Жаңа премьер жарылқай ма?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

ақиқатӘлеуметтік желілерде Мәсімов кетіп, орнына Сағынтаевтың тағайындалуына байланысты түрлі пікірлер көп жазылуда. Олардың дені Сағынтаев өзгеріс әкеледі, жағдайымыз жақсарады деген үмітте. Қазақ «үмітсіз сайтан ғана» дейді ғой. Тірі адам үшін үміт деген қажет. Десек те, үміт жалған болмауы, әлденеге негізделген, яғни іске асу мүмкіндігі бар үміт болғаны жөн.

Жалғандық жайлаған әлем

Өз басым осы өмірімде біраз патшалардың реформаларын көріп, куәсі болдым. Бала кезімде Хнушевтың одақты түгел жүгері алқабына айналдырғанын, жүгерінің сары нанын жегенім есімде. Содан кейін Брежнев көкеміз ауыл шаруашылығын, жалпы экономиканы қарыштата дамытуға кірісті. Оның нәтижесі қалай болғаны тарихтан белгілі.

Горбачевтың қайту құруы өмірімізді күрт өзгертеді деп үміттенген едік, бірақ керісінше дүкендер жылан жалағандай босап қалды және ол КСРО сияқты алып державаның түбіне жетіп тынды. Қазір міне, Назарбаевтың «Қазақстан-2030», «Қазақстан-2050» деген реформаларын көріп жүрміз. Оның нәтижесін өздеріңіз күнде көріп, куәсі болып жатырсыздар. Ал енді айтыңыздаршы, не өзгерді?

Осыдан 2,5 мың жыл бұрын Афиныда өмір сүрген Солон деген саясаткер дәл қазіргі саясаткерлер сияқты әлеуметтік жағдайды жақсарту, халықтың тұрмысын көтеру, азаматтардың бостандықтарын арттыру сияқты реформаларды жасаған екен. Содан кейінгі мыңжылдықтарда мыңдаған саясаткерлер өз реформаларын жасады. Бірақ ештеңе өзгерген жоқ. Адамдар 2,5 мың жыл бұрынғыдай әлі де бай-кедей болып қалды, парақорлық, әдлілетсіздік, зомбылық, қылмыс, ұрлық, жалғандық, т.б. сақталуда. Қоғамды өзгертуге қауқарсыз мұндай реформалардың сонда қажеті қанша?

Бәріне қоғамы кінәлі?..

Біз қазір ақша билеген, бәрін ақшамен өлшейтін  НАРЫҚ деп аталатын қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Бұндай қоғамда қандай саясаткер, болмасын оны өзгертуге ЕШ ҚАУҚАР ЖАСАЙ АЛМАЙДЫ. Бұл – АҚИҚАТ. Осы кезге дейін Қазақстанда 8 премьер-министр қызмет атқарыпты. Олар ештеңе өзгерте алмады. Енді 9-шы премьер қарық қылады деу – АҚЫЛСЫЗДЫҚ. Премьер де, президент те қоғамды түзей алмайды. НАРЫҚ билеген, яғни АҚШАҒА табынған қоғамда әділдік те, теңдік те, тазалық та, жомарттық та болуы мүмкін емес. Сондықтан, жалған үмітке алданып, жағдай түзелер деп болашақтан бақыт күтудің жөні де, негізі де жоқ.

Сонда не істеу керек? Ең дұрысы: әр адам өзі бақытын өзі жасауы қажет. Аянбай еңбек теніңіз, тапқан ақшаңызды ұқыпты пайдаланыңыз, ертеңгі күнді ойлап, болашақ үшін тер төгіңіз, Алланы естен шығармай имандылықты серік етіңіз. Сонда Жаратқанның шапағатымен тұрмысыңыз түзеледі және ешкімге жамандық жасамай, жұртпен жақсы қатынаста болуыңыз себепті, бұл дүниеде бақытты тірлік  кешіп, бақи дүниеде де жақсылықтан үмітті бола аласыз. Бұл премьер ауысты, енді жағдай жақсарады деген сияқты ЖАЛҒАН ҮМІТ емес, ШЫНАЙЫ ҮМІТ.

Ұлы Абайдың айтқан: «Алладан берекет, адамнан әрекет» қағидасын берік ұстаныңыз. 58 жыл өмірімде менің көрген-түйген жалғыз АҚИҚАТЫМ – осы. Сізге бұны тегін сыйлаймын. Алыңыз, пайдаланыңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика