Тағдыр туқыметі немесе өмірді өзгертуге бола ма?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

арақБілімді адам кездескен қандай қиындықтан да шығар жол тауып, өмірін өзгерте алады. Ал білімсіз пенде бәрін тағдырға артып, құдай салды, біз көндікпен тауқыметті тірлік кешеді. Тағдыр біздің туған кезден бастап маңдайымызға жазылып қойылған, еш өзгертуге болмайтын тас сияқты қатып қалған жол емес. Жаратқанның қайрымдылығы сонда, ол пенделеріне әрдайым өз тағдырын, өмір жолын өзгертіп, игілікке, жақсылыққа кенелер жол табуына мүмкіндік береді.

Бұл тағдырдың жазуы ма?

Солтүстікте күн ерте суытады. Қыркүйектің ортасына қарай суық түсіп, күздің ызғары нық сезіле бастайды. Мен күнде таңертең өзім белгілеп алған бағытпен 30-40 минуттай таза ауада серуендеп қайтамын. Жүретін жолымда көп қабатты бір үйдің бірінші қабатындағы балконның астында ескі-құсқы көрпелерді төсеніп және жамылып, соны баспана етіп алған екі кісіні күнде көремін.

Төбесі және екі жағы жабық, ал бір жағы үңірейген ашық балкон астындағы әлгілердің тұрағын баспана деуге болмайды. Түн түгілі, күндіздің өзінде күздің қара суығы өңменнен өтеді. Әлгі бейшаралар ескі көрпеге оранып қара суықта қалай күн көретінін ақылға сыйғыза алмадым. Ыстық тамақ ішсе бір жөн. Жандарында бес литрлік баклажкада кәдімгі қара су тұр. Жейтіндері де қатқан нан мен жұрттан қалған бірдеңелер болса керек.

Үйсіз-күйсіз БОМЖ атанған бұндай пенделер Көкшетауда ғана емес, еліміздің барлық қалаларында жетерлік. Олардың бәрі осылай тауқыметті тірлік кешуде. Біреуге біреу қарамайтын қазіргі ақша билеген нарық заманында БОМЖ атанып, сондайлардың қатарына қосылу оп-оңай. Олардың арасында қол-аяғы балғадай жастар да аз емес.

«Өмір – күрес» деп бір данышпан баяғыда-ақ айтып қойыпты. Назар аударып қарасаң, шынында өмір аяусыз күреске толы. Жеңіліп табан астында қалмас үшін күшті болу ғана емес, ең бастысы табанды және өлермен болу да қажет. Мұндай қасиеттері жоқ, рухани әлсіз адамдар тағдыр тауқыметіне төзбей жүнжіп, құрдымға құлайды.

Тағдырды қалай өзгертуге болады?

Ведалық ілімде адам өміріне ықпал ететін 4 негізгі фактор аталады. Олардың үшеуін өзгертуге, яғни ықпал етуге біздің мүмкіндігіміз жоқ. Біреуін ғана өзгерте аламыз. Ол – карма немесе әрекет деп аталады. Яғни, біздің іс-әрекетімізді өзгерту арқылы, тағдырымызды толықтай өзгертуімізге мүмкіндігіміз бар.

Тағдырды өзгерту үшін саналы әрекет жасау қажет дейді теолог-ғалым Александр Хакимов. Саналы әрекет пен санасыз әрекеттің арасында аспан мен жердей үлкен айырма бар. Мәселен, біз күнде тамақ ішіп, ұйықтаймыз, жұмысқа барамыз, т.б әрекеттер жасаймыз. Бұлардың бәрі санасыз әрекеттер. Біз тағдыр белгілеп берген таптаурын жолмен жүреміз де, өткенде жсаған жақсы-жаман әрекеттерімізге сай өзімізге бұйырған несібемізді қанағат тұтамыз.

Ал өмірімізді өзгертіп, басқаша жетістікке жеткіміз келсе, онда алдымызғы нақты мақсат қоюымыз қажет болады. Мәселен, сіз бай-бақуатты болып, ешкімге тәуелсіз еркін өмір сүргіңіз келді делік. Ол үшін не қажет екендігін алдымен анықтап, соған жететін амал-тәсілдерді белгілеп алуыңыз шарт.
Мысалы, мен бизнеспен айналысып, 4-5 жылдың ішінде мынанша табыс табатын дәрежеге жетемін деп алдыңызға нақты мақсат қоясыз.

Енді сол мақсатқа жететін жолды қарастырып, соған түсіп алға жылжисыз. Өмір жолы тақтайдай тегіс болмайтыны белгілі. Кездесетін түрлі қиындықтар мен кедергілерді жеңуге тура келеді. Осылайша қиындықтар мен кедергілерді жеңе отырып, алған бетіңізден таймай табанды әрекет жасай алсаңыз, түптің түбінде мақсатыңызға қол жеткізесіз. Бұл – бүгінде биік мақсаттарына жеткен адамдарыдң бәрінің өткен жолдары.

Егер сіздің өміріңіз бірсарында, еш өзгеріссіз, бір күніне бір күні ұқсас болып өтіп жатса, онда сіз тағдыр салған таптаурын жолмен жүргеніңіз. Мұндай жағдайға бой үйретіп алсаңыз, көп ұзамай көнбіс болып, балконның астын паналап, тақуыметті тірлік кешкен БОМЖ сияқты бойкүйездікке ұшырайсыз. Оған етіңіз өліп, үйренген соң сіз ешқашан өміріңізді өзгертуге талпынбайсыз және бәрін тағдырға артып, тауқыметті тірлікке мойынсұнасыз.

Тест: Өз өміріңізді басқа адамның көзқарасымен қарап, өзіңізге ол ұнай ма, жоқ па деген сауалға барынша шыншылдықпен жауап беруге тырысыңыз. Табысыңыз, баспанаңыз, тұрмыс жағдайыңыз, денсаулығыңыз, қоршаған адамдармен қатынасыңыз, т.с. – сіздің көңіліңізден шыға ма? Егер оған көңіліңіз толмаса, онда өмір жолыңызды, яғни тағдырыңызды өзгерту қажет болмақ.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика