Записи с меткой «заман»

Біз қандай заманда, қандай қоғамда өмір сүреміз?

Өзіміздің қандай заманда және қоғамда өмір сүріп жатқанымызды білу бізге не береді? Теңізде келе жатқан кемеші өзінің қай ендікте, қай бойлықта екендігін дәл анықтау арқылы баратын бағыты мен оның қашықтығын білетін болады. Сол сияқты бізге де өзіміз өмір сүріп отырған қоғам мен заманның қандай екендігін дәл анықтап алу болашақ бағдарымызды айқындауға көмектеседі.

Құдайсыздар қоғамы.

Адамзат білімінің шыңы саналатын веда ілімінде ұдайы қайталанып келіп отыратын жылдың төрт мезгілі сияқты төрт дәуір, яғни заман туралы айтылған. Олар: сатья юга (алтын ғасыр), трета юга (күміс ғасыр), двапара юга (қола ғасыр) және кали юга (темір ғасыр) деп аталады.
Алтын ғасырда адамдар иманды болып, әділдік үстемдік құрмақ. Күміс ғасырында адамдардың 25 пайызы теріс жолға түседі, ал қола ғасырында 50, темір ғасырында 75 пайызы және онан да көбі күнәлі жолды таңдайды. Біз қазір күнәкарлық жайлаған темір ғасырында өмір кешіп жатырмыз. Бұл дәуір 432 мың жылға созылса, оның басталғанына 5 мың жылдан астам уақыт өтті. Яғни, әлі 427 мың жылдай уақыт бар.
Кали юга, яғни темір ғасырында адамдар азғындыққа салынып, дінсіздік, әділетсіздік белең алады. Адамдардың азғындауы уақыт өткен сайын күшейе түспек. Бұның бәрін біз өз көзімізбен көріп, Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика