Трамп өз криптовалютасын шығарды

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

«РБК Крипто» ақпарат порталының мәліметінше, АҚШ президенті қызметіне таяуда ғана кіріскен Дональд Трамп өз криптовалютасын шығарған. Ол журналистермен өткен баспасөз мәслихатында  TRUMP деп аталатын токенді жасауға қатысқанын мәлімдеді. Жаңа криптовалюта ол қызметке кірісерден екі күн бұрын – 18 қаңтарда криптобиржаға саудаға шығарылыпты.

Түрлі ақпарат көздерінің хабарлауынша, жаңа криптовалютаға деген қызығушылық алғашқы сәттен басталып, бірнеше күннің ішінде ғана мемкоиннің капитализациясы 25 млрд долларға жеткен. Онда президенттің қаншалықты үлесі барлығы белгісіз, бірақ жаңа токен оған қыруар пайда әкелгені анық. Бүгінгі күні әлемде 3 мыңнан астам криптовалюта бар екен, бірақ та бағасы шарықтап өсіп жатқан токендердің саны оншалықты көп емес.  АҚШ президентінің қатысуымен шығарылған криптовалютаға деген қызығушылықтың көп болуына оның қазіргі қызмет бабы мен саясаттағы орны әсер еткені даусыз. АҚШ президентінің өз криптовалютасын шығаруы соңғы жылдарда шарықтап өсіп бара жатқан криптовалютаның құнының одан әрі шарықтауына ықпал етеді дейді сарапшылар.

Қолданыстағы ақша сияқты алтынмен бекітілмеген және мемлекеттік экономиканың деңгейіне байланған ұлттық валюталардан криптовалютаның ерекшелігі, ол орталықтанбаған және ешқандай банк жүйесіне байланбаған. Криптовалютаны алғашқы кезде жеке тұлғалар жасағанымен, көп ұзамай ол бір адамның меншігінен шығып, қалың көпшіліктің меншігіне айналады және оның нықты бір қожайыны жоқ. Криптовалюта нарығын орталықтанбаған банк жүйесі деп текке атап жүрмеген сияқты. Криптовалютаны кез келген адам сатып алып, оның иесі бола алады және банк жүйесіне байланбағандықтан, криптовалютамен есеп айырысу шектеусіз және жеңіл жүзеге асады. Әлемнің кез-келген түкпірінен мыңдаған шақырым жердегі адамға қас қағым сәтте қомақты ақшаны аударуға болады және ұсталатын комиссия мөлшері де өте аз. Бұның өзі криптовалютаны халықаралық айырбас құралына айналдырып, оған деген қызығушылықты уақыт өткен сайын өсіруде.

Алғашқы кезде үрке қараған жұрттың соңғы кезде криптовалютаға деген ынтасы күшейе түскені байқалады. Әлемнің көптеген елдері криптовалютаны өз елдерінің аумағында айналымға салуға ресми рұқсат берді. Қазіргі күні Қазақстан аумағында Binance,  Bybit  сияқты криптобиржалар ресми тіркеліп, жұмыс жасайды. Шетелдердегі сияқты бізде криптовалютаға жылжымайтын және жылжитын мүлік сатып жатқан ешкім жоқ әзірге, дегенмен де оған деген қызығушылық уақыт өткен сайын өсіп келеді.

Таяуда әлеуметтік желіге бір қазақстандық криптовалюта картасы арқылы дүкеннен зат сатып алуға болатыны туралы видео түсіріп, салды. Яғни, кәдімгі теңге картасы сияқты криптовалюта картасы арқылды да дүкендерден түрлі заттар сатып алуға болады деген сөз.

Соңғы 1,5 жылдың ішінде биткоин бағасы 10 еседей өсіпті, процентке шаққанда 1000 процент деңгейінде. Егер осыдан бір жарым жыл бұрын сіз 10 мың долларға биткоин сатып алған болсаңыз, қазір оны 100 мың долларға сатар едіңіз. Бағасы бұлайша шарықтап өсетін ешқандай құнды қағаз немесе басқа бағалы мүлік жоқ. Криптовалютаның осындай қасиеті адамдардың жыл өткен сайын бұл жаңа ақша құралына деген қызығушылығын барынша арттыруда.

АҚШ президентінің криптовалютаға қызығушылығы болашақта әлемнің ең бай мемлекетінде криптовалютаны қолдану аясын барынша кеңейтуге ықпал етеді деген ойға жетелейді. Егер АҚШ мемлекеті криптовалютаны ұлттық валютамен қатар қолдануға ресми рұқсат етсе, онда бағасы күн санап өсіп бара жатқан криптовалютаның құны шарықтап кетері анық. Қазірдің өзінде кейбір сарапшылар биткоин бағамы млн долларға жетеді дегенді айтып жатыр. Егер криптовалюта бағамы осылай өсе берсе және оны қолдану аясы кеңісе, күндердің күнінде криптовалютаның ұлттық валюталарды қолданыстан ығыстырып шығаруы әбден мүмкін. Бүгінгі цифрлы технологиямен қатар дамып келе жатқан криптовалюта нарығы қазірдің өзінде көп елдерде ұлттық валютаны ауыстыратын ақша құралына айналып үлгірді.

Заман ағымын түсініп, соған жедел бейімделе алған адам әрқашан ұтады. Сондықтан, қазіргі алмағайып заманда ертеңгі күнін ойлайтын әрбір жан ақша нарығында елеулі орын алып үлгірген криптовалюта туралы ақпарат алып, оны пайдалануға талпынғаны жөн. Милиардер бизнесмен, АҚШ президенті Дональды Трамптың өз криптовалютасын шығаруы осындай ойларға жетелейді.

Қалкөз Жүсіп.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама

"Ақиқат" сайтының Кітап дүкенінен әдеби, танымдық қызықты кітаптар ала аласыз. Ол кітаптардан сіз көптеген пайдалы ақпараттар тауып, оны нақты өмір тәжірибеңізге қолдануыңызға болады. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз: https://akikat01.com/kitap-d%d2%afkeni/

Яндекс.Метрика