Тіршіліктің мың сан құпиясы

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Электр жарығы сөніп қалса біз қараңғы бөлмеде көр соқырға айналып, сыйпаланып қаламыз. Көзімізбен айналамыздағыны ғана көріп, алыста не болып жатқанынан бейхабар боламыз. Ал жиырма-отыз шақырым жердегі айқау-шуды құлағымызбен ести аламыз ба? Жоқ. Осындай көз, құлақ сияқты қабылет-қарымы шектеулі сезім мүшелері арқылы мына әлемді толық танып, білеміз деу ақылсыздық болатыны анық.

Үшінші көз деген не

Ресейлік Лариса Гуляева деген жас блогер қыздың ютубке салған біраз виеоларын көрдім. Айтуынша,  сәбіи кезінде қатты ауырып, біраз бейнет тартыпты. Тіпті, оның жазылып, аман қалуына ата-анасы да күмәнді болған. Мектепте оқып жүрген кезінде басқа адамдар көре алмайтын жайларды көріп, сезіп жүретін ол көп қолайсыз жайларға тап болады. Оны тіпті, ақыл-есінен айрылған деп психикалық ауруханаға жатқызбақ та болады.

Өмірде көп қиындық көрген ол бүгінде деревняда тұрады және өзінің қасиетін зерттеп, одан әрі дамытуға жете көңіл бөлетін болған. Ол қандай қасиет, енді соған кеңірек тоқтала кетейік. Лариса Гуляеваның айтуынша, оның санасы екіге жарылған. Бір санасы шексіз әлемдік деңгейдегі өлшемде болса, екіншісі тәніне шоғырланған кішкентай сана. Бұл екі сана бір-бірімен сыйыспай ол түрлі қиын жағдайларда қалып жатады екен.

Мәселен, жүріп келе жатып кенет шексіз сананың ықпалына түсіп, өз тәнін сыртай көреді. «Тәнім кәдімгі жансыз қуыршақ сияқты көрінеді. Сана тек бас бөлігінде бар да, денемді мүлдем сезінбеймін. Көшедегі адамдардың бәрі де маған жансыз қуыршақ сияқты көрінеді» дейді ол.

Аспандағы бұлт арасынан түрлі тіршілік иелерін көріп, үнемі бақылап жүретін Лариса осы жайға арнап арнайы видео түсіріпті. Жәй күндерде көрінетін көкте қалқып жүретін бұлттардың арасындағы ақшыл түсті сәулелі ақжолақтар оның айтуынша көк тұрғындарының жүріп-тұруына қажетті кеңістік екен. Ол бұлт арасында жүретін үш түрлі тіршілік иелері туралы айтады. Олардың екеуі алып адамдар болса, үшіншісі кішкентай бойлы ергежейлі кейіптес тіршілік иелері.

Параллель әлемдер

Сонау 1990-шы жылдардың ортасында Атбасар қаласында Ырысты Жексембекова деген бір халық емшісімен кездесіп, сөйлескенім бар. Оның да үшінші көзі ашылған, яғни жұрт көрмейтін нәрселерді көріп, ести алады. Ырысты апамыздың айтуынша, Айда да, Күнде де тіршілік бар. Айдың жиегі созыла түсіп, атқа мінген қыз-жігіттерді көремін дейтін ол.

Ырысты апай Жалтыр деген стансада тұрды. Атбасарға келіп, адамдарды емдейтін. Сол тұста «Атбасар» қонақүйінен бөлме алып тұрып жүрді. Кейде онымен бірге күйеуі де келеді. Бірде күйеуі маған мынадай әңгіме айтты. Нөмірге кірген соң Ырысты керуеттің астынан әлденелерді қуып жатыр. Көзге көрініп тұрған ештеңе жоқ. Не болып қалды десем, жын-шәйтандар ойнақ салып жүр дейді.

Сөйтсе, жағдай былай болыпты. Апайдың өзі айтады: бөлмеге кірсек, керуеттің үстінде шаштары жалбыраған кішкентай балалар сияқты бір пәлелер карта ойнап отыр. Кет деп қусам, керуеттің астына барып тығылды. Одан да қуып шықтым.

Ырысты апай айтады: кейде көшеде келе жатқанда кәдімгі адам кім, адам бейнесіне енген жын-перілер кім, соны ажырата алмайтын кездерім болады. Көшеде адам бейнесіне енген жын-перілер қаптап жүреді. Апай айтатын, аяғыңды айқастырып отырма деп. Өйткені, ер адам аяқтарын айқастырып отырса, әйел бейнесіндегі жын-перілер алдына келіп отырып алады екен.

Бізге беймәлім әлемдер

Орыстың атақты ақыны Брюсовтың мынадай өлеңі бар:

Кім біледі негіз жоқ дәлел қылар,

Әрбір атом жүздеген планеталы,

Өз бетінше бүтін бір әлем шығар…

Өзгерткені болмаса мәнін ауқым,

Мұндағыдай онда да бәрі бәлкім.

Көлем кіші болғанмен шексіз түбі,

Біздің әлем тәрізді олардың да,

Болар бәлкім өзіндік шексіздігі…

Иә, біз өзіміздің свет сөніп қалса көрсоқырға айналатын белгілі бір өлшемде ғана көре алатын толымсыз көзімізбен, алыстағыны ести алмайтын толымсыз құлағымызбен мына шексіз-шетсіз әлемді толық таный аламыз ба? Ол мүмін де  емес.

Ал бойларында тылсым қасиеттері бар Лариса Гуляева, Ырысты Жексембекова сияқты жандар аз емес. Олардың бәрін психикалық ауру деп қарасақ, өзіміз ақиқаттан алыс кететініміз анық. Жалпы, мына шексіз әлемнің құпиясын бүгінгі шектеулі ғылым ешқашан да толық тани алмақ емес. Сондықтан, ғылым айтты соның бәрі ақиқат деп қабылдау жөн болмайды.

 

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика