Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:
Адамдардың басым көпшілігі жалған үмітке алданып, уақыттарын босқа өткізеді. Өйткені жалған үміт адамды әрекетсіздікке, қорқыныш пен үмітсіздікке бой алдырып, қиындықтан қашуға мәжбүрлейді. Мыныдай ақиқатты ешкім де теріске шығара алмайды: кез-келген мақсатқа, нәтижеге жету үшін міндетті түрде нақты әрекет жасау қажет. Өмірдің айнымас заңы мынадай: нақты әрекет — нәтиже. Әрекетсіз нәтиже болмайды. Өкінішке орай, осы бір өмірдің айнымас заңын жалған үмітке алдан5ан пенде қаперіне алмайды.
Адамдар неге жалған үмітке алданады? Оның астарында адамның бойындағы бойкүйездік, жалқаулық, жайбасарлық, жігерсіздік сияқты табиғи қасиеттермен бірге, адам санасына әсерін тигізетін теріс құбылыстарды да бар. Ал ондай теріс көзқарас пен жаман ойлар адамның санасына өздігінен келе салмайды. Құранда “аса алдаушы” деп аталған сайтан деген адамдарды алдап, теріс жолға салатын мақұлықтың бар екенін айғақтайтын жайлар өмірде аз кездеспейді. Құранда сайтанның адамдарға берер жалғыз игілігі жалған уәдемен алдау екендігі анық айтылған. Сайтан адамның санасына қалай әсер етеді?
Ой деген — бұл энергия. Энергия болғанда көзге көрінбейтін өте нәзік энергия. Десе де, қазіргі ғылым адам ойын өлшейтін арнайы құрылға жасап шығарды. Сол құрылғының көмегімен адамның қандай ой ойлайтынын білуге болады екен. Не ойлағанын толық білуге болмаса да, жағымды, не болмаса жағымсыз ойлар ойлағанын айқындауға болады. Адамның тәнінің ішінде болатын ақыл элементінен құралған астральдық нәзік тәнде энергетикалық каналдар бар. Ой аталатын қуат сол нәзік астральдық тән арқылы адам санасына әсерін тигізеді. Астральдық тән — ойдың тұрғылықты мекені. Ой сонда пайда болып, сол арқылы адамға әсер етіп отырады. Топыраққа қарағанда нәзік от элементінен құралған сайтан нәсілінің өкілдері адамның астральдық тәні арқылы не ойлап отырғанын көріп, біліп тұрады. Жәй бақылап қана қоймай, олар адам санасына оның ойына жақын жаман лас ойларды бағыттап, оны сол арқылы теріске жолға азғырады.
“Секрет” фильмнінің авторлары адам ойын екі топқа жіктейді: жағымды және жағымсыз ой. Жағымсыз ой адамды үмітсіздікке, өзіне деген сенімнен айрылып, құрдымға құлауға итермелейді. Ол жағымсыз ойлар: өзінің қол жеткен жетістіктері туралы емес, керісінше үнемі қол жетпеген арман-мақсаттары жайында ойлап, соған жете алмағанына күйзелуге, ақырсынды үмітсіздікке салынып, өзіне деген сенімнен, ерік-жігерінен айрылуға итермелейді. Сондай-ақ, әрдайым өзін айналасындағылармен салысырып, олар жеткен жетістікке мен жете алмадым деген сарыуайымға салынуға мәжбүрлейді. Осылайша үнемі түрлі жағымсыз ойларға беріліп, көңілі құлазыған пенде стресс, депрессия аталатын дерттерге шалдығып, денсаулықтарынан айрылады.
“Секрет” фильмінің авторлары күн сайын жағымды ойларға назар аудару жаттығуыларын жасау арқылы адам санасын, содан кейін өмірін қалай өзгертуге болатыны жайында айтады. Ұшақтан құлап, аяқ-қолы жұмыс істемей, төсекке таңылған адам осындай шарасыз және үмітсіз халден ой арқылы құтылып шығады. Аяқ-қолы қозғалмайтын болып, төсекке таңылған ол тіпті, өз бетінше тыныс та ала алмайды. Оны жасанды тыныс алдыру аппаратына қосады. Осынадй шарасыз халде жатқан адам ойша дертінен жарты жылда толықтай жазылып, ауруханадан өз аяғымен шығатынына өзін сендіреді. Осылайша ойын жақсы жетістікке бағыттап, күндіз-түні соны ойлаған әлгі адам шынында да жарты жылдан соң өз аяғымен ауруханадан шығады. Иә, өмірден мұндай жайларды көптеп кездестіруге болады. Ой, сөз, нақты әрекет арқылы арман-мақсатына жеткен адамдар аз емес. Яғни, ол адамдар жалған үмітке алданып, әрекетсіздікке бой ұрмай, арман-мақсатына жету үшін нақты әрекеттер жасаған және сол арқылы мақсаттарына жеткен.
Мына жайға назар аударып, ақыл таразысына салып көріңіз: егер сіз еш әрекет жасамай, диванда жатып алып арман-қиялға берілсеңіз және ол армандарыңыз ғайыптың күшімен орындалып кетер деп үміттенсеңіз, бұл қарапайым тілмен айтқанда АҚЫМАҚТЫҚ болады. Онда сіз диванда мыңдаған жыл жатып, арманға берілсеңіз де еш нәтижеге жете алмайсыз. Ал мақсатыңызға жету үшін нақты әрекеттер жасасаңыз, онда арманым орындалар деген үмітке иек артуыңызға болады. Ол — шынайы үміт және ерте ме, кеш пе орындалады.
Өкініштісі сол, адамдардың басым көпшілігі жалған үмітке бой алдырып, еш әрекет жасамай, ғайыптан келген бақ құсы басыма қонып, игілікке қолым жетер деген бос үмітпен өмірлерін босқа өткізеді. Ал шынайы үмітті серік еткендер ерте ме, кеш пе армандарына жетіп, игілікке ие болады.
