Христиан дінінің қаратүнек ғасыры

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

тамұқ«Біреу оң жағыңнан ұрса, сол жағыңды тос», «жақсылық жасаған адамды ғана емес, жамандық жасаған адамды да сүй» деп үйрететін Иса пайғамбардың ілімін ұстанушылардың христиан дінін орта ғасырларда қаншалықты бұрмалап, өзгерткендігіне назар аударсақ, бұны жасаған екі аяқты адам деп аталатын пенде емес, Алланың қарғысына ұшыраған қасиетті кітапта айтылған ібіліс екендігіне көзің жете түскендей болады.

Иса пайғамбардың шәкірттері алыс елдерге барып, бастарын бәйгеге тігіп, ұстаздарының ілімін таратты. Алдымен жаңа дінді римдік ақсүйектерден қорлық көрген қарапайым халық қабылдады. Жаңа діннің кең жайылуынан шошынған император Мирон христиандарды аяусыз жазалап, қуғын-сүргінге ұшыратты. Тіпті, оларды халық алдында амфитеатрларда жабайы аңдарға талатып өлтірген кездері де болған. Соған қарамастан, христиан діні Рим империясының ішінде кең тарала берді. Алғашқы христиандар Иса пайғамбардың шынайы ілімін игерген, жүректерінде Аллаға деген сенімі зор болды. Император Константиннің кезінде 3 ғасырда үлкен собор шақырылып, сонда императордың ұсыныстарымен өзгерітіліп, бұрмаланған христиан дінінің жаңа нұсқасы қабылданды және ол Рим империясының ресми дініне айналды. Міне, осы кезден бастап діндегі бұрмалаушылық белең алып, орта ғасырларда ол шарықтау шегіне жетті.

Батыс Еуропа елдерінің корольдері мен императорларын өз жарлығымен тағайындау құқығына ие Рим папалары орта ғасырларда шын мәніндегі Батыс елдерінің қожайынына айналған еді. Шіркеудің қолында орасан зор жер иелігі болды. Әбден байыған және шарап пен зинаға белшеден батып, азғындықтың құрдымына құлаған шіркеу қызметкерлері халықты үрей мен қорқынышта ұстау үшін небір сұмдықтарды ойлап тапты. Шіркеу қызметкерлерінен тұратын инквизиция соты еш тергеусіз, тексерусіз көрінген адамды,  әсіресе әйелдерді сыйқыршы немесе діннен безген деп жариялап, өлім жазасына кесуге құқылы болды. Әдетте сыйқыршы деп танылған әйелдерді тірілей өртейтін. Орта ғасырларда миллиондаған адамдар инквизиция сотының құрбанына айналып, жазықсыз өлтірілді.

Рим папасы өз билігін нығайту үшін өзіне бағынбайтындарды діннен безгендер деп жариялап, оларды қуғынға ұшыратты. Мысалы, «Ворфолемей түні» атанған Париждегі орта ғасырдардағы оқиға кезінде бір түнде католиктер 30 мыңдай гугенотты, яғни Рим папасына бағынбайтын христиандарды қырып-жойды. Өлгендер де, өлтіргендер де француздар және христиандар еді. Ал, Иса пайғамбардың табытын кәпірлерден азат етеміз деген желеумен қасиетті жерге жорыққа аттанған крестшілер елді тонап, пайда табуды ғана көздеді. Соңғы крест жорығы кезінде 12 ғасырда крестшілер Иерусалимге бара жатқан жолда православие дінін ұстанатын христиан гректер тұратын Константинополь (қазіргі Стамбул) қаласын тонап, тас-талқанын шығарды. Олар қарусыз халықты тонап, өлтіріп, қыз-келіншектерді зорлады. Қасиетті жерге қасиетті соғысқа аттанып барамыз деген крестші христиандар өздері сияқты христиандарды аяусыз тонап, өлтіргенге еш шімірікпеді.

Христиан дініндегі осындай бұрмалаушылықтардың әбден етек алғаны сонша, 14-15 ғасырларда Батыстың бірқатар елдерінде діни реформаторлар шықты. Лютер, Кальвин сияқты діни ғұламалар өздерінің діни ағымдарын жасап, өзге христиан қауымынан бөлініп шықты. Лютерандар, кальвиншілер деген христиан ағымдары әлі күнге дейін өмір сүреді. Ашкөздікке салынған шіркеу жерді басып алып, иемдену үшін небір сұмдық айла-шарғыларға барды. Осыған орай, шіркеу ең бай және ең ірі жер иеленушіге айналды. Тамақ пен ұйқыны, шарап ішіп, зина жасауды ғана білетін жардай болып семірген дін қызметкерлері кітап оқымайтын, дін ілімін жетілдіру  түгілі, діни шарттарды дұрыс білмейтін шала сауатты болды.

Орта ғасырлардағы христиан шіркеуінің ойлап тапқан ақылға сиымсыз тағы бір жаңалығы – индульгенция деп аталатын ақтау қағаздарын сату болды. Шіркеудің мөрі басылған, латын тілінде «сіздің жасаған бар күнәларыңыз кешірілді» деген жазуы бар қағазды сатып алсаңыз болғаны, қандай күнәні болсын қорықпай жасай беруге болады-мыс. Әлгіндей қағазды сатып алыңыз да, зина жасаңыз, адам өлтіріңіз – бірақ бар күнәңіз кешіріліп, жұмаққа барады екенсіз. Сорақылығы сол, шіркеудің осындай есуас әрекетіне сеніп, индульгенцияны қаптап сатып алатындар аз болмапты. Индульгенция саудасы шіркеу үшін табыс табудың ең тамаша түрі болып саналды.

Орта ғасырлардағы христиан шіркеуінің осылайша шектен шыққан теріс әрекеттерінің нәтижесі – халықты одан бездіріп, абырой-беделін жоғалту болды. Осыны пайдаланган Батыс елдерінің монархтары Рим папасы мен шіркеуге бағынудан бас тартты. Шіркеудің беделі ақырындап кеміп, енді ол биліктің қолындағы ойыншық құралға айналды. Діннің абырой-беделінің азаюы материалистік түсінікке негізделген ғылымның алдыңғы орынға шығуына ықпалын тигізді. Осылайша, бір кезде биліктен де, халықтан да жоғары тұрған христиан діні орта ғасырларыдң соңында билік пен ғылымның көлеңкесінде көміліп қалды.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика