслан деп атаған сақалды жігіттің бейнеролигі таралып, ол жұртшылық тарапынан үлкен пікір туғызды. Қазақстанда орыс тілділер мен орыс ұлтының өкілдері қысым көріп жатыр, ұлтшылдық күшейіп барады деп байбалам салған сақалды азаматтың ашу-ызаға толы сөздері  қазақ тілі жанашырларының ғана емес, орыс тілді отандастарымыздың да шамына тигендігі олар жазған пікірлерден анық байқалды.

Сақалды жігіт орыс тілінің жылдан жылға қысымға ұшырап, шетқақпай болып отырғандығын ашына айтып, орыс тілінен айрылу қазақтар үшін үлкен бақытсыздық болады деді және ол  жер-су, елді мекен, көше атауларын қазақыландыруға үзілді-кесілді қарсылығын білдіріп, бұлай жасаудың  тарихқа қиянат екендігін айтты.

Қазақстанға, қазақ тіліне соңғы кезде ресейліктер тарапынан тиісудің жиілеп бара жатқандығын және еш негізсіз «тисе терекке, тимесе бұтаққа» дегендей орынсыз ғайбаттап жататындардың  әрекеттеріне ренжіп жүргендер, енді өз ішімізден шыққан және ұлты қазақ азаматтың мынадай сөздерін естігенде қатты күйінгенін атап өткен артық болмас. «Северный казах» атанған сақалдыға жауап берген видеолар мен жазбалар қаптап кетті.

Қазақ блогерлерінің арасында да іздегенін таппай қоймайтын өз істерінің сүйегін шағып, майын ішкен шеберлері аз емес қой. Солар әлгі көкшетаулық  сақалдыны іздестіріп, ақырсында Көкшетаудан және Қазақстаннан емес, Ресейдің Абадан қаласынан тауыпты. Ол Абадан қаласында тұратын Ярослав Чильчигачев деген ресей азаматы болып шықты. Ресейде отырып алып, өзін Көкшетауда тұрамын деп ел-жұртты алдап және екі елдің, халықтың арасына от салатын ақпарат таратқан бұл азаматтың ісі біздің елдің заңына сай қылмыстық іс ашуға негіз бола алады. Дегенмен де, қазақстандық құқық қорғаушылардың ресей азаматының үстінен осы әрекеті үшін қылмыстық іс ашуға батылдары бара қояр ма екен?

Осыдан бірнеше жыл бұрын  «Тіл туралы» заңның  талаптарының орындалуын талап етіп, сауда орындарында қазақ тілінде қызмет көсретуді сұрағаны үшін қазақстандық Ахметов деген азаматтың үстінен ресейлік журналистердің қысымымен қылмыстық іс ашылып, ол шетелге кетіп бойтасалауға мәжбүр болған еді. Ал ресейде отырып алып, біздің елімізде болмаған жайды болды деп өтірік ақпарат таратқан және ұлтаралық, мемлекет аралық дау-дамай туғызуға бағытталған теріс әрекеті үшін ресейлік Чильчигачевты жауапқа тарту заң талаптарына сай, бірақ біздің құқық қорғаушылардың оған шамасы келмейтіні белгілі. Сондықтан, екі елдің арасын араздастыруға талпынған ресейлік азаматқа жасар еш амалымыз жоқ.

Түрі орысқа келмейтін, бурят, тувалық па, әйтеуір сібір ұлттарының бірінің өкілі Ярослав Чильчигачевтың бұндай әрекетті өз ақылымен, өз қалауымен істеп отырмағандығы көзі қарақты әркімге де түсінікті жай. Оның сыртында ресейлік ФСБ ұйымының тұрғанын айтпай-ақ сезінуге болады. Ертеректе  Ермек Тайчибеков деген қазақстандық азамат  Қазақстан ресейге қосылуы керек, біз тұрған жердің бәрі ресейдің атақонысы деген мазмұнда ақпараттар таратып, еліміздің қауіпсіздігіне қатер төндіре бастағанда белсенді азаматтардың күш салуымен ол сотталған еді. ҚР Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымын атқарған Майлыбаев та ресейдің пайдасына қызмет етті деген айыппен сотталып, түрмеде отырып шықты. Дәл осындай баппен тағы да бірқатар лауазымды адамдар сотталды. Осыларға қарап, ФСБ елімізге қарсы бүлдіргі әрекетін білдірмей жасап, оған қазақстандықтардың өздерін тартуға күш салып жатқанын бағамдауға болады.

Ресейдің Украинаға басқыншылық жасауы еліміздегі ұлтаралық жағдайды біршама өзгертті. Бұрын ресейді  барлық жағынан үлгі тұтып, өздерін орыс әлемінің ажырамас бөлігі санайтын азаматтардың біразы Қазақстанды отанымыз деп танып, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде мойындап, оны үйренуге жүздерін бұра бастады. Ресей пропагандасына қарсы ашық пікір білдіргендердің арасында ұлты орыс қыз-жігіттер көптеп шығуда. Бұның өзі Қазақстанды ең алдымен ресейдің өз халқына, содан кейін әлем қауымдастығына ұлтшылдыққа жол беріп, орыс тілі мен орыс ұлты өкілдеріне қысым жасап отырған ел ретінде көрсетуге тырысқан ФСБ қызметінің белсенді әрекеттеріне тосқауыл қойды. Қазақстанның, оның ішінде қазақ ұлтының арасынан тайчибековтерді таба алмаған ФСБ амалсыз осындай рөлді ойнауға түр келбеті қазаққа келетін Чильчигачевты тартқан сыңайлы.

Чильчигачевтың мақсаты Қазақстанды ұлтшыл ел ретінде көрсетіп, ресейліктердің бұл елге деген жеккөрініш, ашу-ыза сезімін арттыру екендігі айтпаса да түсінікті. Ал оның астарында, егер ой жіберіп қарайтын болсаң, ресейдің  болашақта Украинаға жасаған басқыншылық әрекетін Қазақстанға да жасау ниеті барлығын бағамдауға болады. Ресей ақпарат құралдарының Украина, ондағы орыс тілі мен ұлтына қарсы жасалып жатқан озбырлық туралы  ұзақ жылдар бойы  жүргізген пропагандасының нәтижесінде ресейліктердің  басым көпшілігі Украинадағы ұлтшылдық пен неофашизмге имандай сенетін болды. Қазір дәл осы тәсіл Қазақстанға қарсы жүргізіле бастаған сыңайлы.

Қазақ «орыстан досың болса, жаныңда айбалтаң болсын» деп текке айтпаған. Ресеймен іргелес отырған біздер үшін ең үлкен қатер қазіргі күні дәл осы ресей тарапынан болып тұрғаны жасырын емес. Қорғаныс күштерін нығайту – атқарушы органдардың міндеті, ал қарапайым халық чильчигачев сияқтылардың арандатуына ермей, орыстілді, қазақтілді болып бөлінуді қойып, ортақ Отанымыздың тыныштығын сақтауға атсалысуы керек.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама

"Ақиқат" сайтының Кітап дүкенінен әдеби, танымдық қызықты кітаптар ала аласыз. Ол кітаптардан сіз көптеген пайдалы ақпараттар тауып, оны нақты өмір тәжірибеңізге қолдануыңызға болады. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз: https://akikat01.com/kitap-d%d2%afkeni/

Яндекс.Метрика