Теңге құнсыздана ма?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Таяуда бір жұмыспен Астанада болғанымда, такси жүргізушісі жинаған 2 миллион теңгесіне баласының ақылымен доллар сатып алғандығын, ал содан кейін көп ұзамай доллар бағамы түсіп кеткенін айтып өкініш білдірді. Баласы ютубтан көрген бір сарапшының ақылымен әкесін жиған ақшасын долларға айналдыруға көндіреді. Таксист осы әрекеті үшін қатты өкінетінін айтты.

Дауыл алдындағы тыныштық

Өз басым сонау 1990-шы жылдардағы қаржылық инфляция 1000 пайызға дейін құлдыраған кризистен бастап, 2008-2009, одан кейінгі 2014 жылдардағы дағдарыстарды түгел көріп, куәсі болдым. Таяуда ютубтен бір қаржылық сарапшының ресей рубліне қатысты сараптамасын тыңдап, қазір өткен қаржылық дағдарыстардағыдай өліара сәтте тұрғандай сезіндім.

Мәселен, тормызды басқаннан кейін автокөлік бірден тоқтай қалмайды. Өз инерциясымен бірнеше метрге дейін жылжып барып, содан кейін барып тоқтайды. Қазір де сол жүйткіп келе жатқан көліктің тормызы басылғаннан кейінгі сәттегідей кезеңде тұрғандаймыз. Яғни, дағдарыс салқыны қазірдің өзінде анық сезіле бастады.

Ресейлік сарапшының айтуынша, өткен дағдарыстарға шолу жасағанда белгілі болғаны, дағдарыс қарсаңында баға күрт өсіп, қымбаттай түседі. Содан кейін ақырындап басталған құлдырау көп ұзамай шапшаңдап, барлық нарық бағамы еселеп арзандайды. Бұның бәрі бұрынғы дағдарыстарда байқалған құбылыстар. Қазір де сондай болатынында дау жоқ дейді ол.

Дағдарыс неліктен болады?

Қазір сарапшылардың көбі төніп келе жатқан дағдарыс туралы айтып жатыр. Керісінше, қарапайым пенделер жәйбарақат, олар үшін айналадағы болып жатқан оқиғалар мән-мағынасыз, өз өмірлеріне әсерін тигізбейтін нәрсе сияқты. Шындығында, дағдарыс барша адамдарға әсерін тигізеді.

Енді мынаған назар аударыңыз: Қазақстан да Ресей сияқты шикізатты экспорттау арқылы экономикасын көтеріп отырған ел. Біздің ең негізгі экспортымыз – мұнай болса, мұнай бағамы қазір екі еседен астам түсіп кетті. Қазақстан жылдық бюджетін жасағанда мұнай бағамын барреліне 45 доллар көлемінде жасаса, қазіргі бағам 20 доллардан да төмен. Бұл – дағдарыс қаупін күшейтетін бір себеп.

Екінші себеп: еліміз короновирусқа қатысты наурыз айының ортасында төтенше жағдай жариялап, Астана, Алматы сияқты ірі қалаларды карантинге жапты. Осының салдарынан жұмыс істеп тұрған ірі кәсіпорындар мен сауда орталықтары түгел тоқтады. Мыңдаған адам жұмыссыз қалғаны өз алдына, бюджетке миллиардтаған теңге қаржы түспей қалды. Ірі мейрамханалар, ойын-сауық орталықтары әлі күнге дейін ашылған жоқ. Осының салдарынан мемлекет қоржынына миллиардтаған теңге түспей, үлкен тесік пайда болды.

Енді не болмақ?

Қисынға салып қарасақ, шикізатқа байланған Қазақстан сияқты орташа дамыған елдерде шикізат құнының күрт арзандауы міндетті түрде ұлттық валютаны құнсыздануға ұшыратады. Осының салдарынан шет елден әкелінетін доллар бағамына тәуелді заттар күрт қымбаттайды, бұл өз кезегінде қарапайым халықтың тұрмысына үлкен соққы болады.

Карантин кезінде валюта айырбастау орындары шектеулі түрде жұмыс істеді. Енді карантин біткен соң олар толыққанды жұмысқа көшеді. Халық долларды көптеп сатып ала бастаса-ақ, оның бағамы шарықтап, теңге құнсыздана бастайды. Ал теңге бағамын қолдан ұстап отыратын Ұлттық банк ол үшін миллиардтаған долларды жұмсай алмайды. Осының салдарынан көп ұзамай теңгенің құнсыздануы орын алмақ. Сарапшылардың пікірі осыған саяды.

Жоғарыдағы таксист сияқты жиған-терген ақшаларына доллар сатып алып жатқандар қазір аз емес. Бұл ақырындап доллар тапшылығын туғызып, теңгенің құнсыздануын күшейте түсері анық. Ертең теңгенің долларға шаққандағы бағамы 500, тіпті 600-ге жетіп жатса, таңғалуға болмас. Ол кезде жылжитын, жылжымайтын мүліктер бағасы да алғашында ақырындап түсіп, кейін күрт құлдырауы мүмкін. Өткен дағдарыстар тәжірибесі осыны көрсетеді.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика