Записи с меткой «ақша»

Ең қайтарымы мол инвестиция – білім

электронды ақшаҚазақта «білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген мақал бар. Яғни, күш білекте емес, білімде. Мұсылманның қырық парызының бірі білім алу деп көрсетілуі де тектен-тек болмаса керек. Бірақ та, бүгінде көп адамдар білімнің құдіретіне сенбейді және оған онша көңіл бөлмейді.
Яндекстің http://wordstat.yandex.ru/ сілтемесі арқылы бір айда қандай сөзді қанша адам іздегені туралы мәліметке назар аударып көрелік. Ақша деген сөзді – 7565, байлық дегенді – 3955 адам бір айда сұрау салу арқылы іздеген екен. Ал «білім таусылмайтын байлық» деген сөзді бір айда небары 20 адам ғана іздепті. Осыған қарап, жұрттың білімді байлықтың бастауы деп санамайтынын аңғарғандай боласың.

Әлемдегі ең бай адамның жоғары білімі жоқ.

Сенесіз бе, әлемдегі ең бай адам саналатын – Билл Геитстің жоғары білімі жоқ екен. Ол гавард университетіне оқуға түсіп, оны бітірмей тастап кетеді. Өйткені ол оқып жүріп, өзі жасаған Прочитать остальную часть записи »

Интернет арқылы ақша табу

интернет бизнесИнтернет арқылы ақша табуға бола ма, жоқ па деген сауалдың басы ашық. Бүгінде миллиондаған адамдар интернет арқылы жақсы табыс тауып, тіпті соны негізгі кәсібі етіп алғандығы осыны айғақтайды. Интернет-бизнесмен деп аталатын бұл кәсіптің иелері үйінде компьютердің алдында отырып қомақты ақша табуда.
Блогымызда интернет арқылы ақша табудың бірқатар тәсілдері туралы жазған болатынбыз. Бүгін рунет, яғни орыс тілді интернетте кең таралған, миллиондаған адамдар қолданып, жақсы табыс тауып жүрген Glopart (глопарт) жобасы туралы әңгіме етпекпіз.

Ақша табудың сенімді түрі – өз ақпарат тауарларыңызды шығару.

ХХІ ғасырды ақпарат ғасыры деп тектен текке айтып жүрген жоқ. Ақпаратты иеленген адам қазір бәрін де иелене алады. Яғни, ақпарат ең өтімді және пайдалы тауар болып саналады. Сондықтан, Прочитать остальную часть записи »

Адамды тұрмыс билейді

Карл Маркс коммунизм идеясын жасаймын деп оңбай қателессе де, оның «адамды тұрмыс билейді» деген сөзінің ақиқаттығын өмір үнемі дәлелдеп келеді. Тұрмысы түзу адамның еңсесі биік, көңіл күйі көтеріңкі. Ал денсаулық ең алдымен көңіл күйге байланысты болатыны белгілі. Тұрмыстың нашарлығы көңіл күйге, сол арқылы денсаулыққа кері әсерін тигізетінін осыдан аңғаруға болады.
Украинаның шығысында қанды қырғын соғыс жүріп жатыр. Ашынған адамдар қолдарына қару алып, сайланған әскерге қарсы бастарын бәйгеге тігіп, шайқасуда. Неге? Өйткені, оларды биліктің қарапайым жұрттың тұрмыс жағдайын жақсартуға ешқандай әрекет етпейтін құрғақ саясаты әбден жалықтырған.

Алдымен тұрмыс жағдайыңды ойла, содан кейін тағы да тұрмысыңа көңіл бөл.

Бала кезде үлкендердің «нанды аяғыңның астына қойып, Құранды алуға болмайды, Құранды аяғыңның астына қойып, нанды алуға болады» деген сөздерін естігін едім. Оны кім айтты, қайдан шықты – белгісіз. Бірақ осы сөздің астырында үлкен ақиқат бар.
Қазақ «ораза, намаз тоқтықта» дейді. Яғни, ораза ұстап, намаз оқу үшін ең алдымен қарның тоқ Прочитать остальную часть записи »

Инвестиция – тәуекелдің ісі

Егер сіз инвестор болғыңыз келсе, инвестициялаудың негізгі принциптерін жақсы білуіңіз шарт. Инвестиция деген – бұл белгілі бір ақша сомасын көңіліңіз қалаған жобаға салу арқылы пайда табу. Яғни, сіз 100 мың теңге саласыз да жарты жыл өткенде 150 мың теңге етіп қайтарып аласыз. Роберт Киосаки білікті инвестор қанша пайда табатынын алдын ала дәл есептеп біліп алады дейді және ол тек пайда түсіретін жобаларға ғана қаржы салады.
Ақшаңызды сақтаудың екі түрлі тәсілі бар: біріншісі пайдалы жобаларға қаржыңызды салу арқылы белгілі мөлшерде табыс табу, екіншісі жалпақ тілмен айтқанда жастықтың астында ұстау. Екінші жағдайда сіз ақшаңыздан айрылмағаныңызбен, инфляция ақшаңызды уақыт өткен сайын құнсыздандыра бермек.

Тәуекел мөлшерін азайту.

Инвестициялау – барлық уақытта тәуекелдің ісі болып табылады. Ол тәуекелдің үлкен-кішілігі қандай жобаға, қанша сомада ақша салумен байланысты. Егер ой жіберіп қарайтын болсақ, біздің өміріміз түгелдей тәуекелге негізделгенін бағамдауға болады. Өмір алдымызға ұдайы түрлі қиындықтар мен кедергілерді тартып отырады. Инвестициялау арқылы біз тәуекелді Прочитать остальную часть записи »

Бай-бақуатты болғыңыз келсе…

Қазіргі нарық заманында бай-бақуатты болғысы келмейтін адам жоқ шығар. Бірақ та, барша адамның арманы болған байлық адамдарды таңдап, талғап қонатын бақ құсы сияқты жүздің, тіпті мыңның біріне ғана бұйыратын игілік сияқты. Осыдан бес мың жылдай бұрын Вавилонда өмір кешкен Бензир және Кобби деген кісілер де бай-бақуатты болсақ деп армандапты. Олар қанша бел жазбай еңбек етсе де, бірақта байлыққа қолдары жетпей, кедейшіліктен құтыла алмапты.

Вавилондық байдың құпиясы.

Бір күні Кобби көшеде алтын жалатқан әсем күймемен келе жатқан бұрынғы бала кезден бірге өскен досы Аркаданы көреді. Ол бұл жөнінде Бензирге айтып, содан олар бала күнгі достарынан байлыққа қалай қол жеткізгендігінің құпиясын білуге келеді. Аркаданың айтқан әңгімесі түрінде баяндалатын бұл кітап бүгінде бай-бақуатты болғысы келетін жандардың бастарына жастап жатып оқитын дүниесіне айналған.

Ежелгі вавилондық байшыгеш бай болу үшін көп жұмыс істеп немесе көп табыс табу міндет емес дейді. Байлықты армандап, оған қол жеткізе алмай өмірден өтетін пенделердің ең үлкен Прочитать остальную часть записи »

Форех арқылы ақша табуға бола ма?

форехФорех әлемдегі ең үлкен ақша айырбастау орны. Онда әлемнің 64 елінің валюталары еркін саудаға түседі. Корпорацияның күндік ақша айналымы 4 триллион АҚШ доллары көлемінде Бұл әлемдегі ақшаның ең айналымы көп мекеменің бірі болып саналады.
Форех корпорациясының ақша айналымының 97-98 пайызы интернет арқылы жүргізіледі екен. Яғни, бұл ғаламтор желісіне енгізілген алып ақша айналымы нарығы десе болады. Қыруар ақша айналыста болатын осы нарықтан әркім өз нәпақасын тауып қалуға тырысатыны анық. Ол үшін ғаламторға қосылған компьютеріңіз болса болғаны.

Ақшаны табу да, жоғалту да оңай.

Форех нарығына шығарылған 64 валюта сұраныс пен ұсыныстың ара салмағына байланысты бағасы үнемі құбылып отырады. Баға кейде көтерілсе, кейде құлдырайды. Осы жағдай миллиондаған адамның Форех арқылы күректеп табыс табуына жағдай жасайды. Ол үшін сіз Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика