Жұмыссыздық тауқыметін тартпаймын десеңіз

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

сурет1Барша әлемді қамтыған экономикалық дағдарыс Қазақстанға да жетті. Төл валюта — теңгеміздің құнсыздануы адамдардың тұрмыс деңгейінің төмендеуіне үлкен әсерін тигізуде. Сарапшылардың дерегіне қарағанда жыл соңына дейін жеке меншік кәсіпорындарда жұмыс жасайтын 4,5 мың адам қысқартылмақ. Яғни, болашақта жұмыссыздық деп аталатын кесапаттың көп адамдарға қиындық әкелетін түрі бар.

Интернетте жұмыс көп

Бір жылдан бері жұмыссыз үйінде отырған бір танысым барлық жерде қысқарту жүріп, жұмыс табудың мүлдем қиындап кеткенін айтты. Әсіресе, жасы ұлғайған адамдар үшін жұмыссыз қалудың үлкен қиындық әкелетіні даусыз. Мұндай жағдайда не істеу қажет?

Өз компаниясын құрып бүгінде миллионерге айналған Дэвид Вуд деген американдықтың өз өмірі жайында түсірілген видеосын көрдім. Ол жұмыссыздықтың зардабын тартып, әбден титықтайды. Баспанасы жоқ болғандықтан, ескі машинасында түнеп жүріпті. Содан бір күні әбден ашынған Вуд қиындықтан құтылудың жолын ойлайды. «Іздеген жетер мұратқа» дегендей, ол тауқыметтен құтылудың амалы өз блогын ашып, ғаламтор арқылы сауда жасау деп түйеді.

Осылайша интернетпен жұмыс жасауды қолға алған оның жолы болып, жақсы табыс таба бастайды. Қазір ол өзі құрған компанияның қожасы емес, кәдімгі жұрт қатарлы қызметкері сияқты жұмыс жасайды. Оның айлық табысы 350 мың долларға жеткен.

Дэвид Вудтың айтуынша, интернет арқылы табыс табудың ерекшелігі сол, мұнда сіз ешқашан жұмыссыз қаламын деп қорықпайсыз. Өйткені, бір компания жабылып жатса, ондаған компаниялар ашылады. Сіз интернеттен шекесінен шертіп жүріп таңдаған компанияңызға тіркеліп, табыс таба аласыз.

Ғаламтор арқылы табыс табудың жолдары

Интернет арқылы табыс табудың түрі өте көп. Дегенмен, ең кең тараған түрлерінің қатарында: сайт арқылы ақша табу, желілі маркетинг, форекс, әріптестік бағдарламаларға қатысу, өз ақпарат тауарларыңды шығарып сату, фрилансер (тапсырыс арқылы сайт, баннер, басқа да нәрселер жасау), бейнероликтер жасау сияқты табыс түрлерін атауға болады.

Интернеттен табыс табу үшін сіз жоғарыда аталған табыс көздері арасынан өзіңіз қалаған біреуін немесе бірнешеуін таңдап алып, сол саланың білікті маманы деңгейіне жетуіңіз қажет. Міне, содан кейін ешкімге тәуелді болмай жақсы табыс табатын боласыз және ешқашан жұмыссыз қаламын деп қорықпайсыз. Өйткені интернетте жұмыс көп.

Интернетте жоғары сұранысқа ие мамандықтарды қалай игеруге болады? Ол қиын емес. Ғаламтордың іздеу терезесі арқылы кілтті сөздермен қажет мамандығыңыз туралы ақпарат іздесеңіз, жүздеген сайттар шығады. Оларда бұл мамандықты қайдан оқып, қалай алуға болатыны туралы толымды ақпараттар бар және тіпті сізді сондай оқуларға шақырып, тегін оқыту жайында ұсыныстар да көп кездеседі. Міне, сондай оқу курстарынан оқып, қажет мамандықты оңай игере аласыз. Ал ондай мамандықтар сізге жақсы табыс түсіріп қана қоймай, ешкімге тәуелсіз тірлік кешуіңізге жағдай жасайды.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика