Табысқа жеткізер басты қадам – ынта

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

ешқашанда берілме«Ынта болса ойға алған мақсатқа жеткізер жүз түрлі жол табылады, ынта болмаса, ойға алған мақсаттан бас тартатын жүз түрлі сылтау табылады» деген екен бір ғұлама. Арман-мақсатқа жеткізер жолдағы ең басты және маңызды қадам – ынта. Неге адамдардың бәрінде бірдей ынта болмайды, ынта қайдан шығады, оны қалай дамытуға болады? Мақаламыздан осы жайында толымды жауап таба аласыз.

Ынта қайдан пайда болады?

Біз бәріміз де мектепте оқып, білім алдық. Бірінші сыныпты аттаған балалардың бәрінің алдында бірдей мүмкіндік тұрады. Мұғалім бірдей, оқулық пен бағдарлама да бір, бірақ соған қарамастан, бір бала жақсы, енді бірі өте жақсы, біреулері орташа, енді біреулері нашар оқиыды. Неге?

Бұл сауалға бір-ақ ауыз сөзбен «бәрі ынтағы байланысты» деп жауап беруге болады. Иә, ынтасы бар бала жақсы оқып, өзгелерден алда болады. Ынтасы жоқ балаға ұрыссаң да, тіпті ұрсаң да миына сабақ қонбайды.

Адамды табысқа жетуге құлшындыратын ынта деген қасиет қайдан пайда болады? Егер зер сала қарасаң, ынта адамдардың бәрінде дерлік болатынын бағамдауға болады. Тек, ол біреуде көбірек, екіншісінде азырақ, енді біреулерде болар-болмас қана бар. Ең бастысы, сол ынтаны бұлақ көзін ашқандай дамытып, өркендете білу қажет.

Ынтаны қалай дамытады?

Ең алдымен, ынта деген қасиетті бойыңыздан тауып, анықтап алғаныңыз жөн болады. Мәселен, біреудің ынтасы ән салып, өнер жолымен жүруге бейім болса, екіншісінде ол отбасы құрып, отбасынан бақыт табуға бағдарланған, үшінші адамда спортпен айналысуға бейімділік болса, енді біреу бизнеске ынталы.

Осыған қарап, ынта дегеніміздің өзі бірдеңеге қызығу, содан бақыт, рахат табуға құлшыну деген түсінікке келетін сияқты. Ынтаны дамытудың ең сенімді және бірегей жолы – өзіңіз қызығатын нәрсемен айналысып, содан қанағат табуға ұмтылу. Осылай жасаған адам, міндетті түрде ойлаған мақсатына жетіп, өмірден бақытын табады және ең бастысы, жаны қалаған іспен айналысатындықтан, оған деген ынтасы ешқашан кемімейді.

Ынта – бақыт бастауы

Біздің бір ағайымыз болды. Ол тракторшы еді. Шынжыр табанды ДТ деген трактормен жұмыс істейтін. Ескі тракторлардың дауысы да қатты, есік-тесігінен шаң кіреді. Әлгі ағамыздың тракторына мініп жүре қалсақ, сәлден соң құлағымыз тұнып, басымыз айнала бастайтын. Бірақ ол кісінің өзі  соған әбден үйреніп алған.

Бұл ағамыз трактор айдаудан рахат алатын еді деп айта алмаймын. Ол үшін жұмыс – бала-шағаны асыраудың құралы ғана-тын. Оның ең басты бақыты – бала-шағасы болатын. Ненғұрлым көп табыс тауып, бала-шағасын жақсы бақса, бақыт деген сол деп санайтын. Содан болар, ол қысы-жазы тынбай жұмыс істеп, табысты күреп табатын. Отбасынан бақыт тапқан тракторшы ағамыз шаң жұтып, ауыр бейнет көрсе де әлі тірі, бүгінде жасы 90-нан асты. Оны жұмысқа құлшындырып, өмірін қуанышқа толтырған – отбасын бақытты етемін деген арман болса керек.

Ал, бар өмірін мал бағумен өткізген ағаларымыз да болды. Олар үшін мал бағу ақша табудың құралы емес еді. Сол жұмыстарынан кәдімгідей рахат алып, мал жайында жүрген жерлерінде үнемі айтып жататын.

Мен отыз жылға тарта журналистика саласында жұмыс жасап келемін. Өзіммен бірге істейтін бірнеше жігіт бар. Кездесе кеткенде жұмыс жайында жарыса айтып жатамыз. Бұл тақырып бізді шаршатпайды да, жалықтырмайды. Өйткені, содан кәдімгідей рахат аламыз. Жұмысым өзіме ұнайтындықтан ба, одан ешқашан шаршап, қажыған емеспін және мамандық ауыстыру жайын да ойламаппын. Менімен бірге істейтін мамандығын ақша табудың құралы деп санайтын адамдар да бар. Олар жұмыстарын ынтасыз жасайды, содан болар сапасы да төмен болады. Ондайлар әдетте бізде көп тұрақтай қоймайды. Жалақысы жоғарылау жұмыс табылған күні оп-оңай соған ауысып жатады.

Түйін: Бүгінде адамдардың көбі бар бақыттың негізі – байлық дегенді саналарына сіңіріп алып, соған жетеміз деген үмітпен өмірлерін өткізеді. Шындығында, бақыт – бұл жаның қалаған іспен айналысып, бойыңдағы соған деген қызығушылықты дамыту. Бірдеңені қызыға, құлшыныспен атқарсаң, содан кәдімгідей рахат аласың. Ынтамен істеген жұмыстың нәтижесі де жоғары болады. Бұл сені табысқа жеткізеді және айналаңа қадірлі етеді, оған қоса жұмыстан ләззат алып, бақыт ауылының тұрақты тұрғыны боласың. Сондықтан, бақытты боламын десеңіз, өзіңіз қызығатын іспен айналысып, оған деген ынтаңызды дамытып, өсіріңіз. Сонда табысқа да, бақытқа да жетеріңіз даусыз.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика